Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Жер көлемі – 30319 мың км2.

Шеткі нүктелері: солтүстікте – Эль – Абьяд мүйісі, оңтүстікте – Игольный мүйісі, шығыста – Рас – Хафун мүйісі, батыста – Альмади мүйісі.

Ең ұзын өзендері (м):

Ніл (Кагера өзенімен) – 6671,

Конго – 4320,

Нигер – 4160,

Замбези – 2660.

Ең ірі көлдері (км2):

Виктория – 68000,

Танганьика – 34000,

Ньяса – 30800,

Чад – 16600.

Ең биік сарқырамалары (м):

Тугела – 933,

Каламбо – 427,

Ауграбис – 146,

Барантиери – 140.

Ең биік шындары (м):

Килиманджаро – 5895,

Кения – 5199,

Маргарита – 5109,

Рас – Дашан – 4623.

Ең төмен жері (м):

Ассаль көлі – 157.

Ең үлкен шөлдері (км2):

Сахара – 9100000,

Калахари – 260000,

Намиб – 135000.

Африка – оңтүстік жарты шар материгі. Африканы экватор дәл ортасынан кесіп өтеді. Екі тропик шеңберінің аралығына орналасқандықтан, материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді. Бастапқы меридиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің пішіні оңтүстікке қарай сүйірлене түседі. Африканың географиялық орнының аталған ерекшеліктері оның табиғатының оңтүстік жарты шар материктеріне ұқсамайтын өзіндік сипатын қалыптастырады. Африканы Еуропадан онша терең емес әрі енсіз Гибралтар бұғазы мен Жерорта теңізі бөліп тұр. Солтүстік – шығысында оны енсіз Суэц мойнағы Еуразия материгімен жалғастырады.

Солтүстік Африка мен Оңтүстік Еуропаның және Оңтүстік Азияның өсімдіктер және жануарлар дүниесінің зор ұқсастығы, олардың бір – біріне жақын орналасуына байланысты. Мұндай жақындық Солтүстік Африка халқының құрамына, оның мәдениетіне, тіліне әсер еткен. Африканы басқа материктен ұлан – байтақ мұхиттар бөліп тұрады.

Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстік Атлант мұхитына енетін жерін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км Гибралтар бұғазы жалғастыруда. Ал материктің шығысы мен оңтүстік – шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қойнаулар аз, ірі шығанақтары – Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі Сомали («Шығыс мүйіз») түбегі орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Қанар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды.

Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай. Атлант мұхитындағы суық және жылы ағыстар материк табиғатына түрліше әсер етеді. Мысалы, суық ағыстар өтетін тропиктік жағалық бөліктерде Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі тәрізді Батыс Сахара және Намиб жағалық шөлдері қалыптасқан. Ал жылы ағыс өтетін Гвинея шығанағы жағалауы Африкадағы ең ылғалды жер болып табылады.

Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарыкга орналасқан. Ол – Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теніздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз ту – бінде тұзды көлдердің болуы әсер етеді. Теңіз жағалауын – да маржандық құрылымдар (жылы, таяз теңіз суларын – да бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жәндіктер тобы) көп жинақталып, кеме қатынасына кедергі келтіретін маржаирифтерін қалыптастырады. Теңіз аты онда тіршілік ететін ұсақ балдырлардың қызыл қоңыр түсіне байланысты қойылған.

Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан, Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады. Африканың оңтүстік – шығысы Мозамбик және Мадагаскар жылы ағыстарының ықпалында болғандықтан, шығыс жағалауларда жауын – шашын біршама мол түседі.