Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Оңтүстік Американың тіршілік дүниесі өздерің танысқан солтүстік жарты шар материктерінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл оның, табиғатының ұзақ уақыт дара дамуымен байланысты. Солтүстік Америкаға материкгің оған құрлық арқылы жалғасқан солтүсгік бөлігінің табиғаты ғана ұқсайды. Оңтүстік Америкада географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес ормандар кең таралған. Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, саванналар мен сирек ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы. Анд тауларында биіктік белдеулер тараған.

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей – ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі жағынан жер шарында Амазония ормандарының теңдесі жоқ. Мұндағы қызыл сары ферралитті топырақтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. Орман іші өте ыстық әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді. Сельвастағы ағаштардың биіктігі 80 м – ге дейін жетеді, олар лианалармен тығыз шырмалған, агаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар да көп. Жарықты жапырағымен ұстап қалуына байланысты орман арасында жетіспегендіктен, шептесін өсімдіктер өспейді. Мұндағы ағаштардың аса бағалы түрлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмек құйрық маймылдар мен жалкау андардан, тапир мен опоссумнан, құмырсқа жегіш пен қан сорғыш жарқанаттардан, пекари шошкасы мен капибарадан (өңірі су шошқасы) және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тоты кұстар мен тукандар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай колибри құстары мекендейді. Бақалар мен бауырымен жорғалаушылардың да тіршілігі ағаш басында өтеді. Ұзындығы 12 м – ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан анаконда да кездеседі. Жәндіктер өте көп, олардың денелері үлкен және түрлі түсті. Кейбір жәндіктердің денесі жарқырауық болады.

Табиғаты әсем Амазония ормандары адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзгеруде. Сельвасты кесіп өтетін Трансамазония тас жолының салынуы елдер арасындағы жол қатынасы мен байланысты жақсартқанымен табиғат байлығының жойылуына және жануарлар тыныштығының бұзылуына әкеп соқты. Ғалымдардың болжамы бойынша, дәл осы қарқынымен орман ағаштарын кесе беретін болса, XXI ғасырда Амазонка ормандарының жойылып кетуі мүмкін.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы льянос және Бразилия саваннасы кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл қоңыр топыраққа ауысады. Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады: құрғақ кезенде шөптер құрғап, ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басында жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.

Солтүстік жарты шар саваннасы льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған. Олар өзен аңғарларында орман белдеулеріне ауысады. Ал оңтүстік жарты шар саваннасының ағаштары аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес, діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Бразилия таулы үстірті кактус өсімдігінің шыққан жері болып табылады. Әсіресе алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактустың екінші отаны» деп атайды. Бразилия таулы үстіртінің қуандау жерінде тікенекті бұталардың ерекше түрі өседі. Олардың арасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын кебрачо ағашы өседі.

Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан, саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы Ла – Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстік ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын – шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Ойпаттар мен өзен жағаларында қамысты батпақтар кездеседі. Батыс пен оңтүстікке қарай жауын – шашындарының азаюына байланысты өсімдігі тапшылау қуаң далаға ауысады. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Құнарлы қызғылт қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған ауданына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігіндегі Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей тұтасқан жамылғы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы сақталған. Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілермен қатар пампа бұғысы мен пампа мысығы, магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлардан гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта экватор маңында ылгалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30°о.е. дейінгі аралықта тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр. Осы табиғат зоналарының барлығы Анд тау жүйесінің өздері сәйкес келетін бөліктеріндегі биіктік белдеулеріне бастама болады.

Ал Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасуын Орталық Андының батыс беткейі мысалында карастырайық.

Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Мұнда ауа температурасы тәулік ішінде 25° – 30°С – қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды (гаруаны) қалыптастырады. Түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыр жемісті және түйнекті өсімдіктердін, ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мұхит суы тіршілікке бай болғандыісган, Атакама шөлінің жағалауы құс базарына айналады. Құс саңгырықтарынан қалындығы 30 м – ге дейін жететін, гуано деп аталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады. Бұл – Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі.

Батыс Кордильера жотасының 2500 м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан тұратын тікенекті ксерофитті бұталар белдеуіне айналады. Ал 3500 – 3900 м биіктікте жауын – шашын мөлшерінің көбеюіне байланысты биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік Раймонд пуйясы өседі. Пуна Орталық Андының таулы үстірттері арқылы Шығыс Кордильера жотасына ұласады. Бұл аймақ үндістердің жоғары дәрежеде дамыған ежелгі мемлекеттерінің орталығы болған. Бай мәдени мұраларымен адамзатты қазірге дейін таңдандыратын бұл өркениетті Андылық немесе Инктер өркениеті деп атайды. Пуна ежелден – ақ биік тау өңірінде егіншілік ауданы болып табылады. Қазірдің өзінде 3500 м биіктікте қартоп және астық дақылдары өсіріледі. Сондықтан Пунаның табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгеріске ұшырап, ойдым – ойдым өсімдіксіз жалаңаш жерлер қалыптасқан.

Анд тауларының жануарлар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі викунья және гуанако мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халықламаның екі түрін альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9 – 12 кг, ал қанаты жайыл – ғандағы ұзындығы 3 м – ге дейін жетеді. Таудың оңтүсті – гінде магеллан пингвині кездеседі.

Анд таулары мен оның солтүстігіндегі Орталық Кордильера тауларында қазіргі кезде дүние жүзіне тарап кеткен мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталығы орналасқан. Олар: картоп, тәтті картоп (батат), мақта, жүгері, үрме бұршақ, бұрыш, асқабақ, күнбагыс, қызанақ, темекі, какао Андының қайталанбас әсем табиғатын қорғау мақсатында қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олар ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілетін орталық болумен қатар, туристік мақсатта да пайдаланылады.