Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажратылады.Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан.Одан шығысқа қарайғы бөлікте жазықтар басым.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр.Платформалық бөлік ұзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілулерге ұшырап,кей бөліктері керісінше қатты майысқан.Майысып төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналу нәтижесінде тегіс жазықтарға айналған.Олардың қатарына аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты,Ла-Плата жазықтары жатады.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана,Бразилия таулы үстіртері орналасқан.Кейінгі көтерілулер нәтижесінде жарықтар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып,лавалық жамылғыларды қалыптастырған.Гвиана таулы үстіртінің орьалық бөлігінің, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығысыннң биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты.Жер қыртысының терең жарықтары арқылы таулы үстіртер жеке бөліктерге бөлінген,олар өзен аңғарларымен қатты тілімденіп,үгілу мен мүжілуге ұшраған.Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагания үстіртінеде тән .

Оңтүстік Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар Гран-Чако,Маморе ,Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән.Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап ,бірде түйісіп,тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Тау түйіндері сөнген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді.Батыс жарты шардың ең биік нүктесі –Аконкагуа осында орналасқан.Тау шыңдары сүйір болып келеді,олардың басын мәнгі қар мен мұздықтар алып жатыр.

Анд тауларының орталық бөлігіне тау аралық үстіртер тән болады,оларды жергілікті хал ық пуна деп атайды.Үстіртердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар,тұзды батпақтар алып жатыр.Анд тау жүиесі екі литосфералық түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады.Мұнда тау түзілу әлі де күшті жүріп жатыр,оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарықтардың болуыда дәлел болады.1970 жылы Перуде болған жер сілкінуде 70 мың адам қаза тауып ,600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.Мұндай апатты құбылыстар әрбір 10-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай.Шығыстағы таулы үстіртердің қойнауларында темір,марганец,уран кендері,никель ,алмаспен алтының ,алюминий шикі заты –бокситтің ,ал ойпаттарда мұнай,табиғи газ,тас көмірдің ірі кен орындары бар.Анд тауларында жарықтар бойымен магманың сыртқа төгілуінен пайда болған мыс ,қалайы,қорғасын,мырыш,күміс кен орындарымен асыл тастардың аса бай көздері кездеседі.Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940км-ге созылып жатыр.Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойы Еуропа елдерімен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келді.Қазіргі кезде материктің тәуелсіздік алған елдері табиғат байлықтарын экономиканы дамытумен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.