Жер көлемі – 18280000 км2.
Шеткі нүктелері:
солтүстікте – Гальинас мүйісі (12° 28′ с.е., 72° 35′ б.б.), оңтүстікте – Фроуэрд мүйісі (53° 55′ о.е., 71° 18’б.б.), батыста – Париньяс мүйісі (4° 45′ о.е., 81° 20′ б.б.), шығыста – Кабу – Бранку мүйісі (7° 9′ о.е., 34°4б’б.б.).
Ең биік нүктелері (м): Аконкагуа – 6960, Охос – дель – Саладо – 6880, Уаскаран – 6768, Ильямпу – 6485, Ильимани – 6462.
Ең биік жанартаулары (м): Тупунгато – 6800, Льюльяйльяко – 6723, Сан – Педро – 6154, Уальятири – 6060.
Ең ұзын өзендері (км):
Амазонка (Мараньон саласымен) – 6577,
Ла – Плато (Парана саласымен) – 4700,
Мадейра (Маморе саласымен) – 3320,
Токантинс – 2850,
Ориноко – 2730.
Ең ірі көлдері (км2):
Маракайбо – 13300,
Титикака – 8300,
Поопо – 3000.
Ең биік сарқырамалары (м):
Анхель – 1054 (еркін құлауы – 979 м),
Рорайма – 457,
Кайетур – 226,
Такендама – 137,
Паулу – Афонсу – 82,
Игуасу – 72.
Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:
Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен – Амазонка орналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км3, су жинау алабының 7 млн. км2 асады;
Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады;
Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м;
Материкте дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау – биәктәгә 6880 м болатын Охос-дель-Саладо жанартауы орналасқан;
Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк: жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр;
Материктегі аса ірі тау жүйесі – Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000 км-ден асатын Анд Солтүстік Америкаға Кордильераның жалғасы болып табылады;
Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320 км, ені 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы – Ла-Плата орналасқан;
Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Аконгагуаның биіктігі 6960 м, ал Валдес түбегінде материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40 м) орналасқан.
Географиялық орны.Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние болігін құрайды.Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық америкамен қосып,Латын Америкасы деп те атайды.Материк пішіні солтүстік жарты шардың Субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбұрышқа ұқсаиды.Ең енді жері 5 о.е бойына сәйкес келеді.Жағалаулары көпшілік бөлігінде тік жартысы,онша тілімденбеген болып келеді.Тек ірі жазықтар ұласып жататын жағалауларда ғана шағын шығанақтар орналасқан.Материк жағалауларына жақын маңда аралдар аз,тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі.Аралдардың ең ірісі –Магеллан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты Жер аралы.
Материк жағалауындағы мұхиттар.Материктің батысын Тынық мұхит,ал шығыс жағалауларын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр.Оңтүстік Америка жағалауларында материктік қайранң өте енсіз әсіресе Тынық мұхит Жағалауларында бірден терең Шұңғымалар басталады.Олар Тынық мұхит литосфералық тақтасының майысып,Оңтүстік Америка плитасының астынан енуінен қалыптасқан.Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.
Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхиттың материк табиғатына тигізетін әсері шектеулі болады.Материкттің экватордан солтүсттіке қарай жатқан бөлігінде жағалауға бағытталған жылы ағыстар жүиесі тау етектеріне мол ылғал әкеледі.Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перу суық ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады,осында атақты Атакама шөлі орналасқан.Әрбір 10-12 жылда Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде желдер бағытының өзгеруінен Перу суық ағысы жағалаудан ашық мұхитқа қарай ығысады.Соның нәтижесінде Эль-Ниньо жылы ағысы қалыптасады.Ол ағыстың әсері 18 айға дейін байқалып ,жағалаудың ауарайына үлкен өзгеріс әкеледі.Беткі су жылынып судағы оттегі мөлшері азаяды.Соның әсерінен планктонның өнімділігі төмендейді.Қорек азайғандықтан балықтар мұхиттың басқа бөліктеріне ығысады,құс базарыда сирейді.Жылы ағыстың әсерінен жылынып,әрі ылғалға қаныққанауа жағалауға нөсер жаңбырлар алып келеді.Уақытша пайда болатын тасқынды өзендер жағалаудағы қалың құс саңғырығы – гуаноны мұхитқа шайып алып келеді.Мол ылғал әсерінен өсімдік жамылғысы қаулап өседі. Эль-Ниньо жылы ағысының ықпалы әлсірегенен кейін Атакама шөліндегі табиғат жағдайлары бұрынғы қалпына келеді.
Оңтүстіктегі қоңыржай белдеудің жағалық батыс бөлігі батыс тасмалының ықпалында болатындықтан ылғал аса мол түседі.
Материк табиғатына Атлант мұхитынында әсері күшті:дүние жүзінде ең ылғалды материк болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін осы Атлант мұхитынан алады.Бұл материктің шығысында жер бедерінің бір шама аласа болуы мен және жағалау бойымен жылы ағыстардың күрделі жүйесі өтуімен байланысты.Тек қиыр оңтүстік шығысындағы Фолкленд суық ағысының ықпалында болатын Патагония жері құрғақ болып келеді.