Канада. Табиғат жағдайы. Халқы. Өнеркәсібі

Канада – Ұлыбритания бастаған Достық шеңберіндегі федерациялық мемлекет. Құрамына 12 провинция мен территория кіреді.

Табиғат жағдайы: ауданы 9976 км2. Минерал ресурстарының қорлары жөнінен дүние жүзінде көрнекті орын алады (сирек кездесетін түсті және асыл металдар, темір рудасы, уран, мұнай, табиғи газ, темір рудасы және т.б. минералдар). Жер мен суға, орман мен агроклиматтық ресурстарға бай.

Халқы. 30 млн адам, халықтар орналасу тығыздығы төмен. Халықтың 80% – ы оңтүстікте тұрады, халықтың ұдайы өсуінің 1 – типі. Урбандалу өте жоғары (77%).

Агломерациялары: Торонто, Монреаль. Халқының этностық құрамы иммиграцияға байланысты. Басым көпшілігін ағылшын канадалықтар мен француз канадалықтар құрайды. Үндістер мен эскимостардың саны өте аз.

Діні: протестанттықтар басым.

Өнеркәсібі. Елдің экономикалық дамуы АҚШ – тың экономикасымен тығыз байланысты болуында. Жетекші саласы – өндіру (мұнай, көмір, темір, түсті металдар, калий тұзы). Канада өндіруші өнеркәсіптің бүкіл өнімінің 80% – ын экспортқа шығарады. Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында машина жасау мен целлюлоза қағаз өнеркәсібі жетекші орын алады.

Ауыл шаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығы. Егіншіліктің жетекші салалары – дәнді дақылдар, бидай өсіру (20% – ы дүниежүзілік экспортқа шығарылады). Бау – бақша, картоп өсіру, балықаулау дамыған.

Көліктің Канада үшін ерекше маңызы бар. Мұнда оның барлық түрі дамыған, құбыр қатынасы ерекше дамыған. Ұлы көлдер мен Әулие Лаврентий өзенінің су жүйесі үлкен рөл атқарады. Теңіз және авиация көлігі де дамыған. Канаданың оңтүстігі үш экономикалық ауданға белінеді: орталық (өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп), далалық (дәнді дақылдар өсіру мен өндіруші өнеркәсіп), тынық мұхитгық (орман және ағаш өндеу өнеркәсібі). Елдің солтүстігіңде орасан мол табиғи ресурстардың игерілуі жүргізілуде.