Америка Құрама Штаттары. Табиғат жағдайы. Халқы. Өнеркәсібі

Мемлекеттік құрылысы. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) – 50 штаттан тұратын федерациялы республика.

Территориясы көлемі жағынан дүние жүзінің елдері ішінде 4 – орын алады. АҚШ құрамына 3 бөлік кіреді:

1) Негізгі территориясы (АҚШ – тың өзі) шығыстан батысқа қарай 4,7 мың км – ге, солтүстік пен оңтүстікке қарай 3 мың км – ге созылып жатқан үлкен төртбұрыш секілді;

2) Аляска;

3) Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.

Елде 4 ірі ауданды бөліп көрсетеді: Солтүстік – Шығыс, Орта Батыс, Оңтүстік, Батыс.

Табиғат жағдайы: ауданы 9529063 км2. Климаттық белдеулердің әр түрлілігі (жерортатеңіздік, қоңыржай, субтропиктік, полярлық) ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстары бүл елде өте мол (көмір, темір, мұнай, газ, мыс, боксит, қорғасын, күміс). Халықтың басым бөлігі орман шаруашылығымен айналысады.

Халқы 263 млн адам, халықтың тығыздығы 1 км2 – ге 2 – 400 адамға дейін (өзгеріп тұрады). Халықтың ұдайы есуінің 1 – типі.

Урбандалу деңгейі өте жоғары (76%), елдің көпшілігі ірі агломерацияларда тұрады. Мегаполистері: «Босваш» (Бостон – Вашингтон), «Чипист» (Чикаго – Питтсбург), «Сан – Сан» (Сан – Франциско, Сан – Диего). Иммиграция АҚШ халқы санына зор ықпал етеді.

Діні: протестанттар 40%, католиктер 21%.

Өнеркәсібі: дүниежүзілік экономикада АҚШ жетекші орын алады. Әсіресе өндірістік емес салада өзінің артықшылығын сақтап отыр.

Өнеркәсіптің жақсы дамыған жетекші салалары: машина жасау, қара металлургия. Отын өнеркәсіп кешені жақсы дамыған: мұнай (Техас, Аляска, Луизиана, Калифорния), көмір (Аппалач бассейні). ЖЭС, СЭС, АЭС – тар жақсы дамыған. Қара металлургия импорттық шикізатпен жұмыс істейді (Балтимор, Лос – Анджелес). Батыс штаттарда түсті металлургия базасы басты орын алады. Химия өнеркәсібі Мексика шығанағындағы мұнай, газ алабы шегінде қалыптасқан. Жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, қаржы, банк, сақтандыру салалары мен туризм өте жақсы дамыған. Еңбекке жарамды халықтың 1/3 бөлігі қызмет көрсету сферасында жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы. АҚШ – та белдеулер деп аталатын тұтас аудандардың айтарлықтай бір жақты мамандануы үшін нақты шарттар жасауда. Жүгері белдеуі (Орталық жазықтың солтүстігі), бидай белдеуі (Ұлы жазық), сүт белдеуі (солтүстік – шығыс), жайылымдық мал шаруашылық белдеуі (таулы штаттар) жақсы дамыған. Бау – бақша, жемістер мен көкөністер, жүзім өсірілуде. Калифорния да маманданған аудан болып отыр.

Көлік жүйесі өте жоғары дамыған. Сыртқы саудада теңіз жолы қамтамасыз етеді. Теміржол мен автомобиль жолдары ұзындығынан дүние жүзінде алда келеді. Жолаушы тасымалдау саласында әуе көлігі жиі пайдаланылады.