Солтүстік Америка табиағат зоналары

Солтүстік Америкада табиғат зоналары орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы солтүстігіндегі Еуразияга көбірек ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты.

Арктикалық шөл зонасы материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелағының мұздан бос жерлерін алып жатыр. Қысқа әрі суық жаз мезгілінде мұз бен қардан бос батпақты, тасты жерлерде сирек мүк пен қына өседі. Бұл зонада мұз дәуірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді. Қалың әрі ұзын, қара қоңыр жүні бұл жануарды суықтан жақсы қорғайды. Қойөгіз ерекше қорғауға алынып, Дуниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген.

Тундра зонасы материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтустігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Табиғат жағдайлары Еуразиядағы тундра зонасымен ұқсас. Солтүстік Американың тундра зонасына солтүстік бұғыларының айрықша түрі карибу тән. Тундра зонасы батысында Кордильераға қарай таулы тундраға, ал оңтүстігінде ағаштар араласып орманды тундраға, одан біртіндеп тайгаға ұласады.

Тайга зонасы Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. Топырағы күлгін Қылқан жапырақты ағаштардан қара және ақшырша, көгілдір шырша, бальзамды майқарағай, америка балқарағайы және қарағайлардың бірнеше түрі кездеседі. Жануарлардан қара аю (барибал), гризли аюы, Канада сілеусіні, Америка қаракүзені, бұлан, вапити бұғысы мекендейді, қорықтарда орман бизны сақталған.

Тайга зонасының жіңішке жолағы Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауында да кездеседі. Бұл ормандардың түрлік құрамы өте бай, құрамында мұз басуға дейінгі кезеңнен бері сақталған ағаш түрлері бар. Негізінен, биік ағаштардан тұратын мұндай ну орман жер шарының басқа ешбір жерінде кездеспейді. 1500 м биіктікте ормандар сиреп, таулы тундраға ауысады. Қылқан жапырақты ормандар 40° с.е. – тен оңүстікке қарай таулы субтропиктік ормандарға ұласады. Мұнда жасы 4 мың жылға дейін жеткен мәңгі жасыл секвойя, мамонт ағашы деп аталатын алып секвойя және қантты қарағат, мәңгі жасыл емендер өседі. Секвойя ағаштарын қорғау мақсатында арнайы ұлттық парктер ұйымдастырылған.

Аралас жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды ормандар материктің климаты анағұрлым ылғалды, жұмсақ болып келетін шығыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жагалауына дейін таралған. Аралас ормандарға орманның сұр топырағы, жалпақ жапырақты ормандарға орманның қоңыр топырағы, ал ауыспалы ылғалды ормандарға сары және қызыл топырақтар тән болады. Аралас ормандарда сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай басым өседі. Бұл ормандар Аппалач тауының биік бөліктерінде ғана сақталып қалған. Ауыспалы ылғалды ормандар субтропиктік белдеуде таралған. Мұнда қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін ағаштармен (шамшат, емен, магнолия, орман жаңғағы) аралас өседі. Құрғақ жерлерде қарагай мен ергежейлі сабаль пальмасы, өзен бойларындағы батпақтарда осы жерге ғана тән батпақ кипарисі таралған. Флорида түбегінің оңтүстігінде арнайы қорғауға алынған Эверглшдс батпағы орналасқан.

Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан меридиан бағытында орналасқан орманды дала, дала зоналарын қалыптастырады. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды прерий деп атайды. Прерий француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз. Прерийде жылу мен ылғал жеткілікті болғандықтан, қара және күрең топырақтарда биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, бозшалғын, бидайық, бизон шөбі және т.б. астық тұқымдасты өсімдіктер қалың болып өседі. Топырағы құнарлы болғандықтан, бұл зона түгелге жуық жыртылып, егістіктерге айналған. Сондықтан зонаның бизон, дала қасқыры (койот), түлкі сияқты жануарлары тек қорықтарда ғана сақталған.

Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Субтропиктік шөлдерде құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер суккуленттер көп таралған. Суккулент латыншадан аударғанда «шырынды» дегенді білдіреді. Мексика таулы щлраты суккуленттердің екінші отаны болып табылады. Олар бұл аймаққа Панама мойнағы арқылы Бразилиядан ауысқан.

Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында қызыл топырақты саванна және ылғалды мәңгі жасыл ормандар таралған. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы жөнінен Оңтүстік

Америкаға ұқсас. Ормандар, негізінен, пальмалардан тұрады, орхидеялар, агаш тәрізді папоротниктер кең таралған. Жануарлар дүниесі кең танаулы маймылдары мен ягуарлардан, сауыттылардан, әр түрлі әдемі құстардан, қан сорғыш жарқанаттардан, бауырымен жорғалаушылардан тұрады.