Солтүстік Америка өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Атлант мұхиты алабының басты өзені Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде «су атасы» дегенді білдіреді. Миссисипи жауын – шашын әр түрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде қайталанады. Мұндай
жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендерді су басып кетеді.
Миссури атауы үндіс тілінде «тұнбалы өзен» дегенді білдіреді, негізінде ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі.
Жазықтарда ағысы баяуланған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м – ге шығанақка қарай кеңейіп отырады.
Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электр станцияларында энергия алу үшін пайдаланылады. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.
Солтустік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердін, ең ірісі Макензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді.
Үндістер «үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен, негізінен, кар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи кектемнің аяғында жоғарғы ағысында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында, өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады. Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа ағынды өзендер жатады.
Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорада Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды, орасан зор Үлкен Каньон дүние жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.
Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен Алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды көл орналасқан. Әсіресе құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршактары қалыңдайды. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалық жарықтарында орналасқан Никарагуа және Манагуа көлдері бар.