Солтүстік Америка материгінің климаты

Климат белдеулері: арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық.

Әсер ететін ауа массалары: арктикалық, қоңыржай, тропиктік.

Ауа температурасы: қаңтарда – 40°С, шілдеде +36°С.

Жауын – шашынның ең көп түсетін жері – Кариб теңізі аралдары (2000 мм – ден жоғары), ең аз түсетін жері – Өлім аңғары (100 мм – ден кем).

Басым желдері: торнадо, ураган т.б.

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; солтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстіктегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігідегі жазықтардағы өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км – ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкелді : жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Отарлық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды да уылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың ағы мен күздің басында соғатын өте күшті, апатты дауылдар – долы (ураган)жиі болып тұрады. «ураган» майя тілінде «дауыл құдайы»дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа темперетурасы + 200 с болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерде + 80С – қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +300С-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстік-батысқа және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс Тынық мұхит жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады.

Материктегі климаттық көрсеткіштердің белдеу бойынша таралуын төмендегі тапсырмалар бойынша өз беттеріңмен оқып үйренесіңдер.