Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда орналасқан. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн км2
Солтүстік Америка материгі солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудегі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін кұрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. XX ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысындағы Тынық мұхитты жалғастыратын Панама каналы салынған.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жаткан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитпен жалғастырады.
Солтүстік Америка жағалаулары солтүстік пен шығыста күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзінде солтүстіктегі аралдар мен түбектердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.
Жер көлемі (аралдармен қоса) – 24247000 км2.
Аралдардың жер көлемі – 3890000 км2. Шеткі нүктелері: солтүстікте – Мёрчисон мүйісі (71° 50′ с.е., 94° 45′ б.б.), оңтүстікте – Марьято мүйісі (7° 12′ с.е., 80° 52′ б.б.), шығыста – Сент – Чарльз мүйісі (52° 24′ с.е., 55° 40′ б.б.), батыста – Принц Уэльский мүйісі (65°35’с.е., 168°00’б.б.).
Ең үлкен аралдары (км2):
Гренландия – 2176000,
Баффин жері аралдары – 476000,
Виктория – 213800,
Эльсмир – 203000,
Ньюфаундленд – 11 1000.
Ең биік нүктелері (м):
Мак – Кинли – 6193,
Логан – 6050,
Орисаба – 5700,
Әулие Илья – 5488,
Попокатепетль – 5452.
Еңұзын өзендері (км):
Миссисипи және Миссури мен Ред – Рок – 6420,
Макензи – 5472,
Әулие Лаврентий – 1200,
Рио – Гранде – 2870,
Юкон – 2897.
Ең ірі көлдері (км2):
Жоғарғы – 84200,
Гурон – 59600,
Мичиган – 58100,
Үлкен Аюлы – 30200,
Эри – 25700.
Табиғатының басты ерекшеліктері
- Дүние жүзіндегі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильер тауы, оның ұзындығы 9000 км – ге жуық, ең енді жері 1600 км – гетең.
- Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25 км – ге дейін жетеді.
- Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт – Мамонпи Аппалач тауының оңтүстік – шығысында орналасқан, ұзындығы 500 км.
- Дүние жүзіндегі ең үлкен Хабборт тау мұздығы Аляска жотасында орналасқан, оның ұзындығы 145 км.
- Дүниежүзілік мұхиттағы биіктігі 18 м – ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.
- Дүние жүзіндегі ірі мұздық – тектоникалық көлдер белдеуі Кордильер тауының солтүстік – шығысынан Аппалач тауларының етегіне дейін созылып жатыр.
- Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м – ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.
- Материкгің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңгары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.
- Материктегі ең ыстықжер – Өлім аңғары (+57°С), бұл солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура.
- Материктегі жылдық жауын – шашынның ең көп түсетін жері – Кордильер тауының солтүстік – батыс жағалауы, мұнда 6000 мм – ге дейін жауын – шашын түседі.
- Солтүстік Америкадағы жылдық жауын – шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ден кем.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы.
1492 жылы X. Колумб бастаған испан экспедициясы материктің оңтүстік жағалауын ашқанын білесіндер. Олардан кеп бұрын, X ғасырдың аяғында, Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстік – шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік – шығыс жағалауына дейін жеткен. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Нью – фаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнан Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (XVII ғасыр), Александер Макензи (XVII ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылар – дың кұрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп, игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауымен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Нортон шығанағын зерттеді.
XX ғасырдың басында норвег поляр зерттеушісі Руаль Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеу мен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан АҚШ пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысуы арқылы жүргізіледі.