Шығыс Еуропа елдері

Шығыс Еуропа аймағы Еуропаның едәуір көлемірек бөлігін алып жатыр. Бұл аймақта Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және Балқан түбегінің солтүстігіндегі елдер – Болгария, Югославия, Хорватия, Славения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания орналасқан. Бұрын кеңестер одағы құрамында болған Латвия, Литва, Эстония және Белорусь, Украина, Молдова елдері және Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігі осы аймаққа кіреді.

Бұл елдер Балтық және Жерорта теңіздерінің аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай тұтас алып түрінде созыла орналасқан. Табиғат жағдайларына қарай Шығыс Еуропа бірнеше ауданға бөлінеді.

Аймақтың солтүстігінде жатқан Балтық бойы елдері мен Польша, Чехия, Славакия, Венгрияда табиғат жағдайлары біртектес болып келеді. Чехия, Славакияда жер бедері таулы шығысында Карпат таулары орналасқан, ал венгрия Дунай бойындағы ойпаттыалып жатыр. Балтық бойындағы Мореналық жазықтардың биіктігі 50-200м-ден аспайды. Бұл ауданның климаты қоңыржай континетті. Жауын-шашын салыстырмалы түрде аз түседі, бірақ булану мөлшері аз болатын Балтық бойы елдері мен Польшаның солтүстігінде кең көлемде батпақты өңірлер тараған. Қыста қар жамылғысы екі-үш ай жатады. Жауын-шашын неғұрлым молырақ түсетін таулардан Эльба, Одер, висла және т.б. көптеген өзендер басталады. Венгрия жазықтарындағы пушта деп аталатын құнарлы қара топырақты өңір түгеоге жуық жыртыдған. Мұнда жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, суармалы егіншілік пен бау-бақша шаруашылығы дамыған. Орманды алқабы біршама сиреп, табиғи өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталған. Польшаның солтүстік-шығысында әйгілі Беловеж нуы орналасқан. Мұнда зубр мен басқа да орман жануарлары қорғауға алынған.

Бұл елдерде халық жиі қоныстанған. Польша, Чехия мен Славакияда славян халықтары тұрады. Ал Венгрияның халқын осыдан мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударған мадиярлар құрайды. Балтық бойы елдерінде латынша, литвалықтар, эстондар тұрады. Халықтың көпшілік бөлігі қалаларда тұрады. Бірнеше жүз жылдық тарихы бар ірі қалалардың қайталанбас өзіндік келбеті бар, мұнда дүние жүзіне әйгілі тарихи-мәдени ескерткіштер сақталып қалған. Аталған елдердің жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Әсіресе көмір (Польша, Чехия), боксит (Венгрия) өндіретін салалар өркендеген. Сондай-ақ бұл елдердің кәсіп орындарында әр түрлі машиналар жасалынып, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдері өндіріледі. Егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Негізінен қара бидай, картоп, зығыр, қант қызылшасы өсіріледі. Ал климаты жұмсақ Венгрия жерін бау-бақша мен жүзімдіктер алып жатыр.

Шығыс Еуропаның оңтүстігін Балқан түбегіндегі елдер алып жатыр. Бұл ауданның Жерорта теңізі маңында орналасуы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі табиғат кешендері таралған.

Жерорта теңізінің күшті тілімденген жағалауы бойымен тау жоталары созылып жатыр. Балқан түбегіндегі таулардың кейбірі әктастардан құралған. Ал Румыния жеріндегі доға тәрізді иіліп, Карпат тауы орналасқан. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіне енетін бұл тауларда тау жаслу қозғалыстары әлі аяқталмаған, сондықтан жер сілкінулер жиі болып тұрады. Дунай өзені бойын ойпаттар мен төбелі жазықтар алып жатыр.

Бұл елдердің климаты айрықша алуан түрлі болып келеді. Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік Жерорта теңіздік климат тән. мұнда жаз ыстық, құрғақ, ал ұзаққа созылмайтын қыс ылғалды, жылы болады. Қалың қар жамылғысы тек тау бастарында ғана жатады. Жерорта теңізінен таулар арқылы оқшауланған ішкі бөліктерді климатты қоңыржай континенттік сипат алады. Жауын-шашын біртіндеп кеміп, оның жылдық мөлшері Дунай бойындағы жазықтарда 300 мм шамасында ғана болады. Сол себепті Дунай мен оның салалары егістіктер мен жүзімдіктерді және бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.

Жерорта теңізі жағалауында табиғи өсімдіктер мүлдем дерлік жойылып, олардың орнын цитрустар мен зәйтүн ағаштар, жүзімдіктер басқан. Биік тауларда емен араласқан шамшат ормандары сақталған. Бұл ағаш түрлдерінен үй жиһаздарын жасайды. Әсіресе Югославия, Румыния елдерінде шығарылған үй жиһаздары жоғары бағаланады. Таулардың неғұрлым биік бөліктерінде қылқан жапырақты ағаштар, одан жоғары Альпі шалғындары таралған. Карпат тауындағы биік тау шалғындары «полонина» деп аталады. Шүйгін шөпті бұл шалғындар жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады.

Бұл аймақтағы халықтың ұлттық және діни құрамы өте күрделі. Бұл кезде жекелеген ұлттар арасындағы қырғи қабақ соғыстарға себепші болғанымен, соңғы кезде саяси жағдай тұрақтанып келеді. Халықтың басым көпшілігі селолық елді мекендерде тұрады.

Жер қойнауында мұнай мен табиғи газ, қоңыр көмір, темір, хромит, никель, мыс пен алюминидің ірі кен орындары бар. Осы байлықтар негізінде ауыл шаруашылығымен кен өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтар жасалынады. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған: бидай, жүгері, жеміс ағаштар мен көкөністер, жүзім, оңтүстікке таман күріш, мақта өсіріледі. Бау-бақшалардан жиналған өнімдер бірден өңделіп, олардан жасалған әр түрлі тағамдар жан-жаққа жөнелтіледі.

Әсем табиғаты, минералды бұлақтары мен қолайлы климаты бар, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай бұл елдерде емдеушілер мен туристерге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан туризіммен курорт ісі шаруашылықтың маңызды салалары болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына енетін Шығыс Еуропа елдері Орал тауына дейін созылып жатыр. Оған Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігі, Украина, Белорусь, Молдава кіреді.

Бұл топтағы елдердің табиғат жағдайлары алуан түрлі. Жер бедерін Шығыс Еуропа ежелгі платформасына сәйкес келетін ұлан байтақ жазықтар құрайды. Еуропаның басқа бөліктеріне қарағанда Атлант мұхитынан алшақтау орналасқандықтан, климатын қалыптастыруда Солтүстік Мұзды мұхиттың ықпалы зор. Жауын-шашын неғұрлым мол түсетін батыс бөліктен Еділ, Днепр. Солтүстік Двина, Батыс Двина, Дон сияқты ірі өзендер бастау алады. Оңтүстік шығысқа қарай ылғал мөлшері азайып, жазда аңызақ желдер мен қуаңшылық жиі байқалады. Жер бедерінің жазық болуымен климаттық жағдайларға сәйкес, табиғат зоналарының ендік сипаты айқын көрінеді. Мұнда солтүстегі тундрадан оңтүстік шығыстағы шөлейт, шөл зоналарына дейін ауысады. Бұл Еуропадағы орманды алқап болып саналады. Жерінің жартысынан көп бөлігі тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандармен жабылған. Олардағы жануарлар дүниесі де Еуропаның басқа бөлігімен салыстырғанда біршама жақсы сақталған. Бірнеше қорықтар жүйесі бар. Аймақтың жер қойнауы темір, таскөмірмен, қоңыр көмір, апатит, тас тұзы мен калий тұз, ас тұзы, мұнай мен газдың ірі кен орындары бай.

Шығыс Еуропа аймағына кіретін елдер даму дәрежесі жағына Еуропаның жоғары дамыған елдеріне әлдеқайда төмен болуына қарамастан, дүние жүзілік шараушылқта алатын өзіндік орны бар. Украина мен Ресей жерінде ауыр өнеркәсіп күшті дамыған. Бұл аймақ арқылы дүние жүзіндегі аса ірі қара топырақты белдеу өтетіндіктен ең астықты аудан болып есептеледі.