Еуразия материгінің екі дүние бөлігінен тұратынын білесіңдер. Ең алдымен еуропалық бөліктің табиғат жағдайы, халқы мен елдері, олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы қыскаша мағлұмат беріледі. Қа-зіргі кезде Еуропа елдерінің мәдени, шаруашылық байланыстары одан әрі нығаюда. Еуропалық Одақтың құрамына кіретін елдерде ортак акша (еуро) енгізілген, ал тұрғындары бір елден екінші елге еркін өтіп, саяхат жасауына мүмкіндік алған.
Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылған. Олар Солтустік Еуропа, Батыс Еуропа, Шыгыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа болып бөлінеді.
Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Сқандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.
Географтар Сқандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенносқандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауларында орналасқан. Сондықтан аймактың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.
Фенносқандияның біраз бөлігі мен Исландия аралында халық, сирек қоныстанған. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финндер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан.
Солтүстік Еуропаның теңіз жағалауы мен Дания жерінде климат колайлы болғандықтан халық тығыз коныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген. Шалғын шөпті шұрайлы жеріне байланысты ірі қара мал мен кой өсіріледі. Солтүстік Еуропа халқының едәуір бөлігі қара және түсті металл кендерін өндіру және өңдеумен, Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өңдеумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Сқания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концерндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір-түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жаксы сақталған.
Батыс Еуропа елдері. Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бір-неше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла-Манш бүғазы аркылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден-ак шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.
Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Британ аралдарының оңтүстігі мен материктегі елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр. Ойпаттардың теңіз деңгейінен биіктігі 50-100 м-ден аспайды. Мұндай жерлердің су астында қалу қаупі жоғары.
Жазықтар оңтүстік мен шығысқа қарай биіктеп, қыраттар мен үстірттерге, аласа тауларға, одан әрі Еуропаның ең биік тау жүйесі -Альпіге ұласады. Таулы жер бедері Британ аралдарының солтүстігіне де тән. Ойпаттар мен теңіз түбіндегі шөгінді жыныстарда мұнай мен табиғи газдың кен орындары бар. Сонымен қатар бұл елдердің қойнауы тас көмір, темір, түсті металл, калий тұзы кендеріне бай болып келеді.
Батыс Еуропа — дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық қүрамы да күрделі. Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы. Аймактың табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруда ғылым мен техниқаның ең соңғы жаңалықтары қолданылады. Сондықтан бұл саланың да даму дәрежесі өте жоғары деңгейде.
Батыс Еуропа елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.