Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Материкте 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халқының 3/4 бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел — Қытай мен Үндістан халқының өзі 2 млрд-тан асып отыр. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңтүстік-Шығыс Азияга сәйкес келеді. Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 1000-1500 адамга жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады.
Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік щрамы да алуан түрлі. Ең көп тарағаны — еуропалық тектес халықтар. Олар өңі ақкүба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келетін солгщстік еуропалық және өңі қараторы, шаштары мен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңтүстік еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монгол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон жөне басқа халықтар тұрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралы мен Үндістанның оңтүстігінде қоныстанған.
Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер — ислам, христиан, буддизм және олардың әр түрлі тармақтары пайда болып, дамыған. Сондықтан материк халқының діни құрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар мен түсініктердің алуан түрлілігі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.
Елдері. Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасңан. Материктің қазіргі саяси картасы ұзақ уақыт бойы ұдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер катарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері ете шағын, кішігірім елдер де бар (саяси картадан ол елдерді анықтаңдар).
Халқының саны 100 млн-нан асатын ірі елдердін көпшілігі Еуразияда орналасқан. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып белінеді. Республикаларда заң шығарушы ұйым — парламент, ал баскару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде ел президенті жүргізеді. Республикалар ұстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.
Социалистік бағыттағы елдер санының 90-жылдарда құрт кемуі Кеңестер Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропа елдерінің жаңа бағыт үстануымен байланысты болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты үстап отырған елдер — Қытай Халық Республикасы (ҚХР), Корей Халық Демократиялық. Республикасы және Вьетнам.
Монархиялық басқару Еуропада және Азияның араб елдерінде басым. Монархияда мемлекетті басқару ісі бір адамның иелігінде болып, билік атадан балаға мүра етіп қалдырылады. Монархиялық елдер абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді. Мысалы, Ұлыбритания (королева) мен Жапонияда (император) мемлекетті басқару іс жүзінде парламент пен үкіметке жүктелген, ал мемлекет басшысы — монарх ең жоғары лауазымды адам болып табылады. Абсолюттік монархияда барлық билік жеке адамнын қолында шоғырланған. Мысалы, араб елдерінде монархтардың (король, шейх, сұлтан) билігі шексіз.
Сонымен адамзаттың даму тарихында ежелгі өркениет пен мәдениет ошағы ретінде шешуші рөл атқарып келген Еуразия материгі әлі де адамзат дамуы мен өркендеуінің бесігі болып кала бермек. Сендер де осынау табиғаты әсем, халқының ұзақ та қызғылықты, қайталанбас тарихы бар алып материктің топырагында туған перзентісіңдер. Сондықтан басқа елдердегі қатар құрбыларыңмен бірге сендер де осы материктің болашақ тарихын жасайтын боласыңдар.