Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары. Субтропиктік белдеуді қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, субтропиктік дала, шөлейт және шөл, субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы алып жатыр (Қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасын қараңдар).
Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы Жерорта теңізінің биік таулармен коршалған жағалауын алып жатыр. Бұл жердің жазы ыстық, қүрғак, ал кысы жылы, жаңбырлы болады. Сондықтан өсімдіктер жыл бойы өсуін жалғастырып, мәңгі жасыл сипат а лады. Бұл өсімдіктер жаздың ыстықтығы мен құрғақтығына да жаксы бейімделген: олардың жапырактары ұсақ, әрі қалың, беті жылтыр болады, кейбіреулерінің бетін түк баекдн. Ылғалды, жылы қыста шөптесін өсімдіктер қаулап өседі. Зонада субтропиктік орманның құнарлы қоңыр топырағы таралған. Ормандар кесу нәтижесінде сиреген, сақталып қалған бөліктерінде тac емен, тығынемені, қолшатыр тәрізді жерорта теңіздік пиния қарағайы, лавр ағашы (суреттерде берілген) мен лавр шиесі, грек жаңаағы, зәйтүн, кипарис ағаштары өседі. Кесілген ормандар орнын мәңгі жасыл бұталар мен аласа ағаштар: бүлдірген ағашы, мирта, аласа тac емен алмастырған. Мұнда майшетен, жүзім, цитрус тұқымдастары сияқты мәдени өсімдіктер де өсіріледі. Кавказдың оңтүстігіндегі Колхида және Ленкорань ойпаттарында жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл ағаштар аралас өсетін ылғалды субтропиктік ормандар таралған. Бұл өңірлердің климаты ылғалды, жазы ыстық, қысы жылы. Топырағы сары тцсті болып келеді. Осы ойпаттар мен тау етектерін цитрус бақтары мен атакты грузин шайының плантациялары алып жатыр. Кавказдың Қара теңіз жағалауында дүние жүзіне әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындары орналасқан.
Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зонасында қоңыржай белдеудің осындай зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Бұл шөлдердің минералды заттарға бай сұр топырағын қолдан суару аркылы Орта Азияның оңтүстігі мен Қытайда цитрустардан, анар мен жүзімнен, жер жаңғағы (арахис) мен бакша дақылдарынан мол өнім алынады. Құлазыған атақты Такла-Мақан шөлі осы зонаның орталық бөлігін алып жатыр.
Субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы Жапон аралдары мен Кореяның оңтүстігінен бастап, Тынық мұхит жағалауы арқылы Үндіқытай түбегін бойлай, субэкваторлық белдеуге де өтеді («Табиғат зоналары» картасынан орнын анықтаңдар). Жерорта теңізі жағалауымен салыстырғанда, мұнда жаз ылғалды, қысы біршама құрғақ және салқынырақ болады. Ормандарда мөңгі жасыл ағаштардан магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, жалпақ жапырақтылардан емен, шамшат, шегіршін, оңтүстіктің айрықша қарағайы мен кипарисі аралас өседі. Ағаштар лианалармен шырмалып, ну орман сипатына енеді. Халық тығыз қоныстанған Қытай мен Үндіқытайда табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, олардың орнында субтропиктік мәдени өсімдіктер өсіріледі. Жануарлардан өзен бойларында жолбарыс пен цабылан сиякты жырткыштар, тауларда Гималаи аюы, бамбук аюы — панда, маймылдардан макаққа мен гиббон сақталған. Ал құстардан қауырсындары көздің жауын алатын әдемі тоты құстар мен үйректер көптеп кездеседі.
Тропиктік шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр. Еуразия шөлдеріндегі ең ыстық әрі құрғақ климат осы жерлерге тән. Ертеректе климаттың біршама ылғалды болғандығын дәлелдейтін құрғақ өзен арналары — уәд әсіресе Арабия түбегінде жиі кездеседі. Оларда қараған, шеңгел сияқты тікенекті бұталар, ал жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда құрма пальмасы өседі. Арабиядағы орасан зор кеңістікті алып жатқан атақты Рубэль-Хали шөлінде тіршілік жоқтың қасы. Ал тасты шөлдер мүлде құлазып жатады. Жануарлардан Арабияда желаяқ бөкендер, жабайы есек — онагр, бір өркешті жабайы түйе — нар (дромедар), тарғыл қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп. Адам төзгісіз ыстық пен құмды дауылдарға, су тапшылығына қарамастан бұл шөлдер арқылы ежелден керуен жолдары өткен. Парсы шығанағынан табылған мол мұнай қорының игерілуіне байланысты шөлдерде қазіргі заманғы сәулетті калалар мен елді мекендер салынып, адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарған.
Субэкваторлық белдеудегі зоналар. Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықтан мұнда субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар мен саванналар таралған. Үндістан және Үндікытай түбектерінің жауын-шашынның жылдық мелшері 800 мм-ден аспайтын ішкі бөліктеріне саванналар тән болады. Мұнда астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы, тик және майлы ағаштар өседі. Тик ағашының суда шірімейтін, өте қатты сүрегі кеме және вагон жасауда пайдаланылады. Ал биіктігі 35-37 м-ге, диаметрі 2 м-ге жететін майлы ағаш батпақты жерлерде құрылыс салуда қолданылады. 3-4 айға созылатын құрғақ мезгілде кейбір ағаштардың жапырағы түсіп, шөптесін (өсімдіктер сарғайса, жазғы муссон кезінде саванна құлпырып, сан алуан түске боялады.
Субэкваторлың ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар Үндістанның батыс жағалауы мен Ганг, Брахмапутра өзендерінің төменгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы мен Филиппин аралдарының солтүстігін алып жатыр. Мұнда құрғақ мезгіл ұзақка созылмайды, жаңбыр саваннаға қарағанда көбірек жауады. Кейбір ағаштардың құрғақ кезде жапырағын түсіретіндігі болмаса, бұл орманның өсімдіктері оңтүстігінде орналасқан ылғалды экваторлық ормандарға ұқсайды.
Саванналар мен субэкваторлық. ауыспалы ылғалды ормандарда қызыл және коңыр-қызыл топырақ жамылғысы таралған, жануарлар дүниесі де ұқсас. Үндістан мен Шри-Лансада жабайы пілдер сақталған. Маймылдар барлық жерінде кездеседі.
Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарды алып жатыр (картаны қараңдар). Жауын-шашынның жыл бойы мол түсуі, температураның тұрақты жоғары болуы тіршілік дүниесінің қарқынды дамуьша жағдай жасайды. Бұл ормандарда өсімдіктердің 40 мыңнан аса түрі өседі, тек қана пальманың 300-дей түрі бар. Ұзындығы 200-300 м-ге жететін оралып өсетіяротанг пальмасы мен лианалар ағаштарды шырмап, ит түмсығы өтпейтін қалың ну орман (джунгли) құрайды. Экваторлық ормандарда жергілікті халық үй құрылысына, жиһаз бен қағаз жасауға пайдаланатын бамбуктің коптеген түрлері өседі. Ағаш діңдерінде шырмалып өсетін хош иісті, алуан түсті орхидеялар орманға айрықша көрік береді.
Ылғалды экваторлық ормандардың жануарлар дүниесі де өте алуан түрлі: мүйізтұмсықтар мен жабайы бұқалардың кейбір түрлері басқа ешбір жерде кездеспейді. Маймылдардан — макакалар мен ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жыртқыштардан — жолбарыс, қабыландар, құстардан — әдемі қауырсынды тауыс кездеседі.
Қазіргі кезде жоспарсыз отаудың нәтижесінде ормандардың ауданы азаюда. Кесілген ормандар орнына жергілікті тұрғындар күріш, ал Үндістан мен бұрын Цейлон деп аталған Шри-Ланка аралындағы тау беткейлерінде шай бүтасын өсірумен айналысады.
Биіктік белдеулер. Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температура-сы төмендеп, тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындағы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамылғысы жұка болып келеді.
Таулардың биік бөліктерінде катал табиғат жағдайына бейімделген ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар сақталған. Олардың қатарына Тибет пен Памир тауларын мекендейтін цодасты, Тянь-Шань тауларындағы қар барысы мен ерекше құстарды, Азияның биік тауларында тіршілік ететін аюлар мен арқарларды жатқызуға болады. Биіктік белдеулер Гималаи мен Альпі тауларының оңтүстік беткейлерінде айқын байқалады.
Мысалы, жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу — терая («тера» грекше «құбыжық» дегенді білдіреді) өте батпақты келеді. Мұнда бамбук, пальмалар мен майлы ағаш, лианалардан тұратын қалың ну орманда буйволдар, жабайы пілдер мен қабылан, жолбарыстар мекендейді. Биіктеген сайын климаттың өзгеруі әсерінен белдеулер ауысып отырады да, 4500-5000 м биіктікте мәңгі қар мен мұз белдеуі басталады. Гималаи аса ірі тау жүйесі болғандықтан оның беткейлеріндегі биіктік белдеулердің құрылымы бір-біріне мүлде ұқсамайды.