Табиғат зоналарының орналасуы. Еуразия солтүстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зонасына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр, ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығыска қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады. Қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатыр, оның батысы мен шығысы жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Материктің ішкі бөлігінде тайга бірден орманды дала мен далаға ауысады. Тынық мұхиты-нан келетін ылғалдың материк ортасына қарай азаюына байланысты бұл зоналар шығыста ендік бағытта бүрылыс жасайды. Ылғал мүлде жеткіліксіз ішкі аудандарда ніөлейт және шел зоналары ка-лыптасады. Табиғат зоналарының орналасуы мен ерекніеліктерін тереңірек түсіну үшін оларды белдеу бойынша қарастырайық.
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары. Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суык және қыска. Қыста температура — 40 °С-тан темен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк қына, балдырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ак аю саны азаюда. Субарктикалық белдеуді тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр. Тундра дегеніміз толық. жетілмеген батпакты то-пырақтардағы мүкті-қыналы және бүталы өсімдіктерден тұратын, климаты катал белдеу. Мұнда күшті желдер мен карлы борандар жиі соғады. Сондықтан бүталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Тундрада ең көп тараған өсімдік — бұғы мүгі солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады.
Бұл зона мүктер мен бұталарға біршама бай болғандықтан солтүстік бұғысымен қатар, жаз айларында мұнда булан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды да кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көпжылдық тон таралған, жазда оның беткі кабаты ғана ериді. Аталған зоналардың табиғаты климатының каталдығына байланысты адамның шаруашылық әрекетіне аз ұшыраған. Бүгінгі таңда мұнай, газ кен орындарының қаркынды игерілуіне байланысты адамның табиғатка әсері күшейе түсті. Сондықтан өзіндік қайталанбас табиғат ерекшеліктері бар тундраны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы — тайғада тундра мен орманды тундраға қарағанда жаз біршама жылы және ұзақ. Соның нәтижесінде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар. Тайга — тек қана қылқан жапыраңты ағанітар өсетін зона. Тайганың топырағы күлгін (күл түстес), көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың батыстан шығыска қарай қаталдануына байланысты Сқандинавия түбегі мен Финляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарағгай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығыска қарай жатқан бөлігі — Сібірде суыққа төзімді май қарағай, сібір қарағайы — самырсын және қыста қылқандарын түсіретін ағаш — бал қарағай таралған. Сібір жерінде климаттың қатаң болуына байланысты тайга зонасы еуропалық бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғұрлым үлкен аумақты алып жатыр.
Тайга мен биік таудағы ормандар неғүрлым жақсы сақталғандықтан, жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мұнда зубр, булан, марал, елік, қоңыр аю, цабап тіршілік етеді. Қиыр Шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш — Уссурий жолбарысы сақталған. Сондай-ақ ормандарда терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аңдар мен құстар өте көп (Атластағы жануарлар картасына қараңдар).
Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы материктің батысын-да Орал тауына дейін тұтас белдеу жасап, Қиыр Шығыстағы жағалық бөлікте кайта жалғасады. Аралас ормандар тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқандықтан, құрамында қылқанды, жалпақ және ұсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптесін өсімдіктерге байланысты то-пырағы шымды-күлгін болып келеді. Тынық мұхит жағалауындағы аралас ормандарда муссонды климат әсерінен емен, жеке, амур барқыт ағашы, жабайы жүзім мен лианалар, ал қылқанды ағаштардан корей самырсыны мен бал қарағайы, шырша және сібір май қарағайы өседі. Жалпақ жапырақты ормандар белдеудің жауын-шашын көп түсетін батысы мен шығысында ғана орналасқан. Құнарлы қоңыр топырақта өсетін бұл орманның ағаштары жылу сүйеді, ылғалды көп қажет етеді. Еуропаның ылғал көп түсетін батысындағы шамшат орманы жазғы және қысқы температураның айырмашылығы артқан сайын емен, жөке, үйеңкі жөне т.б. ағаштар өсетін орманға ауысады. Ормандар халық тығыз қоныстанған аудандарда өсетіндіктен және бағалы ағаш сүрегі көп дайындалатындықтан барынша сиреген.
Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дей-ін созылып, Қиыр Шығыста кайта жалғасады. Ылғал молырақ түсетін Шығыс Еуропаның орманды дала зонасында жалпак жапырақты ағаштар (емен, үйеңкі) мен даланың шөптесін өсімдіктері өседі. Қысы катал болатын Батыс Сібірдің орманды даласына үсак жапы-рақты ағаштар — қайың, көктерек және даланың астық түкымдас өсімдіктері — селеу, боз, бидайық төн. Бұл зоналарда өте құнарлы қара топырак таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртыл-ған. Жылу мен ылғалдың мөлшері жеткілікті болғандықтан дөнді дақылдар: бидай, қара бидай, царащжыц, арпа, сцлы және қант қызылшасы мен щнбагыс өсіріледі. Дала зонасының оңтүстігінде куаң-шылықтар жиі болып тұратындықтан, егістіктер қосымша суаруды қажет етеді.
Орманды далада орман мен даланың жануарлары қатар кездеседі. Негізгі жануарлары — қасқыр, қарсақ, тщлкі және кемірушілерден сарышұнақ, дала күзені, дала тышқандары тіршілік етеді. Топырағы құнарлы дала зонасы ежелден карқынды игерілгендіктен мұнда бұрын кең таралған ірі тұяқты жануарлар мен құстар саны казіргі кезде құрт кеміп кеткен. Сондықтан дала зонасының табиғи өсімдік жамылғысы мен кейбір жануарлары корыктарда ғана сақталған.
Шөлейт және шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтас жолақ түрінде қамтып, Монголия мен Қытайдың тау аралық ойыстарында таралған. Жазы аптап ыс-тық, құрғақ, а л кысы суык, кейде қарлы боранды болады. Зоналардың шұғыл континентті климаты топырақ-өсімдік жамылғысының дамуы мен таралуын шектейді.
Шөлейтті өңірлерде кыста ауа райы құбылмалы: қарлы борандар жиі соғып, ауа температурасы -40°С-қа дейін төмендейді. Аязды ауа райы кенет жылымықтармен ауысқанда көктайғақ, яғни жер бетін басқан жұүқа мұз қабыршағы пайда болады. Қыста осындай ауа райының жиі байқалуы жұтқа әкеп соғады. Шөлейтке күңгірт қара қоңыр (каштан) топырақтар тән, тұзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған, жусандармен қатар селеу, бетеге, бұйырғын және т.б. өсімдіктер өседі.
Шөлдерде климаттың континенттілігі артады, жаздағы ыстық +50°С-қа дейін жетеді, жылдық буланушылық мөлшері түсетін жауын-шашыннан 10-12 есе артады. Шөлге сұр-қоңыр топырақ төн. Өсіресе құмды шөлдер тіршіліққе неғүрлым бай болып келеді. Құмды шөлдерде сабағы қатты, жапырағы ұсақ немесе тікенекке айналған, құрғакшылыққа төзімді өсімдіктер (ксерофиттер) кең таралған. Сондай өсімдіктердің бірі — сексеуіл аса ұзын тамырлары арқылы тереңдегі ылғалды сіңіреді, әрі құмдарды бекітеді. Бекінген құм; дарда сирек жаңбырлардан жиналған ылғал көктемде шөлдің жандануына мүмкіндік береди Мұндай көктемде ерте гүлдеп, тұқымын шашып үлгеретін өсімдіктерге (эфемерлер) өздеріңе таныс қызгалдақ, қаңбақ жатады. Сондай-ақ қоңыржай белдеуде тамырлар басым болатын сазды шөлдер мен Гобиге тән тасты шөлдер де (хамадалар) кездеседі. Шел зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында шураттар (оазистер) қалыптасады. Шұраттарға ағаштар мен әр түрлі бұталар, шалғынды өсімдік жамылғылары мен тоғайлар тән. Ал жауын-шашын өте аз түсетін, жылжымалы сусыма құмдар мен тасты шөлдерде тіршілік жоқтың қасы.
Шөлейттер мен шелдерде су мен азық іздеп алысқа жортып бара алатын ірі тұяқты жануарлардан жабайы түйе, құлан, ақбөкен, қарақұйрық, кемірушілер мен кесірткелер, жыландар тіршілік етеді. Бұл зоналарда сары шаяндар, бүйі, қарақұрт сияқты улы жәндіктер де кең таралған.