Еуразия ішкі суға бай. Су коры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда Жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтустік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып ететін ең ірі өзендері (мен Сқандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.
Бұл өзендер негізінен қар суымен және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Олар кыста үзак уақыт катып жатады. Көктемде бас-тауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары пайда болып, су қатты тасиды. Таудан басталатын өзендердің жоғары ағысында судың қүлама күшін пайдаланып, жүмыс істейтін су электр стансалары салынған. Жазықтағы ірі өзендер кеме қатынасы мен ағаш ағызуға пайдаланылады.
Атлант муіхиты алабына Еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: Дунай, Рейн, Висла т.б. Өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықтан, жоғары ағысында шоңғалдар мен саркырамалар жасап, тар аңғарларымен арындап ағады. Жазыққа шыққан соң ағыны бәсеңдеп, кең аңғармен жайылып ағады. Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке беліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Солтүстіктегі өзендерде еріген кар мен жаңбыр суының, ал оңтүстіктегі таудан басталатын өзендерде мұздық пен жаңбыр суының үлесі артады. Бұл алаптағы өзендер халық жиі коныстанған, өнеркәсіп орындары тығыз шоғырланған бірнеше елдің жері арқылы ағып өтетіндіктен мейлінше ластануға ұшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланылады.
Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады (картадан табыңдар). Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендіққе байланысты кейбіреуі кдтады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді коспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.
Үнді мұхиты алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан, мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алкабын суаруға пайдаланылады.
Ішкі тщыц алапқа Шығыс Еуропа жазыгының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазакстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады (картадан қараңдар). Бұл алаптағы өзендердің ірілері — Еділ, Жайық, Әмудария мен Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені — Еділ. Шығыс Еуропа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде кар еріген кезде тасиды. Еділ жылдың баска мезгілінде жаңбыр, жер асты суымен коректенеді. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.
Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылыгы әркелкі. Көлдер материктің солтүстік-батысында жиі шоғырланған. Олардың қазаншұңқырлары жер қыртысының біртіндеп төмен түсуі мен мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде пайда болған. Сондықтан жағалық сызықтары күшті тілімденген, терең және тұщы сулы болып келеді. Ең ірілері — Ресейдегі Ладога, Онега, Сқандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.
Жер қыртысындағы терең жарылыстарда орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Бұл көлдер табиғатының әсемдігімен, суының тереңдігімен және мөлдірлігімен ерекшеленеді. Байкал — дүние жүзіндегі суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620 м). Мұнда Жер шарындағы тұщы судың 20%-ы жиналған. Байкалға 336 өзен құйып, жалғыз өзен — Ангара ағып шығады.
Еуразиядағы кеңінен таралған көлдер катарына ежелгі мұхиттар орнында қалып қойған қалдық көлдер жатады. Олардың ең ірілері -Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б. Бұл көлдердің суы кебінесе тұзды болып келеді.
Көлдер тұщы су коры, туризм мен демалыс орындары ретінде, кәсіптік балық аулау мен кеме қатынасы үшін кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі заманғы мұз басу. Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелаги, Жана Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималаи) таралган. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан. Тау басындағы мұздықтардан материктегі ірі өзендер бастау алады. Егер осы мұздықтар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.
Көп жылдық тоңдар. Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шеқарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды кабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса, Таймыр түбегінде 1500 метрге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-150 см тереңдіққе дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның пайда болу себебін катал климат жағдайында жылдық орташа температура 0°С-тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгі тоң қабатының калың болуы оның оте ертеде қалыптасқандығын дәлелдейді. Көп жылдық тоң арқылы ағатын өзендер көктемде арнасынан асып жайылып, ұшы-қиырсыз батпақтар түзеді. Көп жылдық тоң жол салу, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын қиындатады.
Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80 %-ы орналасқан. Батпақтар, өсіресе Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындыңтарға, егістіктерге айналдыруға болады.
Еуразия материгінде жер осты суларының да мол коры бар. Жер асты сулары өте таза болгандықтан ауыз суы ретінде көбірек пайдаланылады. Өсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монголия жерлеріне тән. Құрамында тұздар мен газдардың ерітіндісі болатын минералды сулар емдік бағытта пайдаланылады. Олар көп жағдайда ыстық және радонды болып келеді. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солтүстік Кавказ, Карпат, Оңтүстік Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.