Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдардың оңтүстік оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулерін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүсттікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түстіндіріледі.
Материктің географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүсттікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.
Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстіктігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.
Материктің батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүсттікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді. Материктің шығысы мен оңтүстігінде биік таулы белдеулердің орналасуы Тынық және Үнді мұхиттарынан келетін муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі жасап, таулардың жел жақ беткейлеріне ылғалдың мөлшерден артық түсуіне себепші болады. Мұхиттардың материк климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне, қысым аймақтарының орналасуына, басым желдерінің бағытына және материк жағалауының қаншалықты тілімдену дәрежесіне де байланысты.
Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгередіә. Биіктік климаттықбелдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.
Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.
Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суымен шайылып жатқан шығыс бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста – 400 С, — 500 С-қа дейінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді.
Сондықтан құрлық пен мұхит беті аздап қана жылынады, температура 00С, +40С-қа дейін ғана көтеріледі.
Материкке қарай тұрақты соғатын суық солтүстік-шығыс желдері әсерінен жыл бойы тұманды ауа райы басым. Мардымсыз жауын-шашын тек қана қар күйінде жауады. Шығысқа қарай климаттың қатаңдығы арта түседі, мұндағы аралдар мұз құрсауында жатыр.
Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Климаттық арктикалыққа қарағанда салыстырмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.
Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеулер қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.
Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 00С-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынныңмөлшеріжылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.
Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жаз жылы, қыс суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.
Белдеудің Оралдан шығысқа қарай орналасқан орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа массалары басым болады. Сондықтан температура -500С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пайда болады. Қар жамылғысы жұқа. Бұған Монғолияда қалыптасатын жоғары қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ континенттік ауа массалары себепші болады. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл компаненттік деп аталады. Қазақстан жеріне де осы аталған климат тән.
Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды. Оған үлкен материк пен алып мұхит арасындағы қысым айырмашылығы себепші болады. Қысқы муссон өте қатты салқындаған құрлықтың ішкі бөлігінен соғатын суық, құрғақ ауа түрінде Тынық мұхитқа қарай бағытталады. Ал жылдың жылы мерзімінде тез қызып, қысымы төмендеген құрлыққа Тынық мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелетін жазғы муссонсоғады. Қыс суық әрі құрғақ, жаз қоңырсалқын, жаңбырлы болды. Муссондық климат Еуразияның Тынық мұхит жағалауын түгел қамтиды.
Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де, климат әр түлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.
Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қыс батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады. Мұнда аптапты ыстық пен құрғақшылыққа төзімді мәңгі жасыл, қаттыжапырақты өсімдіктер кең тарлған. Бұл климат басқа материктердегі субтропиктік белдеудің де батыс бөліктеріне тән. құрлықтың ішкі бөліктерінде субтропиктік белдеудегі климаттық жағдайда қоңыржай белдеудегі сияқты континенттік сипат алады. Жазда аңызақ, ыстық желдер, құмды дауылдар жиі болады, қыс біршама салқын.
Белдеудік орталық бөлігіндегі таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.
Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.
Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды қамтиды. Гималай тау климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық белдеу бір-бірімен шектеседі. Жазда Үнді мұхитынан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынныі жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, максимальдісі 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.
Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтиды. Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға үшырамайды, жыл бойы +240С-тан төмен түспейді. Тұрақты түрде екі жарты шартың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температура мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады.
Еуразиядағы климат жағдайларының алуан түрлілігінің адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық әрекетінің сипатына, әсіресе ауыл шарушылығының дамуына тікелей ықпал жасайды. Ауыл шаруышылығын дамытуға материктің солтүстігі мен солтүстік шығысыныда жазда жылудың жетіспеуі мен мәңгі тоң. Ал ішкі аудандарда ылғалдың жеткіәліксіздігі кедергі болады. Жазы ыстық, қысы біршама жұмсақ қоңыржай белдеуде бидай, жүгері және басқа дәнді дақылдар, қант қызылшасы, алма, жүзым өсіріледі. Бұл белдеудің оңтүстігінде суаруды, жылуды көп қажет ететінн күріш пен мақта егіледі. Еуразияның ұлан байтақ кең далаларында ежелден жайылымдық мал шаруашылығы дамыған. Әсіресе Қазақстан мен Орталық Азияда мал шаруалылығының дәстүрлі сипаты (жыл мезгілдеріне байланысты жайылымдарды ауыстыру) сақталған. Субтропиктік белдеудің Жерорта теңізі аймағының климаты цитрустар, зәйтүн және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы. Материктің шығысы мен оңтүстігінің муссонды климаты жағдайында күріш, мақта, шай бұтасы, қант қамысы, кофе, банан, ананас және т.б. тропиктік дақылдар мен жемістер көп өсіріледі.
Тұрғын үйлерді салуда да климаттық жағдайлар ескеріледі. Мысалы, Сібірдің қатты аяз болатын аудандарында терезе әйнегі үш қататтан тұрады, ол оңтүстікте ыстық климат жағдайында үйлердің қабырғасы бамбук таяқшаларынан ғана құрастырылады. Жаңбыр көп жауатын еуропалық бөлікте үйлердің шатыры үшкір болып келсе, шөлді аудандарда үйлердің төбесі жадағай тегіс болады. Күшті желдер жиі болатын аудандарда жол бойларын қар мен құмның басып қалуынан қорғайтын орман белдеулері отырғызылады.
Климаты адам денсаулығына өте қолайлы аудандарда емдеу-сауықтыру орындары, демалыс үйлері орналасқан. Олар негізінен теңіз жағалаулары мен таулы аудандар да шоғырланған. Кейде шөлді аудандардың климаттық жағдайлары (құрғақ, ыстық ауа, қызған құм және тұзды балшықтар) да емдік мақсатта пайдаланылады.
Климаттық жағдайлардың адам өміріне пайдасымен қатар, апаттарға әкеп соғатын зиянды құбылыстары да жеткілікті. Муссондық нөсер жаңбырлар жауатын шығыс және оңтүстік шығыс Азияда апаттық тасқындар жылма-жыл қайталанып отырады. Әсіресе Хуанхэ, Ганг, Амур өзендерінде апаттық су тасқындары жиі байқалады. Су тасқындары кезінде адамдар мен жануарлар шығын болып, елді мекендер мен егіс далаларын су басады. Су тасқындарынан қорғану мақсатында адамдар ежелден дамбалар мен бөгеттер салған. Еуразияның оңтүстік шығысына Тынық мұхит жағалауынан келетін өте қуатты тропиктік циклондар – тайфундар кезінде желдің жылдамдығы сағатына 400 км-ге жетеді. Тайфундар әкелген теңіз толқындары жағалауға жойқын күшпен соғылып, әсіресе Жапон, Филиппин аралдарымен Үндіқытай жеріне жылма-жыл апат әкеледі. Оңтүстіктегі таулы аудандарда жаз кезінде сел жүру қаупі артады. Жауын-шашын аз жауатын, ылғал жеткіліксіз аудандарда кейбір жылдары құмды борандар мен ұзаққа созылған қуаңшылық байқалады. Климаты шұғыл континентті болатын мұндай аудандарда су бөгендері салынған. Арабия түбегінде егістерді суаруға тұщыландырылған теңіз суы да пайдаланылады.
Шаруашылықты орналастыру мен табиғатты қорғау шараларын жүргізуде жергілікті жердің климаттық жағдайлары мен ерекшеліктерін ескеру қажет.