Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар

Жер шарында кұрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін білесіңдер. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлыктың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзак геологиялық уақыт бойы бір тұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялык орнындағы ең басты ұқсастық — олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторга дейінгі аралыкта созылып жатуы. Осыған байланысты бүл материктерде солтүстік жарты шарға тән табиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұзды мұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де батыстан шығыска қарай (әсі-ресе қоңыржай ендіктерде) кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.

Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде айырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оңтүстіктегі аралдық болігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі аралдық бөлігі солтүстік полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.Бүл айырмашылықтар екі материктегі табиғат жағдайларының езіндік ерекшеліктерін калыптастырады.

Екі материктің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кеңбайтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа күрайды, ал Еуразия бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығын әр түрлі жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді. Таулар материктердің шеткі бөліктеріне қарай орналасқан. Солтүстік Америкадағы 9000 км-ге созылған ең ірі тау жүйесі — Кордилъера материктің батысында бойлық бағытта созыла орналасқан. Еуразияның оңтүстігіндегі аса ірі таулар Альпі-Гималай таулы белдеуін қүрап, ендік бағытта орналасқан. Солтүстік Американың шығысында аласа Аппалач таулары жатса, Еуразияның шығысы биік таулармен ком-керілген. Литосфералық плиталардың шектесу аймақтарында орналасқан Кордильера мен Еуразияның шығысындағы таулар жүйесінде сонбеген жанартаулар шоғырланып, апатты жер сілкінулер жиі байқалады.

Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларга ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15 мың жыл бұрын ғана аякталған

материктік мұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.Екі материкте де мұз басу өсерінен күшті тілімденген фъордты жағалаулар кең тараған. Өсіресе Солтүстік Америкада мұз жамыл-ғысының калыңдығы шамамен 3000 мге дейін жетіп, материктің 40° с.е. дейінгі бөлігін қамтыған. Климаттың біртіндеп жылынуы нәтижесінде мұздар еріп, қазіргі кезде солтүстіктегі аралдарда ғана сақталып қалған (бұл аралдарды физикалық картадан табыңдар). Мұздың казу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында сан мыңдаған көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан. Сонымен қатар мұз басу әсерінен осы бөліктердегі топырак жамылғысы, жылу сүйгіш өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де жойылған. Мұз басуға дейін кең алқапты қамтыған жалпақ жапырақты ормандар оңтүстікке шегініп, ірі жануарлар: зілдер (мамонттар) мен турлар, денесін қалың түк басқан мүйізтұмсықтар мүлде жойылып кетті. Мұз басудан кейін екі материктегі климаттық жағдайлар өзгеріске ұшырағандықтан, әр материктің өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Климаты мен табиғат зоналары.

Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұксастығына негіз болды. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар үқсас. Сондықтан мүндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануар-лар дүниесі онша айырмашылык жасамайды. Оңтүстікке қарай материктердегі климаттык белдеулер мен зоналар арасында айырма-шылыктар көбейеді. Мысалы, Солтүстік Америкада есетін секвойя, батпақ кипарисі, кактус, алоэ сияқты осімдіктер Еуразияда оспейді. Ал Еуразияда өзен бойларындағы қалың нуларда кездесетін жолбарыстар, далада мекендейтін қарақұйрықтар мен ақбөкендер, Памир мен Тибеттегі қодастар Солтүстік Америка материгінде мүлде кездеспейді.

Жалпы алғанда, солтүстік жарты шар материктерінің табиғатында ортақ белгілер көп. Бұл жер қыртысының қалыптасу тарихындағы ұқсастықтармен, табиғатының ұзақ уақыт бірге дамуымен, географиялық орнының ұқсастығымен түсіндіріледі.