Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар

Гидросфераның негізгі бөлігін Дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан, Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361 млн. км2. Күн жүйесіндегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су — Жер табиғатының басты байлығы, тіршілік көзі. Ғаламшарымыздағы орасан мол су массасы қалай пайда болған? Бұл сұраққа ғылымда әлі түпкілікті жауап жоқ. Болжамдар бойынша, су литосфералық плиталар қозғалысы кезіндегі жарықтар арқылы мантиядан ыстық бу түрінде бөлініп шығып, салқындау нәтижесінде біртіндеп жиналған деп есептеледі. Бұған жанартаулардан атқылаған магма мен мұхиттық жер қыртысындағы жарықтар бойымен көтерілетін магма құрамынан көп мөлшерде бөлініп шығатын су булары дәлел болады. Осындай процестер әлі де миллиондаған жылдар бойы жалғаса бермек. Жер ғаламшарына су ғарыштан да келген деген болжам бар.

Мұхит суының басты касиеттері — температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты. Дүниежүзілік мұхит көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады. Судың беткі температурасы географиялық ендікке байланысты әркелкі болады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2°-0°С аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компонент бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 литр мұхит суындағы грамм есебімен алынатын еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле (‰) арқылы есептіледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35‰ шамасында . Мұхит суының тұздылығы барлық қабаттарда бірдей емес. Тұздылық мөлшер әсіресе судың беткі қабаттарында атмосфералық жауын-шашын, мен буланудың арақатынасына байланысты, географиялық ендік бойыша өзгеріп отырады. Судың тұздылығы экватор маңында 34 ‰ шамасында тропиктерге таяу аудандарда 3‰, қоңыржай және поляр ендіктерінде 33‰-ге жуық. Жауын-шашын мөлшері буланудан артық болатын және мол сулы өзендер құятын, мұзтаулар еритін мұхит айдындарында тұздылық кемиді. Ал Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық Қызыл теңіздің солтүстігінде, 41‰. Тұздылық мұхит суының қату температурасына да әсер етеді.

Тұздылығы 36°/00 мұхит суының қату температурасы -2°С шамасында болады. Суынған тұзды судың беткі қабатының тығыздығы артып, салмағы ауырлайды да, төмен ығысады. Оның орнына өлі салқындап үлгермеген жылы су қабаттары көтеріледі. Температурасы әркелкі су қабаттарының бұлайша араласуы мұздың түзілуіне кедергі келтіреді. Мұхит суының беткі температурасы полюстерге карай төмендейді. Бұл қысы ұзақ, әрі суық болатын арктикалық және ан-тарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттарының қалыптасуына жағдай жасайды. Қоңыржай белдеулерде кұрлыққа сұғына орналасқан жағалық таяз теңіздерде де су қатады. Мұздар біржылдық және көпжылдық, қозгалмайтын және қалқыма (ықпа) болып бөлінеді. Қалқыма мұздардың таралу шекарасы жыл мезгілдеріне байланысты озгеріп отырады. Сонымен қатар бетін жаппай мұз басқан құрлық жағалауларынан сырғып, опырылған ірі мүздардан мұзтаулар (айс-бергтер) қалыптасады. Олардың пішіндері, биіктігі мен ұзындығы әр түрлі болады.

Кейбір мұзтаулардың ұзындығы бірнеше жүз км-ге жетеді. Бұлар аса таза тұщы су қоры болып табылады. Мұхит ауданының шамамен 15% -ын мұздар жауып жатыр. Қазіргі кезде мұздардың карқынды еруіне атмосфера мен гидросфераның ластануы әсер етеді. Мысалы, Арал теңізінің кұрғаған табанынан ұшқан тұз тозаңдары Арктика мұздарының бетінен де табылған. Егер мұздар жаппай еритін болса, Дүниежүзілік мүхит деңгейі қазіргісінен 70 м-ге көтерілген болар еді. Мұхиттардағы мұз жамылғысы Жер шарының климатына, ондағы тіршілік дүниесіне үлкен әсер етеді. Мұздар Күн еәулесін шағылыстырып, ауаның жылыну мүмкіншілігін азайтады. Салқын ауа мен қоңыржай белдеулерден келетін жылы ауаның түйісуі бұл аудандарда қалың тұмандардың қалыптасуына себепші болады. Олар кеме қатынасы мен теңіз кәсіпшілігіне кедергі келтіреді.

Мұхит сулары мен материктер табиғаты өзара байланысты: мұхит сулары жинаған жылуын атмосфераға беріп, ылғалдандырады. Осы жылу мен ылғалды мұхиттық ауа массалары құрлыққа жеткізіп, оның жағалық бөліктерінде ерекше мұхиттық (теңіздік) климатты түзеді. Бұл климаттық жағдай мұхит жағалауларында топырақ пен өсімдік жамылғысының және жануарлар дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады. Мұхит пен материк арасындағы өзара байланыс-тың айқын дәлелі — муссондар. Бұл желдер кұрлық пен мұхит ара-сындағы температура мен қысымның айырмашылықтарынан пайда болады. Муссондар бағыттарын жыл мезгілдеріне сәйкес екі рет өзгертеді. Муссондық климат Еуразияның Тынық, Үнді мұхиттары-мен шекаралас жағалауларына тән.Құрлық сулары да мұхитпен тығыз байланысты. Құрлық пен ауа кұрамында кездесетін барлық су түрлері (бұлт, жаңбыр мен қар, өзен-дер мен көлдер, бүлақтар) мұхиттың уақытша бөлінген бөлшектері болып табылады. Ал мұхит суы үнемі құрлықтан келетін өзен суларымен толығып отырады. Сонымен қатар мұхит суы бактериялардың әрекеті нәтижесінде белгілі дәрежеде өзін-өзі тазарта алады. Сондықтан құрлық бетінде түзілетін көптеген қалдықтар мұхиттың терең бөліктеріне тасымалданып, уақыт өте келе біртіндеп залалсызданады. Мұхит адамның шаруашылық әрекетінің сипатын да анықтайды. Өйткені мұхит — көптеген теңіз өнімдерінің, пайдалы қазбалардың, энергияның, шикізаттың көзі. Мұхит суы арқылы бір-бірінен қашық орналасқан құрлықтардың арасын байланыстыратын ең арзан жолдар өтеді. Мұхит жағасындағы денсаулыққа қолайлы жұмсақ климат, емдік қасиеті бар тұзды су, жанға жайлы құмды жағажайлар, табиғаты көркем мұхиттық аралдар адамдардың демалуы мен сауығуына жағдай жасайды. Ал теңіз өнімдерінен алынатын дәрі-дәрмектер мен тағамдар күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылады.

Мұхит табиғатының ең басты компоненті — оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды. Олар темпе-ратурасы, тұздылығы, тығыздығы, мөлдірлігі, оттегінің мөлшері мен ондағы кездесетін тіршілік дүниесі женінен айырмашылық жасайды. Су массалары тереңдікке және географиялық ендікке, атмосфе-раның әсер етуінің өзгеруіне байланысты түзіледі. Су массалары ендікке байланысты экваторлық, тропиктік, қоңыржай және поляр-лық болып ажыратылады. Бір ендіктің өзінде су массаларының қасиеттері түрліше болуы мүмкін. Сондықтан олар жагалық және нагыз мухиттық болып бөлінеді. Су массаларын тереңдігіне қарай беткі, тереңдік және түпкі қабаттарға жіктейді. Су массалары үнемі қозғалу әсерінен араласып, бастапқы қасиеттерін өзгертеді.

Мұхит суының беткі кабаты ғана емес, түбіне дейін де үнемі қоз-ғалыста болады. Оны қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Оған тұрақты желдер, Жердің ез білігінен айналуы әсерінен ауытқы-тушы күші, су температурасы мен тұздылықтың айырмашылығы, мұхит табанының жер бедері және материк жағалауларының пішіні жатады. Мұхиттық ағыстар туралы теңізшілер мен саяхатшылар ежелден-ақ білген және оны өз қажеттеріне (кеме қатынасы, шөлмек поштасы және т.б.) пайдаланып келген.

Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғалдың айналысында беткі агыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының аегізгі себебі жел болғандықтан, түрақты желдер мен ағыстардың бағыттары мен жылдамдықтары арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс әсіресе Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстардың қалыптасуы мен айналымын Атлант мұхитының солтүстік бөлігінің мысалында қарастырайық. Бұл ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат агысынанбасталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы агысты түзіп, судың бір бөлігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Сариб теңізіне жетіп, су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс — Голъфстримді түзеді. Гольфтрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40°.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыр қай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдерінің әсерінен Солтүстікатлант агысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температуасын жоғарылатады. Сондықтан бұл аудандарда қыс салыстырмалы түрде жылы, ылғалды болады. Ағыс Жаңа Жер аралдары маңына жеткенде, Арктиканың суық суларымен араласып, күшін жояды. Ал қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық сулармен араласып, Канар суық агысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат агысына жалғасады. Осылайша Атлант мұхитының солтүстігінде сағат тілі бағытындағы аса ірі су айналымы пайда болады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де калыптасады. Бұл жүйе Оңтустік Пассат агысы, Бразилия агысы, Батыс Желдері агысы, Бенгел агыстарынан кұралады. Бірақ оңтүстік жарты шарда Жердің ауытқу күші солға бағытталатындықтан, айналымның бағыты сағат тіліне қарсы қозғалады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио агысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтустік Тынық Мұхит агысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумболъдт немесе Перу агысы Бенгел ағысына ұксас. Бұл ұқсастықтар екі мұхиттың да полюстер аралығындағы географиялық орнымен байланысты.

Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардағы ағыстардың қалыптасуы олардың географиялык орнының ерекшеліктеріне қарай басқаша сипатта болады.

Оңтүстік жарты шардың коңыржай белдеуіндегі ашық су айдыны арқылы шеңбер жасап, Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс — Антарктикалық ағыс немесе Батыс Желдер агысы өтеді. Ол ені 1000-1300 км болатын, 1-5 км тереңдікке дейінгі су массаларын ағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді. Осы ағыс аркы-лы дүние жүзіндегі барлық өзендерден бір жыл ішінде ағып өтетін судан 200 есе көп молшердегі су ағып өтеді. Бұл батыс желдерінің өте куатты екенін дәлелдейді.

Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалда-уы мен бөлінуіне зор ықлал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде ісылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылыуына себепші болады. Жылы және суық ағыстар кебінесе қоңыржай белдеулерде түйіседі. Соның нәтижесінде қасиеттері түрліше судың араласуынан мұхит үстінде құйындар пайда болады. Бұл құбылыс мұхиттарға ғана емес, көршілес құрлықтар үстіндегі ауа райына да өсер етеді. Кылы және салқын мұхит суларының түйісу аймақтары Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділіктің жоғары ауданы болып есептеледі. сондықтан кәсіптік балықтар осы аудандарда көптеп ауланады.