1.Атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы. Атмосфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі ретінде жердің басқа қабықтармен тығыз байланыста болады. Атмосфераны бейнелі түрде ауа мұхиты деп атайды. Оның, әсіресе, жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Ауа қабыты жердегі тіршілікті ғарыштан келетін зиянды сәулелерден, жерге құлайтын шағын аспан денелерінен қорғайды. Егер атмосфера болмаса, жер ғаламшардың беті Айдағы тәрізді меториттермен шұрқ-шұрқ тесілген, тіршіліксіз шөлге айналған болар еді. Сонымен қатар, ауа қабаты күндіз жер бетін шамадан тыс қызып кетуден, ал түнде күрт салқындаудан сақтайды.
Жер шарының ауа қабығы – атмосфераның құрамы мен құрылымы туралы білесіңдер. Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты – тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары – бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға – қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеліп соқтырады. Сондықтан тропосфераны ауа райы жасалалынатын орны деп те атайды. қазіргі кезде апатты құбылыстардың алдын алу үшін адамзат алдында ауа райын болжау мен басқара білу міндеті тұр.
Сендер белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын құбылысының климат деп аталады. Климат табиғаттағы маңызды компаненттердің бірі. Олматериктер мен мұхиттардағы ірі табиғат кешендерінің қалыптасуының, орналасуын анықтап, адамдардың тұрмыс мен шаруашылық әрекетінің сипатын айқындайды. Сондықтан климаттың қалыптасу себептерін білу өте қажет.
2.Климаттық карталар. Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор. Бұларда климаттың басты элементтері: температура, қысым, жел, жауын-шашын және т.б. таралуы, климаттық белдеулердің орналасуы көрсетіледі. Картада кейде климаттың бір ғана элементі, мысалы, температураның тарлуы немесе жылдық жауын-шашынның мөлшерімен таралуы, ал кейде бірнеше элементтері қатар беріледі. Климаттық элементтердің тарлуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді: температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар изотермалар (гректің «изос» — бірдей «термос» — жылу деген сөзінен шыққан), қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобара («барос» — қысым, салмақ), жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изогиета («гиетос» — жаңбыр) деп аталады. Изосызықтар айқын ажыратылуы үшін олардың аралықтары шартты түстермен бойалады. Сонымен қатар бұл карталарда ең жылы және ең суық айлар шілде мен қаңтардың орташа температуралары, белгілі жерде байқалған ең жоғары (абсолюттік максимум) және ең төменгі (абсрлюттікминимум) температуралар көрсетіледі. Қыс пен жаздағы ауа массалары мен басым желдер көк және қызыл түсті бағытты сызықтармен беріледі.
Климаттық белдеулердің қалыптасуы жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне байланысты. Оның мөлшері географикалық ендіепен анықталады. Мәселен, эквадор екі жағындағы тропиктер ралығында күн сәулесінің түсу бұрышы үлкен болады, яғни жыл бойы жылуды мол алады. Сондықтан жер беті тез қызып, атмосфераның оған жанасқан төменгі бөлігінде темретатура жоғарылайды. Соның нәтижесінде мұндағы жылдық орташа температура +250 , 260 С шамасында болады. Ал экватордан полюстерге қарай күн сәулесінің түсу бұрышы кемитіндіктен, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігінде жылдық орташа температура -100 С, ал оңтүстік полюсте орналасқан Антарктиданың орталық бөліктерінде -500, -550 С –қа дейін төмендейді. Жердің күнді айнала қозғалуы мен пішініне байланысты күннің бұрышы тропиктер мен полюстер ралығында, әсіресе қоңыржай белдеулерде жыл ішінде күшті ауытқуларға ұшырайды. Сондықтан ауа температурасы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
3.Атмосфералық қысым белдеулері жер бетінде күн сәулесінің әркелкі түсуі мен жердің өз білігінен айналуы әсерінен болатын ауытқу күшіне байланысты қалыптасады.
Жер бетіне төмен қысым басым болып келетін үш белдеу және жоғары қысым басым болып келетін төрт белдеу бар. Ауа ағысы көлденең бағытта ғана емес, тік бағыта да қозғалады. Экватор маңында күшті қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдей беретіндіктен жоғары көтеріледі, яғни ауаның тұрақты өрлеген қозғалысы пайда болады. Соның нәтижесінде экватор маңындағы жер бетіне төмен қсым белдеуі қалыптасады.полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен бағытталады, яғни төмендеген ауа қозғалысы пайда болады. Осыған байланысты полюстер маңындағы жер бетінде жоғары қысым белдеуі қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы бөлігінде ауа қозғалысының қысымы керісінше сиптта болады. өрлеген ауа қозғалысы басым болатын экватор үстінде қысым жоғарылап, ал полюстер үстінде төмен қысым басым орнайды.
Ауаның әрқашан жоғарғы қысымды аймақтардан төменгі қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Осы себепті экватор маңындағы жоғарғы көтерілген ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде төмен түсе алмай, торпосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа жердің өз білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 300 с.е. (солтүстік ендік) пен 300 о.е. (оңтүстік ендік) маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төменгі қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.
Сонымен, жер бетінде өрлеген ауа ағымы басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.