Материктер мен мұхиттар картасы

Карта географиялық білімді қалыптастыру мен тереңдетудің маңызды құралы болып табылады.

Карта — математикалық заңдарға негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген көрінісі. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатынын білесіңдер. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.

Бұрмаланулар ұзындыққа, ауданға және пішінге, бұрышқа байланысты бұрмаланулар деп жіктеледі. Ірі масштабты топографиялық карталарда бұрмаланулар онша байқалмайды. Ал неғұрлым ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда бұрмалану мүмкіншілігі артады. Сондықтан бұрмалану мүмкіншілігін азайту мақсатында географиялық карталарда әр түрлі проекциялар қолданылады: тең бұрышты, тең ауданды және еркін алынған проекциялар.

Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындығы мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды. С’ондықтан мұндай проекциялар теңіз кемелері мен ұшақтардың жүру жолдары мен ұшу бағыттарын нақтылау мақсатында пайдаланылады. Ал бұл картадан ауданды нақты анықтау мүмкін емес.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл берілгенімен, географиялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің, мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмала нулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді. Бұрмаланушылық картаның бір бөлігінде мүлдем қалмаса, ал екінші бөлігінде, керісінше, бұрмаланушылық дәрежесі күрт артады. Еркін алынған проекциялар арасында тең аралық проекция кеңінен қолданылады. Онда белгілі бір бағытта: мередиан бойынша немесе параллельдер бойынша бұрмаланушылықтар мүлдем байқалмайды.

Проекциялар жазықтық бетіне көшірілу пішініне қарай да жіктеледі. Ең көп қолданылатын түрлері — цилиндрлік, конустық, конусты және азимуттық проекциялар. Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады. Мұнда бұрмаланулар экватор маңында мүлдем байқалмайды да, алостерге карай артады. Экватор сызығы кесіп өтетін Африка мен оңүстік Америка материктерінің карталары, жекелеген аудандары да карталары да цилиндрлік проекция негізінде жасалады. Конуституциялық проскциялар солтүстік полюске жақын орналасқан Еуразия мен оңтүстік Америка материктерін карта бетінде бейнелеу барысында колданылады. Бұл проекция бойынша материктердің пішіндері мен аудандары біршама жақсы сақталғанымен, жоғары жатқан полюс аймақтары күшті бұрмалануға ұшырайды, карталардың орталық беліктерінде бұрмалану неғұрлым аз байқалады. конусты проекцияда карталарда көп пайдаланады. Онда материктердің пішіні жалпы сакталғанымен, орталық ауданы бұрмалануға ұшырайды. Азимуттық проекция белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін колданылады. Әсіресе полюстер маңындағы аймақтарды карта бетінде бейнелеу үшін өте қолайлы проекция болып табылады.

Сендер алдыңғы сыныпта ендік, бойлық ұғымдарымен және гео-графиялык координатты анықтаумен таныстыңдар. Сол сияқты кар-таларда қолданылатын шартты белгілерді ажыратуды да үйрендіңдер. Материктер мен мұхиттардың карталарында шартты белгілердің не-ғұрлым күрделі жүйесі қолданылады.

Карталардағы шартты белгілер жүйесі картаны оқып үйренудің ең басты құралы болып табылады. Олар географиялық объектілердің орнын ғана көрсетіп қоймай, оның құрылымын, сандық және сапалық жағынан да толық сипаттайды. Шартты белгілер жүйесі карталарда қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Масштабтың немесе кескіндік шартты белгілер объектілердің мөлшерін карта масштабы бойынша дәл көрсетіп, бояулар мен сызықтар арқылы кескіндейді. Мысалы, карталарда әр табиғат зонасы, батпақ пен жылжымалы құмдар және т.б. өздеріне сәйкес шартты белгілермен бейнеленеді. Масштабсыз шартты белгілер жүйесі карта масштабына қатысы жоқ әр түрлі геометриялык, пішіндер, сызба-суреттер, әріптер және т.б. таңбалардың жиынтығынан тұрады. Мысал ретінде елді мекендер мен пайдалы қазбалардың арнайы белгілерін, жануарлар мен өсімдіктердің карта бетіндегі суреттерін айтуға болады. Сызықтық белгілермен карталарға өзендер, жолдар, байланыс жүйелері мен шекаралар белгіленеді. Олардың ұзындығы масштабқа сәйкес алынады, ал ені масштабсыз, еркін беріледі. Сонымен қатар карталарда түсіндірме белгілер мен жазба белгілер де кездеседі. Олар өзендердің ұзындығын, тау шыңдарының биіктігін, мұхиттар мен теңіздердің, көлдердің ең терең бөліктерін және т.б. көрсетеді.

Материктер мен мұхиттар географиясын оқып үйрену барысында кептеген карталар пайдаланылады. Өйткені сендер карта бойынша материктер мен мұхиттардың алып жатқан орнын, ондағы географиялык объектілердің (таулар, жазықтар, өзен-келдер және т.б.) орналасуын, табиғат кешендерінің ерекшеліктерін анықтай аласыңдар. Картаның көмегімен дүние жүзіндегі елдердің орналасуы мен халқының шаруашылық әрекетімен танысуға болады. Сондықтан карталар мазмұнын оқи білудің және олардың түрлерін ажырата алудың маңызы зор.

Карталар мынадай төрт белгісіне:

1) Қамтитын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карта-
лары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың
бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

2) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

3) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

4)Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары
мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар) қарай топ-
тастырылады.

Әр түрлі карталардың жиынтығынан тұратын оқу құралын атлас деп атайтынын білесіңдер. Материктер мен мұхиттар географиясына арналған карталар жиынтығынан тұратын атласпен жұмыс істеу барысында сендер алдыңғы сыныпта және осы тақырыпта берілген картографиялык мәліметтерге сүйенетін боласыңдар.

Карталардың маңызы оларда географиялық мәліметтердің жинақталуымен анықталады. Мазмұнына қарай барлық карталар жалпы географиялык және тақырыптық болып бөлінеді. Жалпы географиялық карталарда жергілікті жердің басты объектілері түгел және дәл бейнеленеді, бұған физикалық карталар мысал бола алады. Ал тақырыптық карталарда жекелеген компоненттері (жер қыртысының құрылысы, климат, топырақ, өсімдік), халықтардың орналасуы мен шаруашылық түрлері және т.б. беріледі. Тақырыптық карталардың мазмұны нақты бір құбылысты бейнелеуімен анықталады.тақырыптық карталардың маңызды бір тобы мұхиттық карталардан тұрады. Мұнда Дүниежүзілік мұхит суы және оның кұрамдас бөліктері, жағалық сызықтары, аралдары, мұхит табанының жер бедері, судың беткі температурасы мен тұздылығы, беткі ағыстары және тереңдіктері көрсетіледі. Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады. Материктер мен мұхиттар географиясында осындай карталар көп пайдаланылады.