Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытылады? Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы табиғатының қалыптасу кезеңдері, қайталанбас әсем көріністері мен апатты құбылыстары жөнінде нақты мәліметтер аласыңдар. Сонымен қатар табиғат кешендерінің құрылымдық ерекшеліктері және олардың жеке материктер мен мұхиттарда орналасу заңдылықтары, адамзаттың табиғат байлықтарын шаруашылық қажетіне пайдалануын оқып үйренесіңдер. Сендер құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұланғайыр жазықтардың табиғатымен танысасыңдар. Мәңгі мұз құрсауындағы аймақтар мен аптапты шөлдер, мол сулы өзендер мен шалқар көлдер, ит тұмсығы батпайтын ну ормандар мен ми батпақтар, шалғынды далалар мен тақырлар жайында да мол мағлұматтар аласыңдар. Дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттері жайлы қызғылықты деректер табасыңдар. Адамзат болашағы мен қазіргі тұрмыс-тіршілігін табиғи ортамен біртұтас байланыста қарастыру мақсатында жеке елдер мен халықтар туралы мәліметтер де келтірілді. Жоғарыда аталған деректер оқулық соңындағы «Жер — біздің ортақ үйіміз» бөлімінде қорытындыланады.

Материктер мен аралдар, дүние бөліктері. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн. км2-ге тең. Ол мате-риктер мен мұхиттарға бөлінген. Құр-лықты күрайтын материктер мен арал-дар үлесіне шамамен 149,1 млн. км2 не-месе бүкіл Жер бетінің 29,2 %-ы (пайы-зы) келеді. Жер шарында барлығы алты материк бар. Окулықта материк-тер калыптасуы мен казіргі табиғат ерекшеліктеріне сөйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай төртіппен қарастырылады: Еуразия, Солтүстік Америка (солтүстік жарты шар) және Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида (оңтүстік жарты шар).

Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік бет-
кейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар — жер қыртысындағы
қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері,
көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ
аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі тем-пературасы +25°С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі ар-хипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка («Жаңа Дүние»), Америка («Жаңа Дүние»), Аустралия, Антарктида.

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар — финикиялыктардың «эреб» — батыс, «асу»- шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, бір-тұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 361,1 млн. км2, бұл Жер беті ауданының 70,8 % -ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлі-неді: Тынық, Атплант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі — Тынық мұхиттағы Ма-риана шұңғымасы (11 022 м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.

География ғылымы адамзаттың тарихы мен мәдениетінің қалып-тасуымен, тұрмыс-тіршілігімен және қоршаған мекен ортасын танып-білуімен тығыз байланысты. Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық құрылыс кезінен-ақ жинақтала бастады. Жазудың пайда болуы географияның ғылым ретінде қалыпта-суына зор ықпал етті. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды. Сондықтан географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары Месопатамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтармен нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бас тады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми иегізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. Мұнда тұңғыш рет табиғат жағдайларының алуан түрлілігі географиялық ендікке байланысты түсіндіріледі. Сонымен қатар Геродот сол кезеңде гректерге мәлім болған аймақтар және Каспий теңізі мен оның маңын мекендейтін сақтар жөнінде нақты мәліметтер келтірген. Ежелгі грек ғалымы Аристотель Жердің шар тәрізді екендігі туралы Пифагордың түсінігін дамытып, ғылыми түрде негіздеді. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған. Ғалым сол кезде гректерге белгілі адамдар қоныстанған жерлерді «ойкумен» деп атап, ойкумендердің картасын құрастырған. Эратосфсн «Географика» деп аталатын еңбегінде өзіне дейін Жер туралы белгілі болған мәліметтерді жинақтап, алғаш рет «география» ұғымын ғылымға енгізген. Сондықтан грек ғалымы Эратосфенді «География ғылымының атасы» деп атайды.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған. Ғалым Каспий теңізін Жерді айнала қоршаған төрт бұғаздың бірі деп түсініп, өз еңбектерінде оған сипаттама берген. Страбон географиядағы елтану бағытына негіз салған.

Орта ғасырдағы географиялық ашуларды бастаған арабтар Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауынан Зонд аралдарына дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат жасады, математикалық географияның дамуына зор үлес қосты. Ал IX—XI ғасырлар аралығында Еуропаның солтүстігін мекендеген нормандар (викингтер) алдымен Исландия аралын ашып, оған қоныстанып, кейіннен Гренландия мен Солтүстік Америка жағалауларына дейін жеткен. Жер туралы мәліметтер XIII ғасырда венециялық көпес Марко Полоның Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтармен толықтырылды. Еуропалық саяхатшылар Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук XIII ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып, құнды географиялық деректер жинақтаған. Сондай-ақ XV ға-сырдың екінші жартысында тверлік көпес Афанасий Никитин Парсы жерін басып өтіп, Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.

Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XV — XVIII ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады. Географиялық ашылулардың барлығы феодализмнің ыдырау кезеңінде жаңа жерлерді басып алып, өте қуатты капиталистік мемлекеттердің қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде мынадай басты географиялық ашылулар болды:

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашылуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп атаған аймаққа кейіннен тағы үш рет саяхат жасады; 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) портына келіп тоқтады, Үндістан мен Оңтүстік Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Калумб ашқан жаңа жерлерге 1499 — 1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи үш рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екендігін дәлелдеді. Кейіннен 1507 жылы Мартин Вальдземюллер Веспуччидің екі хатының негізінде «Космографияға кіріспе» деп аталатын еңбегін жариялады. Осы еңбегінде жаңа ашылған жерлерді Еуропа, Азия, Африкадан кейінгі төртінші дүние бөлігі ретінде Америго Веспуччидің құрметіне Америка деп атауды ұсынды. Ал 1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

1648 жылы Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

XVII ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін ез атымен аталған аралды, XVIII ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығысжағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су менҚұрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді;

XVIII ғасырдан бастап экспедициялар арнайы ғылыми бағыттарға негізделіп, құрыла бастады. XIX ғасырдың басында ашылмаған
жерлер қатарына Арктика мен Антарктика ғана жататын еді;

XVIII ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В. Беринг пен А.И. Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдирын ашты;

  • 1803-1806 жылдар аралығында И. Ф. Крузенштерн мен К). Ф. Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

1819-1821 жылдар аралығында Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктида материгін ашты;

  • 1909 жылы американдық Р. Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы норвек Р. Амундсен Оңтүстік полюске жетті;

XIX ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар материктер ішіндегі «ақ таңдақтарды» жоюмен, яғни бұрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты болды. П.П. Семенов-Тян-Шанский мен Н.М. Пржевальский экспедициялары Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеді. Орталық Азияны зерттеушілер қатары да қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов та бар. А. Гумбольдт Оңтүстік Америка мен Азияның, Д. Ливингстон мен Р.Стенли Африка табиғатының көптеген құпияларын ашты. Орыс саяхатшысы Н.Н.Мию хо-Маклай 1870-1887 жылдары Тынық мұхит аралдары мен Жа Гвинея, Аустралия жағалауларында зерттеулер жүргізді. Өзі бес рет болған Жаңа Гвинеяның табиғаты мен ондағы жергілікті халық папуастардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жинақтаған ғалымның ғылыми деректерінің маңызы әлі де зор.

XX ғасырдагы ірі жаңалықтар Антарктида материгінің табиғиты мен, оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерілік сиптымен байланысты болды. Әсіресе дәйекті зерттеулер 1957-58 жылдар аралығындағы Халықаралық Геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Ол жұмыстардың нәтижесінде Антарктиданы толық сипаттайтын екі томдық атлас даярланды.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашылулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізілуде.