Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты — тәуелсіздікті, егемендік пен мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні — көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарға бөлінеді.
Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.
1992ж. мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.
Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы — Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы қалыптасты. 1993ж. бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері — Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлері кеңесі, сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.
ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграция жолындағы өзара қарым-қатынастарындағы маңызды сәт 1993ж. интеграцияға мерзімінен бұрын қол жеткізу — тауарлар, қызметтер, қаражат және жұмысшы күштерінің ортақ рыногын кезеңдерге бөліп құруды айқындаған Экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойылу болды. Оның мүшелері осындай рынокқа қарай талпынысты еркін сауда аймағын, кезеңдік және төлемдік одақтарды құру арқылы байқады. Экономикалық одақтың (ТМД экономикалық кеңесі) Мемлекетаралық экономикалық комитеті жұмысшы ұжымдық органға айналды.
Осыған байланысты 1994ж. Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшылары еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге ал 1999ж. 2 сәуірде Келісімде көрсетілген нәрселерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Протоколға қол қойды.
1997ж. Достастықтық дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл уақытта ТМД-ға мүше елдер өз егемендіктері мен тәуелсіздіктерін нығайтып, халықаралық және аймақтық ұйымдардың жұмысына атсалысудан тәжірибе жинақтап қалған еді. Мемлекеттердің әрқайсысы ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда екі жақты да, көп жақты да деңгейде өз қажеттерін айқындап алды.
Сонымен бірге Достастық жұмыстарында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара бірігіп саяси қимылдар жасаудың аса жоғары деңгейімен экономикалық ынтымақтастық қарқыны арасындағы алшақтық байқалды. Қол жеткізілген келісімдердің, әсіресе экономикалық саладағы шартардың жүзеге асуы көкейтесті мәселеге айналды.
Экономика саласында құқықтық негізі 1994ж. сәуірде қол қойылған тиісті келісімде қаланған еркін сауда аймағын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру туралы пікірлер бір жерден шықты.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998ж. жылғы 28 сәуірдегі ТМД Саммитінде реформалау мен ТМД-ң стратегиялық мақсаттары мәселелері бойынша негізгі баяндамасын оқыды. Н.Назарбаев толық көлемді Келісім жөніндегі ТМД-ны дамытуға байланысты ұсыныстардың бәрін қамтиды, ТМД-да ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі мәселені құрастыруды ұсынды.
1999ж. 2 сәуірде өткен аталған Форум жұмысының қорытындысы бойынша Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жұмыстарын жандандыру мақсатында, Қазақстан жағының ұсынысымен мемлекет басшылары Достастық пен ТМД-ның Атқарушы Секретариатының жаңа схемасын бекітті, Мемлекетаралық экономикалық Комитет аппараты үздіксіз жұмыс істейтін атқарушы, әкімшілік және біріктіруші орган — ТМД Атқару Комитеті болып қайта құрылды. Сонымен қатар Атқару Комитеті қызметкерлерінің штаттық саны қысқартылды, Достастықтың кейбір салалық кеңестері жойылып, олардың өкілеттіктері Достастықтың Атқару комитетіне берілді.
Алайда Достастық органдарының қазіргі жай-күйін талдай келіп, өзара қимыл жасау деңгейінің іс жүзінде барлық өмірлік маңызы бар салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты қалпына келтіріп, дамытуда айтарлықтай нәтиже бермегенін айта кету керек.
Сондай-ақ, Достастық елдерінде пайда болып келе жатқан күрделі жағдайдың ұлғаюы мен дағдарысты ахуалдар барлық мүше-мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты үстіміздігі жылдың 21 маусымындағы Достастыққа мүше мемлекеттер көлемдерінің отырысында 2003 жылға дейінгі кезеңге арналған халықаралық терроризм мен басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөнінде Бағдарламасы қабылданды, ТМД-ң Терроризмге қарсы орталығын құру туралы шешімге қол қойылды және осы орталықтың басшысы бекітілді.
Сонымен бірге Достастыққа мүше мемлекеттер көсемдері стратегиялық тұрақтылыққа қолдау жасау мәселесі бойынша Мәлімдемеге қол қойды. Онда 1972 жылғы 2 мамырдағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімнің тарихи маңызы халықаралық қауіпсіздікті қазіргі жағдайда қамтамасыз етудің іргетасы ретінде атап өтілді.
Ал Достастық жұмысының оптималды схемаға көшуі үшін Қазақстан төмендегі ұсыныстарды алға тартуда:
- ТМД мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммитін жылына бір рет өткізіп тұру және онда Достастық жұмыстарының өткен кезеңдегі қорытындыларын қарастыру, алдағы жылға негізгі бағыттарды белгілеу, ТМД шеңберінде ғана емес, одан да кең көлемде пайда болып келе жатқан үлкен қауіп-қатерлерге бірігіп жауап беру үшін тиісті алғышарттар мен жағдайлар туғызатын шешімдер қабылдау
- ТМД Атқару комитетінің салалық кеңестері, комитеттер мен комиссияларға мәселелерді дербес қарастырып, өздеріне берілген өкіметтіктер аясында соған сәйкес шешімдер қабылдау құқығын беру. Қазіргі уақытта Атқарушы комитет жанында әр түрлі салада әскери ынтымақтастықты жұмылдыру жөніндегі штаб мүше-мемлекеттердің үлестік салымдары есебінен жеке қаржыландырылатын құрылымдарды қоспағанда 57 салалық кеңестер, комитеттер мен комиссиялар жұмыс істеуде.
Салалық министрлерге Достастықтың Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына енгізілетін халықаралық құжаттарға қол қою өкілеттігін беру. Өйткені бүгінгі күндері халықаралық келісімдерге Достастықтың мемлекет басшылары, үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері қол қоя алады.
ТМД Атқару комитеті жұмыстарын жандандыру мақсатында Қазақстан мынандай ұсыныстар жасады:
- жыл сайын Достастықтың барлық мемлекеттерінің қаржы органдары өкілдерінің қатысуымен Атком органдарының қаржы жұмыстарын тексеру:
- қызметкерлердің жалпы санын қосымша қысқарту, Минск пен Мәскеудегі Атқару комитетінің жұмысшы органдарының жұмыстарын жандандыру, Төрағаның жұмыстан босаған орынбасарларының санын мемлекет өкілдерінен тұратын 4 адамға дейін елдердің алфавиттік реті бойынша қысқарту
- Минскідегі аппараттың бір бөлігінің ұйымдастырушылық-саяси мәселелермен және ТМД-ң ортақ бюджетімен, ал Мәскеудегі бөлімнің еркін сауда аймағын құрып, дамытуды қоса алғанда экономикалық мәселелермен айналысатындығын көрсете отырып, Аткомдағы департаменттер санын қысқарту.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге 1992ж. 15 мамырда Ташкентте қол қойылды. ҰҚК-ға 9 мемлекет мүше болды. Келісім 1999 ж. сәуірде күшін жойды. 1999ж. 2 сәуірдегі ТМД мемлекеттері басшыларының Саммитінде Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа мүше-мемлекеттер ҰҚК-ның ұзартылуы туралы Протоколға қол қойды. Грузия келісімнің қайта жасалуы бойынша жұмыстар толық аяқталған соң ғана мүшелікке өтуге келісті.
Басқа 6 мемлекет үшін Протокол 2000ж. 22-наурыздан бастап күшіне енді.
Қазіргі күндері ҰҚК Келісімге мүше-мемлекеттердің әскери-саяси саласындағы интеграция үшін шынайы ядро және негізгі құрылымға айналып келеді.ҰҚК-ге мүше-мемлекеттер арасындағы әскери-саяси қарым-қатынастарға Келісімге кірмейтін басқа елдермен саяси байланыстар мен қатынастарға қарағанда көбірек көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚК) оның мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әзірге жалғыз механизмі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы көлеміндегі инеграциялық процестерді дамытудың маңызды әскери-саяси құрамдас бөлігі болып табылады.
Келісім өзіне жүктелген сенімді әскери құрылыс саласындағы ынтымақтастықты жөнге келтіруге жол ашатын құрал ретінде ғана емес, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті, мүше-мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де ақтады.
Қазақстанның негізгі мақсаты — Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімде қамтылған, республикалардың ұлттық қауіпсіздігі бойынша көптеген әскери және саяси мәселелерді шешуге арналған потенциалды жоғары деңгейде пайдалану.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК-ге мүше-мемлекеттермен бірінші кезекте 2003ж. дейінге уақытқа арналған халықаралық терроризм мен басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөніндегі Бағдарлама туралы үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында қабылданған Шешімдер аясында Қазақстан мемлекет Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері шеңберінде және ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығымен бірігіп жұмыс істеуде.
Қазақстан сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру болып отыр.
Интеграциялық процестердің дамуы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, ішкі қайта қалыптастырулар мен реформалаулар мақсатында сыртқы жайлы ортаны қалыптастыру үшін қажет.
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы идеясы 1994ж. 30 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістанның қатысуымен жасалған Ортақ Экономикалық кеңістік (ОЭК) туралы Келісімге қол қойылумен өзінің шынайы көрінісін тапты. Аталмыш келісім толыққанды мүше болып 1998ж. 26 наурызынан бастап Тәжікстан қосылды. Келісімді дамыту аясында 1994ж. шілдеде Президент Шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары — Премъер-министрлер Кеңесі, Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері Кеңесі мен олардың тұрақты жұмыс істейтін органы — Атқару комитеті құрылды. Сол уақытта қаражаты мүше-мемлекеттердің үлестік салымдары арқылы қалыптасатын Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫжОБ) құру туралы Келісімге қол қойылды. Мемлекетаралық кеңес отырысында (1998ж. 17—18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы — Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия экономикалары үшін арнайы Бағдарлама жөніндегі ұсынысы өте маңызды. Бұл ұсыныс екі басты мақсатты алға қояды: біздің аймақ мемлекеттері арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсу және Орталық Азия елдерінің Европа және Азиямен экономикалық интеграциясы. Бағдарлама төмендегі нәрселерге баса назар аударады: транспорттық инфрақұрылым, су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, шетел инвестицияларын тарту және көмір-сутегі шикізатын әлемдік рыноктарға жеткізудің әр түрлі жолдары.
Интеграциялық процеске мерзімінен бұрындық және өзара тиімділік сипат беру үшін қазіргі уақытта;
Денсаулық сақтау мен білім саласында келісімдер жасалып, жүзеге асырылуда.
Есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша бірігу және өзара бірігіп қимыл жасау үшін есірткі құралдарын, психотроптық бұйымдарды қадағалау жөнінде Мемлекетаралық Комиссия құрылды. Комиссия туралы ережелер мен оның құралы бекітілді.
Ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында ғылыми-техникалық дамудың Координациялық Кеңесі (ҒТДКК) туралы ережелер мен оның құрамы бекітілді, халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен олардың орындалуына мүше-мемлекеттерінің ғалымдары мен мамандарын тарту тәртібі туралы екі келісімге қол қойылды.
Келісімдер мен шарттардың орындалуын талдау арқылы жалпы алғанда ОАҒҚ-ға мүше мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік және әскери мәселелер төңірегіндегі ынтымақтастықты дамытуға, әрбір республикалық мүддесін есепке ала отырып экономикалардың интеграциясын тереңдетуге саяси еркіндігіне куә боламыз.
Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы интеграциялық процестердің жалғаса беруін жақтайды.
“Шанхай бестігінің” жұмыстары жайлы
Бес ел ынтымақтастығының нәтижесі деп Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлер орынбасарларының 1992 жылғы қыркүйектегі Минскіде өткен кездесуі мен аталмыш елдердің Қытай, Халық Республикасымен мемлекеттік шекаралары мәселелері бойынша келіссөздерін айтуға болады.
1996ж. 26 сәуірде Шанхай қаласында бес мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы арасында шекара аймағында әскери салада сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. (1998ж. 7 мамырда күшіне енді).
1997ж. 24 сәуірде ел көсемдері Қазақстан Республика, Қытай Халық Республлика, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы арасында шекара аймағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Келісімге қол қойды.
Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісім сондай-ақ төмендегі бөлімдерімен ортақ құжат болып табылады:
- Белгіленген сызықтары бар, географиялық шектер мен осы сызықтардың өтуінің Мәтіндік сипатталуын көрсететін Карта сүйенетін Келісімнің қолданылуының географиялық шегі туралы протокол.
- Келісім аясындағы мәліметтер алмасудың категориялары мен форматтарын белгілейтін ақпарат алмасу туралы Протокол.
- Бақылау объектілерінде, қысқарту орындарындағы және тараптар инспекторлары көрсеткен аудандардағы вертификациялық шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін мұқият қарастыратын бақылау мен тексеру туралы Протокол.
- Жеке құрам санын қысқартудың, Келісімде көрсетілген қару-жарақ пен әскери техниканы жою немесе 100 км-ден алыс жерге шығарудың нақты формалары мен әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы Протокол.
Келісімнің де 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін, келесі бес жылға ұзартылу мүмкіндігімен күші бар.
1999ж. 24-24 тамызда Бішкекте бес мемлекет басшыларының Саммиті болып өтті. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының Декларациясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасында үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы Келісімге қол қойылды.
Шанхай қаласы (26.04.1996ж.) мен Мәскеу қаласында (24.04.1997ж.) қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту үшін 1999 жылдың 1 және 11 қарашасы аралығында Пекин қаласында Сенім туралы келісім мен Қысқарту туралы Келісім аясында құрылған Бірлескен бақылау табының (ББТ) бірінші сессиясы өтті.
ББТ сессиясында мынандай жұмыстар атқарылды:
- ББТ жұмыстарының тәртібі туралы Ережелер мен бірінші отырыстық Протоколы толықтай келісіп, оларға қол
қойылды. Ережелерде ББТ жұмысының ұйымдастыру формалары мен механизмдері анықталды.
- 1998ж. күшіне енген Сенім туралы Келісімнің орындалуына қатысты мәселелер бойынша консультациялар өткізілді.
- 1999ж. Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты Тараптар жеке құрам, шекараның
екі жағынан да 100 км қашықтықта тұрған қарулар мен әскери техника туралы ақпарат, сонымен қатар Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісімде қамтылған әскери техника үлгілерінің альбомдарымен ресми алмасуды жүзеге асырды. Аталмыш факт тұңғыш рет Азияда орын алды және Тараптар жұмыстарында едәуір жетістіктерге қол жетті. Құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мәні жөнінен, оны ОБСЕ мен 1999 жылғы Вена Құжаты аясында әскери ақпарат алмасумен салыстыруға болады.
- 2000 жылдан бастап, жыл сайын 15 желтоқсанға дейін тек Қысқарту туралы келісімде қарастырылған тиісті ақпарат
алмасуға дағдаластыққа қол жетті, өйткені оның көлемі Сенім туралы келісімге сәйкес ұсынылатын ақпаратқа толық сай келеді, тіпті одан асып түседі.
- 1999ж. қазанда өткен алғашқы инспекция барысында пайда болған мәселелер және оларды шешудің жолдары
талқыланды. Бақылау объектілерінің инспекциялары жөніндегі Есептің мазмұны мен формасына байланысты ортақ шешімдерге қол жеткізілді.
- Баспаға беру үшін ББТ-ң бірінші сессиясы туралы хабардың мәтіні келісілді.
- Құлақтандырулар туралы және ақпарат алмасу жөнінде жасалған әртүрлі құжаттар үлгілерінің табелін талқылау
жалғасты.
- Бірлескен делегация шеңберінде Сенімді нығайту туралы келісім мен Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің
орындалуы жолындағы өзара бірігіп қимылдаудың принциптері мен тәртібі туралы келісімнің жобасына қатысты пікір алмасу жалғасын тапты.
2000 жылы 23 мамыр мен 6 маусым аралығында Пекинде ББТ-ң екінші сессиясы өтті.
БТТ отырысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- Тараптар Сенімді нығайту туралы Келісім мен Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің ББТ-ң бірінші
сессиясынан бергі уақыттағы орындалу барысын талқылады және аталмыш Келісімдердің табысты, жүзеге асып жатқандығын қанағаттанғандықпен атап өтті.
- Тараптар Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісімде қарастырылғандай инспекция өткізуге кірісуге дағдаласты
және инспекция өткізудің 2000 жылғы жоспарын келісті.
- Тараптар Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісім мен Сенімді нығайту туралы Келісімде қарастырылған ақпарат
алмасу бойынша құлақтандырулар форматтарын, қару-жарықтар мен әскери техниканы қысқарту орындарына инспекция туралы есеп пен талап бойынша инспекция туралы есеп формалары бекітілді.
- Тараптар 2000 жылғы бақылау объектілеріне инспекция жүргізу кезінде инспекциялық топтың инспекцияланатын
мемлекет аумағында 3 тәуліктен артық болмауы белгіленді.
- Бірлескен тарап ұсыныс түрінде рекомендациялық құжат ретінде инспекциялық топтарға көмек жасауды
ұйымдастырудың әдістемесін жасап ұсынды. Қытай тарапы бұл құжатты назарына алды.
- Тараптар 2000 жылдан бастап жылына 2 рет 1 шілдеге және 15 желтоқсанға таман инспектор тізімдерімен алмасуға
уағдаласты.
- Талаптар ББТ мүмкіндіктерінің сондай-ақ, әскери саладағы сенімнің нығаюы мен кеңеюімен байланысты
мәселелерді қарастыру үшін қолданылатындығын баса көрсетті және бұл мәселені ББТ-ның кезекті сессиясында арнайы қарастыруға уағдаласты.
- Тараптар ББТ-ң келесі сессиясын 2000ж. күзде Бірлескен тарап елдерінің бірінде өткізуге келісті. Үшінші
отырыстың үстіміздегі жылдық қазан айында Мәскеу қаласында өтетіндігі жөнінде алдын-ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
Алматы (03.07.1998ж) және Бішкек (25.08.1999ж) қалаларында қабылданған уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында Қырғызстан астанасында 1999ж. 20 қараша мен 2 желтоқсан аралығында бес мемлекеттің құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу халықаралық терроризммен, есірткі мен қару контрабандасымен, заңсыз көші-қонмен күрестегі ынтымақтастық мәселелеріне арналды.
Делегациялар басшылары “Шанхай бестігіне” мүше мемлекеттер — Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерінің ынтымақтастығы мен өзара қимыл-әрекеті туралы Бішкек меморандумына қол қойды. Соған сәйкес “Бішкек тобын” құру туралы шешім қабылданды.
2000ж. 29 наурызда Астанада Қазақстанның ұсынысымен бес мемлекет сыртқы істер министрлерінің кездесуі болды. Кездесу барысында әскери ведомстволар басшылары Шанхай мен Мәскеу келісімдерінің орындалу сипатын, сонымен бірге аймақтағы ахуалды талқылады. Өзара қимыл-әрекетті, халықаралық терроризм, қару мен есірткі контрабандасының көріністеріне бірлесе қарсы тұруды тереңдету бойынша бірлескен шаралардың Жоспарын жасау туралы шешім қабылданды.
Ресей тарапының ұсынысымен 2000ж. 21 сәуірде Мәскеуде “Бішкек тобының” екінші (кезектен тыс) кездесуі өтті. Бес мемлекет құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінің басшылары Мемлекет басшыларына халықаралық терроризм, қару мен есірткі контрабандасы заңсыз көші-қонмен күрестегі ынтымақтастықтың нормативті-құқықтық базасын құруды ұсынған Жолдау қабылданды. Сондай-ақ, “Бішкек тобының” регламенті бекітілді.
Қырғызстан ұсынысымен 2000ж. 22-23 маусымда Бішкекте сыртқы істер министрлері деңгейінде Ұлттық координаторлардың бірінші кездесуі өтті. Алдын ала көзделгендей, болашақта Ұлттық координаторлар Кеңесі “бестік” шеңберіндегі жұмыстармен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшыларына ұсыныс жасаумен айналысатын болады.
2000ж. 5 шілдеде Душанбе қаласында “Шанхай бестігіне” мүше мемлекеттер басшыларының кезекті бесінші саммиті болып өтті. Тұңғыш рет форум жұмысына Тәжікстан Президенті Э.Рахмановтың шақыруымен Өзбекістан Республика Президенті И.Каримов қатысты.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен, сондай-ақ көпжақты аймақтың өзара қимыл-әрекеттерді тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды.
Кездесудің қорытынды құжаты ретінде Душанбе Декларациясына қол қойылды. Онда мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму деңгейіне қанағаттанарлық білдіріледі, Тараптардың “Шанхай бестігін әртүрлі саладағы көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық құрылымына айналдыруға” ұмтылысы атап өтіледі.
Бірінші кезекте мұндай бағдарламаларда мүше елдермен тікелей шектесетін мемлекеттер ынтымақтаса алатын еді. Әрине, “Шанхай бестігінің” барлық мүшелерінің толық келісімімен Әріптес-мемлекеттер бірлескен экономикалық жобаларға, инвестициялық жұмыстарға, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламаларына, халықаралық терроризм, шабуылдаушы сепаратизм мен діни экстремизм, қару мен есірткі контрабандасы, заңсыз көші-қон көріністеріне қарсы тұруға қатысуға мүмкіндік алатын еді.
Өзбекістанның “Шанхай бестігі” жұмыстарын қосылуы ортақ пікір бойынша бұл форумның даму болашағының көрсеткіші, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. “Бестіктің” қазіргі форматының Өзбекістан есебінен ғана емес, басқа да елдердің қосылуы арқылы кеңеюі де мүмкін нәрсе болды. Қолда бар деректердің айтуы бойынша “Шанхай бестігі” жұмыстарына Иран, Моңғолия, Пәкістан және Үндістан да қызығушылық білдіріп отыр.
Осылайша, болашақта аталмыш форум қандай да бір деңгейде институцияланып, субрегионалды ұйым болып қайта құрылуы мүмкін деуге негіз бар.