Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру

1954 жылы КОКП ОК-ң шешімі бойынша егістік көлемін мемлекетте ұлғайту үшін Солтүстік Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ аудындарындағы тың жерлерді игеру көзделді. Бірақ, бұл аудандардың жерлері топырақ құнарлығы төмен ылғалдылығы жеткіліксіз, әрі қолайсыз жерлер болатын. Ол жерлердегі шаруашылық негізінен арта қалған және агротехникалық әдістерді толық меңгермеген аудандар еді. 1954 жылдың тамызына дейін Қазақстанда 6,5 млн.га, жер жыртылса, 1955 жылдың басында игерілген жерлердің көлемі 8,5 млн. га жеткізіліп және 90 жаңа совхоздар құрылды. 1954 жылдың күзіне қарай тағы да 250 совхоз құрылды. Тың жерлерді игеру жылдарында (1954-1960ж.ж.) барлығы 25,5млн. га жер игерілді. Осы жаңа жерлерді игеру үшін жұмысшы күшін елдің батыс бөлігінен мобилизациялау арқылы көптеген адамдарды әкеліп, оларға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Мысалы, көліктермен тегін жүру, 1 мың сомға дейін ақшалай көмек, баспана салып алуларына – 10 жылға дейін 20 мың сом, 2 мың сомға тарта ақша – мал өсіруіне көмек ретінде берілді. Ондай адамдарды ауылдық жердің салығынан – 2 жылға немесе 3 жылға дейін босатты. 1954-59 жылдары барлық тың игеруге кеткен шығын 20 млр. сомды құрады.

Тың игерудің алғашқы жылдарында 1954 жылғы құрғақшылықтан басқа жылдары бірқатар жетістіктер болды. 1956 жыл елде жақсы табысты жыл болды. Сол жылы егістіктен алынған өнім – 125 млн. тоннаны құрады, оның 50%-тін астық беретін совхоздар құрса, 50%-тін жаңадан игерілген жерлер берді. Тың игеру барысында табиғи тепе-теңдік бұзылды және жердің құнарлы топырағы желге ұшып, жер тозды (эрозияға ұшырады). Осындай жағдайға байланысты күрделі экологиялық мәселе туындады. 1960 жылдардың басына қарай құрғақшылық жылдар басталып, 1963 жылы өте құрғақшылық болып, мемлекет сыртқы елдерден 12 млн. тонна астықты 1 млрд. сомға сатып алды. Сөйтіп, тың игеру жылдары жердің құнарлығы жылдан-жылға нашарлады. Мысалы, 1954-1958жж. орташа көлемі 7,3 ц (га болса) 1961-1965жж. – 6,1 ц/га астық өнімінің мөлшерін ғана көрсетті.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жыртылған көлемді жерлер Қазақстанда шалғындық жерлер мен жайылымдық жерлердің де көлемінің қысқаруына себепші болды. Аймақтық жерлерде дәстүрлі ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. 1955 жылы КОКП ОК ССКР-ң арнайы шешімі бойынша 47 аудандар мен 225 совхоздарға ет өнімін өндіріп беру міндеттелді. Одан кейінгі уақытта жайылымдық жерлерді кеңейту қолға алынып, мал шаруашылығын дамытуға байланысты тұрақ қоныстар салынды. Нәтижесінде шаруашылықты көтеру қиынға түсті. 1960 жылы мал басы – 37,4 млн. болды. Бұл жерлерде тұрғылықты қоныстардың өсуіне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындады. 1962 жылы еттің бағасы – 30%-ке өссе, майдың бағасы – 25%-ке өсті. Жоспарланған өндіріс өнімі үш есе кем көрсеткішті көрсетті.

Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасында қиыншылықтар болды. Ең үлкен проблема өндірістік мекемелері КСРО-ның басқа батыс өңірлеріне эвакуация жасалынған тұрғындардың қайтіп келуінен кейін жұмыс күшімен қамтамасыз ету болды.

Кадрлардың жетіспеуі көбейді, еңбек тәртібі төмендеді, еңбек өнімділігі күрт түсті. 1946 жылы өндірістің төмендеуі байқалды, бұл үкіметті басшылық әкімшілік әдістерді қайта пайдалануға мәжбүр етті. Ол өндірісте нәтижесін берді.

1947 жылы Өскемен қорғасын цинк комбинаты жұмыс істей бастады. Екібастұздағы көмір шығару құрылысы аяқталды. Ақтөбе және Балқаш комбинаттары жаңаша жұмыс істей бастады. Мұнай шығарыла бастады. Транспорттық жүйе дамыды, 1950 жылы Моинты-Шу теміржолын соғу аяқталды. ХХ ғасырдың 50 жылдардың басы тоталитарлық жүйені реформалау әрекеттерімен, саяси өмірді либерализациялау, репрессиялық саясаттан бас тартумен ерекшеленді.

Ауыл шаруашылығында МТС (машина-трактор станциялары) құру және техникаларды сатып алу колхоздар мен совхоздарға жүктелді. Сөйтіп, халыққа қажетті шаруашылықтың саласы деп, жүргізілген реформаға байланысты мекемелер құруға бет алды. Бірақ кейінгі уақытта колхоздардың жағдайы төмендеді, себебі техникаларды сатып алу және қорларды сақтау қиынға түсті. Бұл реформа техника мамандары механиктер мен механизаторлардың келуін талап етті, олардың келуіне байланысты ауыл шаруашылығындағы техника тұрақтары қысқарды. Қазақстанда техниканың кемуі негізінен тың және тыңайған жерлерді игерудің дағдарысқа ұшырауымен байланысты болды.