Шыңғысхан империясы

Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІ ғ. соңы мен ХІІІ ғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды.

20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, «Шыңғысхан» деген атақ берді.

1203—1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218 ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224 жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды. Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.

Дегенмен, монғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістік қирап, күйрегеніне қарамастан, шапқыншылықтан кейінгі бой көтерген жаңа мемлекеттердің дамуына негіз қалады.