Орта ғасырдағы Қазақстан

Түрік қағанатының құрылуы. Үйсіндердің күші қайтқан соң Жетісу үнемі қақтығыстарға ұшырап отырды.

V ғ. Осында келген жожан әскерлері үйсіндерді өз иеліктерін далалық бөліктен Тянь-Шаньға ауыстыруға мәжбүр етті. Бос қалған жерлерге юечжилердің қалдықтары орналаспақшы болды, бірақ 418—419ж. Жожандармен соғыстан соң олар Орта Азияға кетуге мәжбүр болды, ол жерде олар перс және эфталиттермен қақтығысты. Шу мен Талас өзендерінің жоғарғы ағысын кангарлар басып алып, жожандардың батысқа жылжуын тоқтатты.

Жетісу мен Шығыс Қазақстан Жожан мемлекетінің шегі болғандықтан оларға көңіл аз бөлінді. Бірақ дәл осы жерде, Алтайда Жожандарға қарсы тұра алатын күш қалыптаса бастады.

Солтүстік-Шығыс Жетісуда, Ертіс аңғары мен Жоңғарияда мекендеген көптеген теле тайпалары 482ж. Жожандарға қарсы көтеріліс жасап, өз мемлекетін құрды. Ол көп өмір сүрген жоқ, 516ж. телелер қайтадан Жожандарға бағынышты болды. Алтай тайпаларының бірі — ашина — Жожандар үшін темір балқытты. Бұл тайпаға евразия тарихында ерекше бір роль орындау жазылған. Осы ашина қоластындағы халықтарды түрік деп атады. “Түрк” сөзінің өзі — күшті, мықты дегенді білдіреді. А.Н.Кононовтың айтуынша бұл сөз басында саяси мәнге ие болған, онымен ашина тайпасының билеуші руын құраған дала ақсүйектерінің отбасы мүшелерін атаған. Тек кейін ғана түрк қағанына бағынған барлық тайпалардың ортақ атына айналды.

545 ж. теле тайпалары Жожандарға қарсы тағы да көтеріліске шығады. Жаңа мемлекеттің басына ашина-түрктерінің билеушісі Бумын келді. 551ж. ал Қытаймен одақ жасасып, Жожандарды талқандап, Ель-хан титулын қабылдады. 552 ж. Бумин өлген соң таққа оның баласы Қара-Есік хан отырды. Ол да жожандарға жаңадан соққы берді. Жеңістен соң белгісіз жағдайда хан қайтыс болып, оның орнына ағасы Муган-хан келеді. 553ж. жожандар тағы бір рет жеңіледі. Енді түрктер Алтайдан шығысқа қарай бүкіл даланың қожайыны болады. Келесі жылы түрктер батысқа қарай жорыққа аттанады, оны Бумынның кіші бауыры Истеми каган бастайды. Жожандардың шапқыншылығынан әлсіреген үйсіндер қарсылық көрсете алмады, сөйтіп 555ж. Истеми әскері Арал теңізі мен Ташкент маңына жетеді. Бірақ Аралдың солтүстігінде өмір сүрген уар мен хионит тайпалары қатты қарсылық көрсетіп, тек 558 ж. ғана бағындырылды. Түрктер Еділге жетті, бірақ оны өткен жоқ. Сөйтіп қысқа мерзім ішінде Еділден Хинган тауларына дейінгі аралықта үлкен көшпелі империя құрылды.

Түрік империясының гүлденуі. Жаңа мемлекеттің басында қаған тұрды, қағаннан кейінгі екінші адам, оның туысқаны, “ягбу” титулын иемденді. Тақ мұрагері қызметіне қарамастан тегин деп аталды, ал қағанның барлық туыстары өз аттарына “шад” лауазымын тіркеген. Мұрагерлік үлестік жүйемен берілді. Ол бойынша тақ Әкеден балаға емес, үлкен ағасынан кішісіне немесе Кіші нағашысынан үлкен жиеніне берілді. Мұрагерлікті күтіп, шадтар басқаруға үлес алған.

568ж. түрк мемлекеті 4 үлеске бөлінген, ал 576ж. — сегізге. Қағанның өз ордасы Алтайда орналасқан.

Әлеуметтік жағынан түрктер үш топқа бөлінген — бектер, қара-будун (негізгі қауын), таттар (құлдар) қолға түскен тұтқындар. Түрктерге бағынған теле тайпалары оғыз деп аталды.

Түрік қағанаты пайда болысымен сол кездегі дүниежүзілік империялармен бір қатарға тұрды.

IV ғ. 60ж. түріктер Бэй-Ци және Бэй-Чжой Қытай мемлекеттерінің өзара күресіне араласып, екеуіне де салық төлетті. Тобо-хан қаған айтқан екен: “Оңтүстіктегі екі бала (Чжоу және Ци) бізге бағынышты болса, кедейліктен қорқпауға болады”. 560ж. түрктер Орта Азияда эфталиттермен соғыс кезінде Ташкент пен Зерафия жазығын басып алды. 565ж. Несефи маңындағы ұрыста Истеми-каган бастаған түрктер жеңіп, Соғдыны қағанатқа қосты. 570—576жж. түрктер Солтүстік Кавказда, ал 576ж. Босфорды жаулап алды. Осы жаулап алулардың нәтижесінде Түрік қағанаты Ұлы Жібек жолының барлық маңызды бөліктерін өз бақылауына алды, бұл болса керуен саудасынан түрік ақсүйектеріне көп кіріс әкелді. Алайда өзара қырқыстардың нәтижесінде көп ұзамай Түрік қағанатының шаңырағы шайқалды.