Үйсіндердің мемлекеттік құрылысы б.з.д. І мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде “Үйсін елі” деп аталды. Б.з.д. 53 ж. Үйсіндер екіге бөлінді.
Үйсін мемлекетінің басында “Күнбек” титулы бар билеушісі тұрды. Билік мұрагерлікпен қалып отырды. Б.з.д. 53ж. үйсін мемлекеті бөлінгеннен соң бір-біріне тәуелсіз Ұлы күнбек және кіші күнбек пайда болды. Билеушіден басқа сегіз категориядағы чиновниктер болған. Билеушінің көмекшісі дуглу титулын иемденіп, атқарушы биліктің басшысы болды. Одан төмен екі қолбасы, үш үлес билеушісі, оларды Онхо деп атады. Қолбасының көмекшілері дарту титулымен аталған. Одан басқа күнбектің орда істерін басқаратын, салық жинайтын, заңдардың орындалуын қадағалайтын шиновниктері болған.
Үйсіндердің саяси тарихы. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босынып осы аймақта ең күшті мемлекетердің біріне айналды. Үйсіндердің осыдан кейінгі тарихы Ұлы және кіші күнбектердің соғыстарына толы. Біріншісі Қытайға сенпе, екіншісі — Кангар мен Ғұндар сенді. Бірақ Ғұн империясы құлаған соң солтүстік үйсіндердің олармен ара қатынасы нашарлап кетті. Б.з.д. 49ж. Өжет шекара бойындағы бірнеше ұрыстарда жеңілді. Б.з.д. 44ж. Ғұндар оңтүстік үйсіндерге шабуыл жасап, олардың астанасы Чигу қаласын тонап кетті. Бұл оқиға үйсіндердің Қытаймен жақындасуына әкеліп, бұл одақ б.з.д. 36ж. солтүстік Ғұндарға қарсы жорық жасады.
Vғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кету керек, “Үйсін” этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы “Үйсін” деп аталды.