Ғұн (Хунну) мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822 ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188 ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Қытай ғұндарға жылсайын салық төлеуге тиіс еді. Моде өлгеннен кейін бейбіт кезең бірнеше ондаған жылдарға созылды. Оны император Уди бұзды. Соғыс б.з.д. 129ж. басталып, 2 жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қытайлар Ғұндарды Ордостан ығыстырса, б.з.д. 90 ж. Яньшань тауының жанында күйрей жеңілді. Сенгир Хулагу өз бітімінің шарттарын талап етті. Бірақ бейбітшілік ұзақ болмады. Б.з.д. 59 ж. Ғұн мемлекетінде өзара қырқысулар басталады. Сенгирлердің билікке таласына қытай дипломатиясы өршітіп отырды.
Б.з.д. 47 ж. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылары Қытай билігін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай басқыншыларына қарсыласа отырып, кангар еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, біздің заманымыздың шегінде ғұн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшуі басталады. Б.з 93 ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асыруымен тарбағатайға одан кейін Орталық Қазақстан мен Сырдарья жағалауына дейін жетті.
Ғұн мемлекеті. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. І ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа (бейбітте, соғыста) түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айрылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.
445 ж. Аттила өзінің ағасы Блезуды өлтіріп, дара билейді. Оның билігі қысқа болғанмен, оқиғаларға толы еді.
Аттила өзінің алғашқы соққыларын Шығыс Рим империясына бағыттады да, 448 ж. оған жыл сайын салық төлетті. Сонын герул, осгот пен гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына қарсы соғыс бастады, Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одақтас болды. 451 ж. екі әскер арасындағы шайқас Аттиланың жеңілуімен аяқталды, алайда келесі жолы оның әскері Римге жақын императорды қашуға мәжбүр етті. 453 ж. Аттила өлген соң оның мемлекеті ыдырап кетті.
Ғұндардың Қазақстан жеріне жаппай енуінен және ғұн, кангар тайпаларының ары қарай батысқа өтіп кетуімен жергілікті халықтың антропологиялық типінің өзгеруі және түрк тілінің протоқыпшақ диалектісінің таралуына байланысты болды.