Ерте темір дәуіріндегі тайпалар одақтары және ерте мемлекеттік құрылымдар

Сақ мемлекеттік құрылымы.Қазақстан тарихындағы б.з.д. І мың. соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.

Б.з.д. VIII—VII ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-үйсін, Арал өңірінде — қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.

Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. І мың. тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.

Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (масагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон аримаспа бірлестіктері пайда болды.

Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.

Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.

Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.