Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды.
Полеолиттен мезолитке (грекше «мезос»-орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызады. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып,басқаларында балық аулау және жинау-аңшылық кәсібі қалыптасады.
Неолит дәуірінің басы шамамен б.з.б.VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұтас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына — жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығыуына себепші болады. Қазақстаның ежелгі тұрғындарында кең кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамығын уақытты болдды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай бірікен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан құрылды.
Мезолит дәуірі ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінеолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған – жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар – микролиттердің пайда болуы.
Өзгерістер: ауа – райы күрт жылынды; мұздар еріді; шөбі мол далалардың көлемі азайды; жануарлар құрып кетті; адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.
Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.
Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.
Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.