Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан Қазақстан

Палеолит — адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео — ежелгі, литос — тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 — 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40-12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Орта Азия территориясын адамдар төменгі палеолит дәуірінде-ақ мекен ете бастаған. Ашель мәдениетінің (200 мың жыл бұрын) тас қарулары Қайраққұм мен Вахш ойпатынан табылды. Мустьер мәдениетіне (орта палеолит, 50-40 мың жыл бұрынғы) тән Тесіктас, Аманқұтан, Обарахмат, Жарқұтан, Қарабура т.б қоныстар бар. Бұл алғашқы адам табанының, алғашқы адам мен қауымының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Олардың күнкөрісі терімшілік пен аң аулауға, тас пен сүйек қарулар жасалып, от жағуға қол жеткен кезең болды. Жоғарғы палеолит мәдениеті ( бұдан 40-10 мың жыл бұрын) есті адам пайда болған кез. Ал неолитте (б.з.б 6-5 мың жыл) егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілері білінді. Түркіменияның оңтүстігінде Жейтун мәдениетіне ие болған жұрт- ең ежелгі (б.з.б. 5 мың жылдық) жер игерушілер. Б.з.б. 3 мың жылдықтың басында Теджен өзенінің бойында ежелгі егін суару жүйесі салынған. Жейтун мәдениетіне Өзбекстандағы Келтемір, Тәжікістандағы Гиссар мәдениеті (б.з.б 4-2 мың жылдықтың басы) жалғасады. Неолит дәуірінің тұрғындары матриархалдық-рулық құрылыста өмір сүрді. Қола дәуірінде (б.з.б 3-2 мың жыл) Орта Азияда жер игеру, мал өсіру негізге кәсіпке айналды (Түркменстандағы Анау, Намазғатепе, Қаратепе, Өзбекстандағы Заманбаба, Дальверзинскиое, Тәжікстандағы Қайраққұм, Вахш және Бешкент мәдениеті) Металлургиялық өндіріс, қала типіндегі елді мекендер пайда болып, жер шарашылығында қолдан суару жүйесі жүргізілген. Еңбектік қауымдық бөліс процесінің және жер игерушілер, арасында зат алмасудың күшеюінің нәтижесінде мүлік бөлісі пайда болды. Руда әкелік (патриархат) право орнады. Орта Азия халықтарының негізін құрған Хорезм, парфия, дах, сақ тайпаларының одағы құрылды. Б.з.б 1 мың жылдықтық 1 жартысында темір металлургиясы пайда болғаннан бастап өндіргіш күштер жедел дамып, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Ойпатты аймақта суару жүйесі дамып, далалық және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығының және қол өнері мен сауданың өркендеуі, қаланың пайда болуы таптық қоғамның мемлекеттік қалыптасуына ықпал етті.

Қатал табиғат аясында тірілшілігін үзіп алмау үшін әрекет еткен палеолиттің адамдары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірі\леріндегі сана деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын қыстау жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол жерден бауырын көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір, заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын ұдайы үдетіп келеді.

Бұл-өмір үшін басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлықтың, ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдардың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлықтардың формациялық алмасуларының, тарихи тіршілік иеснің тілі мен наным сенімін, салт дәстүрі мен моральдық-этикалық қалыптарын, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдаудың шытырман жолдары.

Бұл тас дәуір өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп,осыған байланысты еңбек өнімділігінің өсімен, белгілі дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады.

Тас дәуірінде тас құралдарымен қатар сүйектен,ағаштан жасалғандары да қолданылады. Ежелгі полеолит адамдары бірігіп аң аулады,бірігіп терімшілік етті және адамдар үңгірлерден басқа жер үйлер мен жертөлелерде тұрды. Ежелгі полеолит кезінде дінге сенушілік болған жоқ. Тастан жасалған құралдар формасы,көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар — біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары — тор, тұзақ құру ойлап табылды. Жергілікті жердің материалынан жасалған тас қарулардан мыналарды бөліп айтуға болады: жебе мен найзаның ұштықтары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар. Плеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан иттің қолға үйретілуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, шот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады.