Германдар
Үнді –Европа тілдеріне жататын халықтар мен тайпалар тобы. Солтүстік Мұзды мұхит, Дунай, Рейн мен Лаба аралықтарын мекендеген. Көне заманды зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, Скандинавияның оңтүстігі мен Лаба, Висла аралдарында да Германдар болған. Бұл тайпаларды кельттер не иллириялықтар Германдар деп атаса керек. Германдар осы халықтардың славян, кельт, финн т.б. әр текті тайпалармен біртіндеп араласуының нәтижесінде тарихи бір ел, бір халық болып қалыптасқан. Б.з.б. 1ғасырда Германдар үш топтан тұрған: шығыстық Германдар-готтар, бургундар, вандалдар т.б.; батыстық севеттер, хаттар, херускілер, англсактар т.б. Германдардың қоғамдық құрылысы, тілі туралы археолог, этногрф деректер көне заманды зерттеуші авторлардың еңбектерінде келтірілген. Германдар-Юлий Цезардың тұсында (б.з.б.1 ғ) отырықшы егіешілікпен кәсіп еткен. Аң аулап, мал өсірген. Тациттің тұсында (шамамен б.з.б. 150жылдан кейін) металл өңдеп, темір, алтын, мыс, күміс т.б.металдар қорытқан, тоқыма өнерін бір шама дамытып, қыш ыдыстар жасаған. Егін өнімінің көбірегін ру ақсақалдары, малы, құрал жабдығы, мүлкі көп адамдар алып отырған.
Германия тарихы
Германия жерінде адам б.з.б. 500-300мығң жылдарда, төменгі палеолит дәуірінде пайда болған. Оңтүстік Германияда неандерталь адамының сүйегі табылған. Палеолит дәірінене неолит дәуіріне өтер кезеңде Германның солтүстік аймақтарын алғашқы қауымдық балықшы және аңшы тайпалар мекендеген. Б.з.б 1-мың жылдықтың басында Герман жерінде қола құралдарымен қатар темір құралдарда пайда болды. Герман жерінің денін қоныстанған герман тайпалары б.з.б. 1-мың жылдықтың аяғында Рим мемлекетімен соқтығысты. 4ғасырдың қарсаңында тайпалардың қоныс ауыстырып , араласуы нәтижесінде германдықтардың тайпалық жаңа бірлестіктері құрылды; бұлардың бір бөлігі 4-6 ғ-да Батыс Рим империясының жеріне ойысты. Германия жеріне алемандар, баварлар, шығыс франкілері, фириздер бір жолата орнықты.