Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының археологиялық ескерткіштері
Антикалық Орта Азияда егінші тайпалардың бірнеше мәдени орталықтары қалыптасты. Кеңес дәуірінде жүргізілген қазба жұмыстары б.э.д. І мыңжылдықтың екінші жартысында Орта азия жерін мекендеген халықтар шаруашылық құрылымы жағынан екі топқа бөлінді. Ежелден егіншілік қалыптасқан аудандарда отырықшы, қалған аймақтарда көшпелі малшы тайпалар мекендеді.
Жергілікті табиғат ерекшеліктеріне қарай егіншілер мен малшы тайпалар өзара тығыз байланыста дамыды. Дегенмен малшы тайпалар тарапынан егіншілік аймаққа үнемі қатер төніп тұрды. Олар бір – бірімен бірде дөстық , енді бірде соғыс жағдайында болды. Осындай қатынас Орта Азия тайпалары тарихының өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Амударияның төменгі ағысында орналасқан ежелгі Хорезім мемлекеті қазіргі Өзбекстанның Хорезім облысы мен Қарақалпақстанды және Түркіменстанның солтүстігін қамтыды. Одан оңтүстікте бірнеше егіншілік аудандар дамыды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстігіндегі – Бактрия; Өзбекстан мен Тәжікстанның орталық аудандарындағы – Соғда; Түркіменстандағы Парфия мен Маргияна.
Қала тектес мекендер мен суғармалы егіншілік Орта Азия жерінде сонау жаңа тас дәуірінде қалыптаса бастаған. Б.э.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Орта Азия тұрғындарының қоғамдық өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетіндеқола ғасырымен салыстырғанда елеулі өзгеріс болды. Археологиялық материалдар құлдық қатынастардың дамып, суғармалы егіншіліктің кеңейгендігін байқатады. Қола ғасырындағы суғармалы егіншілік өзен суларының табиғыи тоолысымен байланысты болса, Антикалық дәуірде қолдан салған каналдар арқылы суғарылатын егістік алқабы көбейді. Амударияның оң жағалауында ашылған Қой-қырылған қала, Жамбас қала каналдарының магистралдары мен олардан тараған үлкенді – кішілі көптеген арықтар суғармалы егіс алқаптарының өзен атырауын тұтас қамтығандығын көрсетеді. Б.э.д. ІҮ ғ. Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысындағы суғармалы егістік даласы 3.5 млн. гектарға жетті. Егіс даласында арпа, бидай, тары егіліп, бақтарда өрік, жүзім, алхор және шабдалы өсірілді. Ежелгі егіншілердің мекендерінің қираған қалдықтары ірі каналдар мен олардың салаларының бойынан табылып, зерттелген. Солардың ішіндегі ең елеулілері Жамбас қала Қой-қырылған қала, Топрақ қала, Қызыл қала т.т.
Осы өңірдің ең ерте егіншілік мекендері Парсы одағының гүлденген дәуірі, б.э.д. ҮІ-Ү ғғ. жатады. Сыртқы қорғаныс қабырғасының ішкі жағында қалыңдығы 4 м. келетін коридор тәріздес бөлмелерден тұратын Кюзелигыр сол заманның қалашығы. Осы бөлмелердің арасында ішінде екі камералы ошағы бар адамдар тұруға арналған баспаналар кездеседі. Сақ заманында кең таралған ыдыстардың сынықтары мен жебенің қоладан жасалған ұштарының көп кездесетіндігіне қарағанда қалашық б.э.д. ҮІ ғ. жатады. Қалашықтың орта тұсында үлкен ғимарат орталасқан. Оның орталық сарайының көлемінің өзі 285 шаршы метр. Сәулетті үйлер мен қатар қарапайым үйлердің қатар кездесуі олардың тұрғындарының әлеуметтік деңгейінің әркелкі болғандығын білдіреді.
Қалалы-ғыр қалашығы ахеменидтер әулетінің Орта Азияда билік жүргізген дәуірдің соңына сәйкес келеді. Оны ғалымдар б.э.д. Ү ғ.-соңы мен ІҮ ғ. басында ахемениттік намесниктердің ордасы болған дейді. Бұл Хорезімнің көлемі жағынан ен ірі қалаларының бірі. Оның сыртқы қорғаныс қабырғаларының бойында көптеген күзет мұнаралары болған. Сыртқы қақпалары шытырман коридорлар мен оқ ататын ұуыстармен қалқаланған. Бекіністің ішкі жағында үлкен сарай ғимараты орналасқан. Сол сарайдың қабырғалары кей тұста жеті метрге дейін сақталған. Сарайдың жалпы көлемі 10500 шаршы метрді қамтиды. Қалашықтың қорғаныс қабырғасы секілді ғимараттың қабырғалары да ірі блоктардан тұрғызылған. Салтанат сарайының қақпасының екі жағына үстінде қырынның басы бар қолоналар орнатылған.Осындай құрылыс ерекшелігі мен көлемі жағынан қалашық парсы астанасы – Персополге ұқсас.
Қой-қырылған-қала бекінісі б.э.д. ІҮ ғ. классикалқ ескерткіші. Қазба барысында бекініс сыртынан тоғыз мұнаралы дөңгелек қабырғамен қоршалған, цилиндр тәріздес ғимарат екендігі анықталған. Бекіністің ортасында төбесі күмбезделіп жабылған бөлмелерден тұратын дөңгелек ғимарат орналасқан. Оның сырт жағындағы көптеген бөлмелер қызметкерлер мен құлдар тұруға және қойма ретінде пайдалануға арнап салынса керек. Мұндағы бірсыпыра бөлмелерден түрлі азық сақтауға арналған адам бойы келетін ірі хұмдар табылды.
Қой-қырылған қала әрі орда, әрі әкімшілік орталығы міндетін атқарумен қатар жерлеу орны болуы да мүмкін. Археологиялық материалдардың ішінде ең көп кездесетіні керамика. Саздан жасалған ыдыстар өздерінің көлемі мен қолдану аясы жағынан сан түрлі – үлкен хумдардан кішкене ыдыстарға дейін бар. Шарап және астық сақтауға арналған үлкен хумдар полихромды спираль өрнегімен безендірілген. Арыстанның басы түрінде жасалған тұтқасы бар құмғандар мен шарап құятын керамикалық ритондар кең таралған. Түйе мен есекке теңдеп су тасуға қолайлы бір бүйірі тегіс флягалар Орта Азияда осы тұста пайда болды. Ыдыстардың сырты қызыл түсті бояумен өрнектелген. Кейбір ыдыстардың сыртында арамейлік әріптермен тушта орындалған жазулар кездеседі. Үш мүйізді қалпақ киген еркектер мен салтанатты кйінген әйелдердің мүсіндері көп.
І ғ. соңында Хорезім мемлекеті жаңа қалыптасқан Кушан империясының құрамына кірді. Орталығы сол кездегі Үндістанда болған бұл құлиеленуші мемлекет Соғда мен Бақтрияның оңтүстік аудандарын және Ауғанстан мен Шығыс Иранды қамтыды.
Кушан қалалары үйлері түзу кварталдарға бөлінген , айналақоршаған бекініс дуалдардан тұратын мекендер. Олардың қорғаныс дуалдары балшықтан жасалған ірі кірпіштермен тұрғызылған. Мұнаралары төрт бұрышты және дөңгелек келеді. Осы дәуірдің гүлденген қалалары Термез (Деметрия), Дальверзин және Айыртам, Топрақ-қала.
Жеті гектар жерді алып жатқан Дальверзин қалашығын қорғаныс дуалы мен терең ор қоршаған. Оның оңтүстік шетінен 1000Х800 м, көлемдегі қаланың негізгі бөлігі жалғасады. Осы бөлікте құмырашылардың кварталдары, қаланың қарапайым және бай тұрғын- дарының үйлері мен моншаның орны қазылды. Бай үйлердің бірі тұрғын бөлмелер мен қабырғалары суреттер, мүсіндермен безендірілген салтанатты сарай- дан тұрады. Осы жерден қазіргі шахматтың бастапқы түріне ойынның бейне тастары табылды. Кішігірім бөлмелердің бірінің еденінің астынан құйма және сым түріндегі алтындар мен әшекей бұйым- дарынан тұратын көмбе табылды.
ІІІғ. басында Хорезім Кушан империясының қырсауынан босайды. Негізі б.э.д. І ғ. қаланған Топрақ-қала Хорезім билеушілерінің ордасы болған. Оны қоршағвн үш мұнараның қабырғалары 25 м биіктікте сақталған. ІІІ –ІҮ ғғ. сарайдың орны храмдық кешеннің маңында орналасқан. Көпшілік бөлігі екі қабаттан тұратын сарайды тұрғын үйлер кварталы қоршаған. Сарайдың бірсыпыра салтанат бөлмелері аршылды. Солардың бірінде қабырғаға жалғстыра салынған биік сыпалардың үстінде қамқоршы құдайлар мен ағайын-туысқандарының арасында тұрған Хорезім патшалары мүсіндерінің тобы орнатылған. Қабырғаларына патшалардың бедерлі суреттер салынған «жеңіс және алебастор залдары » ашылды. Қара түсті гвардияшылар залы үстіне балықтың қабыршағы тәріздес сауыттар, бастарына биік қалпақ киген қара түсті жауынгерлердің мүсіндерімен безендірілген. Сарайдың қоймасынан арпа, бидай, тарының көп дәндері менжүзім, өрік, сабдалының сүйектері табылған. Қару жарақтардан темір найзалар мен жебенің ұштары жиі кездеседі. Көне хорезім алфавитімен ағаш және былғарыға жазылған шаруашылық есептері 116 құжаты шықты.
Б.э.д. ІҮ ғ. феодалдық қатынастардың дамуына байланысты диқандардың жерге қоныс тебе бастауы нәтижесінде көптеген жеке усадьбалар салына бастады. Орталық билік әлсіреп, суғару жүйелері мен сауда құлдырады. Арнайы шарықта жасалған ыдыстар азайып, қолдан жапсырған ыдыстар көбейеді. Хорезімнің құдыреті құлдырап, кошпелі тіршіліктің ролі артты.
Хорезм мәдениетінде Персия, Греко-Бактрия және Индияның ықпалы байқалады. Олардың ықпалы негізінен қолданбалы өнер мен сәулеткерлік туынды ларда байқалады. Дегенмен ежелгі Хорезімнің матер иалдық мәдениетінің қаймағы жергілікті ерек шеліктер негізінде қалыптасып дамыған.
Хорезімнің оңтүстігінде Бактрия мен Маргияна, Парфия мен Соғда елінің бай даласы жатты.
Антикалық дәуірдің едәуір ертедегі түрлері Мургаб өзенінің бойындағы Маргиянада қалыптасты. Онда егіншілік оазистері б.э.д. І мыңжыл. басында болған. Яз-депе мен Арват-депе бекіністері сол дәуірдегі егіншілік орталықтары. Яз-депеде жүргізілген қазба жұмыстары 16 га жерді алып жатқан қалашықтың цитаделі күйдірілмеген кірпіштерден тұрғызылған сегіз метірлік тұғырдың үстіне салынған. Цитаделдің ішкі жағында айнала ұзын бөлмелер қоршаған төрт бұрышты салтанат сарайының орны ашылды. Олардың төбесі күмбезденіп жабылғандығы анықталған. Бұл жергілікті билеушінің сарайы болуы мүмкін. Оның мңында көптеген шаруашылық құрылыстары салынған. Керамикалық ыдыстардан тұратын тұрмыстық заттар мен қатар қалашықтан жебенің қоладан жасалған ұштары, балшықтан және өңделген тастан жасалған ядролар көп табылған.
Б.э.д. ҮІІІ ғ. Орта Азияның оңтүстік аудандары мен қазіргі Ауғаныстан жері Бактрияның құрамында болатын. Көп ұзамай Бақтрияның өзі Персияның қоластына өтті. Ал 329 ж. бұл ауданды А. Македонскидің армиясы жаулап алды.
Грек-Бактрия патшалығы жергілікті мәдени дәстүрді сақтап қалды. Қазбалардан табылған археологиялық материалдарда жергілікті ыдыстар басым. Дегенмен бірнеше жүзжылдықтар бойы қалыптасқан жергілікті қала салу дәстүрі жаңа мәдени әлеммен кездесті. Сондықтан да элиндік мәдениеттің толқыны өз ізін қалтырмауы мүмкін емес еді. Қала мәдениетінің дамуында гректік ықпал айқын байқалады. Грек- Бактрия археологиялық материалдарының ішінде теңгелер көп. Артқы бетінде Зевс, Артемида, Посейдон және Геракл секілді құдайлар мен грек пантиондарының батырлары бейнеленген теңгелер Бактрияға да таралды.
Бақтрия қалаларынан солтүстікте Орта Азияның кіндігінде ежелгі Соғды елі жатты. Ол туралы жазба деректер парсы патшаларының сына жазбаларында, грек және араб авторларының шығармаларында көп кездеседі. Сол деректердің хабарлауынша онда диқандар, қолөнері шеберлері мен саудагер көпестер, тамаша музиканттар менбишілер тұрған. Б.э. басында соғда тілі Хорезімнен Солтүстік Индия мен Монғолстанға дейін таралды. Ежелгі Соғда мәдениеті толық зерттелмеген.
Басында Маракан кейіннен Афрасиаб аталған Соғданың астанасының қйраған қалдығы қазіргі Самарқанның маңында. Оның территориясынан табылған заттардың ең ертесі б.э.д. ҮІ-ІҮ ғғ. тән. Олардың көпшілігі саздан жасалған ыдыстар мен темір бұйымдар. Афрасиабтың орнында жүргізілген қазба кезінде грек-македондықтардың шапқыншылығынан қираған құрылыс қалдықтары анықтлды. Дегенмен олардың Соғды жерінде тұрақты үстемдік құрғаны жайлы дерек кездеспейді. Археологиялық материалдардың арасында элинистік ықпал өте әлсіз. Керісінше жергілікті билеушілердің атынан соғылған теңгелер жиі кездеседі. Ыдыстар мен терракоталық керемет мүсіндер де жергілікті сипатта. Отбасын қорғайтын періштелер мүсіндерінің арасында әйел бейнелері жиі кездеседі. Әйел мүсіндерінің ішінде грек дәстүрінде киінген бейнелер де кездеседі. Соныман қатар сыбызғы, немесе дауылпаз ойнап тұрған элинистік нысандағы еркек мүсіндері табылады.
Римнен Қытайға дейін апаратын сауда жолының Соғда арқылы өтуі де қала мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Қазбадан табылған Рим теңгелері мен сыртан әкелінген ыдыстар осыны көрсетеді. Бірінші ғасырдың басында Мараканның айналасында Соғда ақсүйектері түрған ондаған бекініс сарайлар пайда болған. Ол жерлерден алынған археологиялық материалдар Соғды ақсүйектерінің дәулетті тұрғандығын көрсетеді.
Оңтүстік Түркіменстан мен оған көршілес Солтүстік-Шығыс Иран жерін ежелгі Парфия алып жатты. Б.э.д. ҮІ-ІҮ ғғ. Орта Азияның басқа жерлері секілді ол да Парсы державосының құрамында болды. Б.э.д. ІІІғ. Парфияда жергілікті аршакидтер әулеті (Аршак патшадан тараған) билікке келді. Парфия билеушілері дәуірлеп тұрған кезде Иран, Месопатамия, Ауғаныстан мен Арменияның жерлерін өзіне бағындырды. Сөйтіп күшейген патшалық Римнің Шығыстағы бақталасына айналды. Римдіктердің Парфияға қарсы талай жорықтары сәтсіз аяқталған.
Парфияның солтүстік жерлерін қамтыған Түркіменстан жерінде сол дәуірдің мәдени қабаты сақталған қырықтан астам қоныстар белгілі. Парфия патшаларының бірнеше орталық қалалары болғана белгілі. Ашхабаттың маңында орналасқан Ниса аршакидтердің астаналарының бірі болуы ықтимал. Мұндағы қирандылардың арасында екі қаланың орны сақталған. Оның бірі Жаңа Ниса – қаланың өзі, екіншісі Ескі ниса – Сарайлар мен хырам ғимараттарынан тұрады. Жаңа Нисаның орнында парфияндық қабат кейінгі дәуірлерде қалыптасқан көп қабатты мәдени қыртыстың астында көміліп қалған. Ескі Нисада тіршілік сол заманда тоқтағандықтан оның мәдени қабаты толығымен парфиян дәуіріне жатады. Патшалардың ордасы болған Ескі Нисаның қалың қорғаныс қабырғасының ішкі жағынан археологтар храмдардың, сарай кешендерінің, патша қазынажайлары мен астық қоймаларының орындарын тапқан. Сарай ғимараты ішкі тұйықталған алаңмен жалғастырыла салынған тоғыз бөлмеден тұрады. Солардың ішіндегі ерекшесі салтанат сарайының аумағы 400 ш\м. Оның шаңырағын төрт сегіз метірлік діңгектер (колона) ұстап тұрған. Патша тағы орналасқан осы сарайдың ішкі құрылысында эллинистік дәстүрдің іздері байқалады.
Тақ орналасқан сарай мен көршілес қазынажайдың есігі бекітіліп, мөр салынып, оның сыртынан кірпішпен қаланған күйінде ашылды. Солай бола тұрсада оның ішіндегі қазына кезінде тоналып кеткен. Тонаушылардан қалып қойған заттардың қатарында күміс ыдыстардың сынған тұтқасы, қоладан жасалған денелер, күміс теңгелер, піл сүйегінен жасалған ритондар секілді бұйымдар кездеседі. Олар патшалықтың гүлденіп тұрған дәуірі б.э.д. ІІІ-І ғғ. жатады. Тонаушылардан қалып қойған заттардың ішінде ерекше көзге ілігетіндері піл сүйегінен жасалған қанатты сфинкс, Эрот пен Афиннің және қыранның күмістен жасалған мүсіндері. Мүйіз тәріздес етіп жасалған ритондар таза шығыстық зат болғанымен ондағы жалаңаш денелі әйел құдайлар мен кентабрлардың (жартылай адам, жартылай ат түріндегі мифтік тіршілік иесі) бейнесі таза антикалық тақырыпта жасалған. Жергілікті шеберлердің қолымен жасалған гректік бейнелер мен сюжеттер шығыс өнерінің ерекшелігі мен дәстүрін сақтаған. Осындай екі көркем стилдің қосындысын ритондардан біз көреміз.
Мәрмар тастан гректік тәсілде жасалған мүсіндер қазынажайдың жеке тобын құрайды. Солардың ішінде киімі төмен қарай сыпырылып бара жатқан әиел құдайдың бейнесі жақсы сақталған. Осыған ұқсас бірсыпыра мүсіндер табылды.
Қазба кезінде ашылған қоймалардың ішінде орналасқан ірі хумдар мен қабылданған астықтың есебі жазылған тізім Ескі Нисаның ірі ауылшаруашылық ауданның орталығы болғандығын байқатады.
Қазбадан табылған екі мыңнан астам ыдыс сынықтарына салынған жазбалардың ішінде парфиндық таңбалардан басқа грек жазбалары да кездеседі. Оларда шараптардың мөлшері және қашан, қайдан әкелінгендігі жазылған. Сол құжаттарда он жеті ауылшаруашылық аудандары мен он елді мекен көрсетілген. Бұл Нисаның төңірегіндегі ауыл шаруашылық аудандардың үлкендігін көрсетеді. Ниса қоймаларында жарты миллион литрге дейін шарап бір мезгілде сақталына алатындығы анықталды.
Парфияның Солтүстік – Шығысында жүздеген күзет мұнаралары бар қорғаныс қабырғасы қоршаған Мерв қаласы орналасты. Ол қол өнері шеберлері мен саудагерлердің қаласы еді. Мервтің Нисадан басты айрмашылығы да сонда. Қаланың ішкі құрылыс қалдықтарынан оның тұрғындарының таптық оқшаулануы анық байқалады. Құл иеленушілердің бай үйлері жеке орналасқан. Олардан оқшаулау жерде ұсақ қол өнері шеберлерінің үйлері мен оған жалғастыра салынған кішігірім шеберханалары жалғасады. Қорғаныс қабырғасын қоршай ауылдық иеліктер мен бау, бақшалық алқаптар жатыр. Қаланың бұл бөлігі де қорғаныс дуалымен қоршалған.
Құл иеленуші Урарту мемлекеті
Б.д..д. І мыңжылдықтың басында қалыптасқан Урарту құлиеленуші мемлекеті Алдынғы Азия елдері арасында жетекші орын алды. Кавказ бен Алдынғы Азияның көптеген халықтары саяси және мәдени ықпалында болды.
Урарту ескерткіштерін зерттеу ХІХ ғ. Екінші жартысынан басталады. Б.д.д. ҮІІІ ғ. Рус І патшаның әмірімен жасалған урарту жазбасы алғаш Севан өзенінің жағасынан табылды. Ереванның маңындағы Кармир-Блур жотасында орналасқан қалашық б.д.д. 675-650 жылдары арасында Рус ІІ патша Тейшебаини бекінісінің орны екендігі анықталды. Сол жерде жүргізілген қазба жұмыстары қаланың саяси және шаруашылық өмірінен сыр шертеді. 4 га жерді алып жатқан орталық бекіністің қабырғалары тұрпайы өңделген ірі тастар мен балшық текшелермен салынған. Оны қоршай қала кварталдары орналасқан. Цитаделде урартудың аймақтық әкімінің сарайының орны ашылды. Қырқаны қуалай қам кірпіштерден салынған сарай кешені жүзден аса бөлмелерден тұрады. Осы кешеннің төменгі қабатында орналасқан түрлі мақсатта пайдаланылған қоймалар жақсы сақталған. Урарту өнерінің әйгілі туындылары сол жерлерден шықты. Олар арыстан және бұқалар бейнесінде жасалған безендірулер, Аргишти және Сардур патшалардың қола дулығасы, салт және арбаға жегілген аттардың бейнесі бедерленіп салынған қорамсалар т.т. Дулығалардың біріне «Халду құдай Аргиштидің ұлы Сардур әміршіге өмір силайды», -деп жазылған. Көп қоймалардың бірінен сыртында жазуы бар қола саптаяқтар табылды. Сына жазуы бар балшық тақталар да көп шықты. Кармир-Блур жотасында елдің солтүстік бөлігінің әкімшілік орталығы орналасып, әкім тұрған бекіністе әскери бөлім тұрған.
Қазбадан табылған түрлі археологиялық материалдар бұл қаланың өңірдің шаруашылық орталығы да болғандығын көрсетеді.Үлкен қоймалардың бірінде еденге жартылай енгізіп орналастырылған алып құмыраларда арпа, бидай, тары және түрлі жемістер сақталған. Бөлмелердің бірінен сыра қайнатуға негізделіп жасалған үлкен құм табылды. Жеке қоймаларда көп мөлшерде шарап та сақталған. Шарап сақтайтын алып құмдардың сиымдылығы 1500 л жетеді. Сондай-ақ шаруашылық құралдары орақ, кетпен, астық үгіткіштер шықты. Бекіністі қоршай орналасқан қарапайым тұрғындардың үй орындарында жүргізілген қазба олардың күнделікті өмірінен сыр шертетін материалдар берді. Ондағы жеке үйлер екі-үш бөлмелерден тұрады. Үйлердің ішінде ешқандай жиһаздың іздері байқалмайды. Археологиялық заттар қарапайым тұрмыстық құралдар.
Закавказьеде урартулық басқа да бекіністер белгілі. Осындай екі бекіністің қалдығы Севан өзенінің жағасында сақталған. Аракс өзенінің бойындағы Армавир қырқасынан урартудың ежелгі астаналарының бірі Аргиштихинилидің орны табылған. Осы жерде жүргізілген қазбадан қамалдың, храмдардың салынуы, су жүйелерінің жасалуы жайлы айтылған сына жазуы бар балшық тақталар шықты. Тау қырқасында орналасқан ел үшін қолдан суғарылатын егіншілікпен айналысуда ірі каналдар жүйесін салу маңызды орын алған.
Аргишти патшаның тұсында (б.д.д. 783 ж.) көне қалалардың бірі Эребунидің (Ераван) негізі қаланды. Оның қираған орны Ераван қаласының шетінде орналасқан. Қазбадан табылған сына жазуда «Холда құдайдың құдыретімен Менуа ұлы Аргишти осы бекіністі салып, бітірді, Биайны (Урарту) елінің құдыреті мен дұшпан елдерді түршіктіру үшін оны Эребуни атады» делінген.
Бізге белгілі урарту бекіністерінің жобасы бір-біріне ұқсас: бекіністерден, қоймалардан, храмдар мен тұрғын үйлер құрылыстарынан тұрады. Сондай-ақ аймақтық шаруашылық орталығы да осында шоғырланған.
Жүргізілген қазбалар урарту қалаларында қол өнері, оның ішінде металл өңдеу жоғары дамығандығын көрсетеді. Семсер, дулыға, сауыт, найзамен жебенің ұштарын жасау металл өңдеудің негізгі саласына жатқан.
Урартудың өнер туындылары ассириялық өнерге өте жақын. Бұл олардың түп-тегінің ортақ Ежелгі Шығыс өнерінен бастау алатындынан болса керек. Урарту мемлекетік және саяси бірлестік ретінде өз өз тіршілігін б.д.д. ҮІ ғ. Мидия тарапынан болған жорықтар мен скифтердің жойқын шапқыншылығ салдарынан тоқтатты. Осы оқиғаларды археологиялық материалдар да растайды. Мысалы, Тайшебиани бекінісін қазу барысында скифтік жебенің ұштары көп табылған. Олардың көпшілігі бекіністің сыртқы қабырғаларына қадалып тұрған күйінде сақталған.
Урарту мемлекеті Закавказье халықтарының, әсіресе Армиян халқының қалыптасуында елеулі роль атқарды.