Атбасар мәдениеті:
Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.бҮІІ мың жылдықтың екінші жартысымен ҮІ мың жылдықтың тұсына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өңдеу барған сайын мамандандаралды. Қоспа ретушь техникасының жетілдірілуімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау кетпендер дәнүккіштер, келілер, келісаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен басқада тастардан әшекейлер білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығының егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды. Адамның еңбек кәсәбәнәі саласан кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылалы.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени тұрмыстық жаңалықтырына шығуына себепші болды. Қазақстан ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамады.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп 4-ке бөлінеді. Әдетте өзіндік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтар да едәуір көп заттар табылды. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғұрлым көп тараған. Өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Қазақстанның шөл даласындағы ескерткішьердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі – ашық үлгідегі тұрақтар.
Атбасар мәдениеті тұрақтар мейлінше шоғырланған жер – Ақмола облысының Атбасар ауданы бойынша аталған. Оның таралған аумағы: далалық аумақтағы Есіл өзенінің аңғары мен қазақтың ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік батыс бөлігі. Мәдениет б.з.б ҮІІ мыңжылдықтың аяғы- ҮІ мыңжылдықтың басында Арал өңірінің немесе Шығыс Каспий маңы өңірінің тұрғындары араласуы жағдайында жергілікті мезолит тайпаларының материалдық негізінде қалыптасты. 200 ге жуық тұрақ зерттеліп олардың 20 шақтысы қазылды. Бұл кезеңнің ең жарқын ескерткіштері: Виноградовка 2, Тельман 1-10, Явленка селосының маңындағы Қарлыға, Боголюбово, Виноградовка -10-14, Жабай-Пакровка 3 тұрақтары. әдетте атбасар мәдениеті тұрақтарының бәрі солтүстік Қазықстанның аса маңызды су жолдарының ертедегі арналарының жағаларына орналасқан. Сақталап қалған іздерге қарағанда тұрғын үйлер жеңіл жер бетіндегі сипатта болған. Бұлар көлемі 25 шаршы метрден аспайтын дөңгелек және төртбұрышты лашық түріндегі құрылыстар еді. Атбасар тұрғындарының көпшілігін ескерткіштердің топографиясы, индустрияның сипаты, мәдени қабаттың нашарлығы, шаруашылықтың сипаты дәлелдейді. Тельман 1 тұрағында сол кездің өзінде –ақ жұмыр тастар мен нуклеустер одан әрі өндірілген; мұнда қыстырма еңбек құралдаран дайындауға жарамды қалақшалар мен тас сынықтары түріндегі бейімделген нұсқалар алынған.
Керамика ыдыс көлемі 1-5 л шамасындағы жарты жұмыртқа түрінде болған. Оның сырты тарақ тәрізді қалыппен безендірілген. Бірақ керамиканың қалдықтары өқте аз. Остеологиялық қалдықтары да аз. Тек соңғы ал кейде ортаңғы неолит тұрақтарында ғана жылқының ірі қараның сүйектері кездеседі. Б.з.б ІІІ мыңжылдықтың басында Солтүстік қазақстанда өндіруші шаруашылық элементтері қалыптасқан деуге мүмкіндік береді.
Маханжар мәдениеті.
Бұл мәдениет еснкерткіштерінің бізге белгілі көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр. Олардың ішінде бірнешеуінде ғана мәдениет қабаты сақталып, жақсы зерттелген. Олар:
Маханжар, Тұздыкөл 2, дүзбай -1-4, сор-2, бестамақ, Амангелді, тобылда Алқау-2 тұрағы ғана мәлім.
Ескерткіштердің типографиялық сипаты: олардың көпшілігі жайылма сулардың кең уча скелерінде олар күрт таратылатын жерлерінде орналасқан. Жайылымдардың ені жалпақ келетін учаскелердің жағалауын қамыс басқан. Қазір мұндай сулар балыққа және құстарға бай. Олар ертедеде сонымен ерекшеленеді.
Бүгінде белгілі тзұрақтардың бәрінде мәдениет қабаты құм немесе құмдауыт қабаттан тұрады және едәуір дәрежеде жойылып кеткен. Тек біреуінде дүзбай -1 ескерткішінде ғана әлде бір құрылыстардың қалдықтаран табу мүмкін болды. Оларға қарағанда, мұнда неолит тұрғандарында жерге жарты метрдей қазылған жартылай жертөрелер болған.
Маханжар мәдениетінің ыдысы ерекше: керамикалық жұқа ыдыс қолдан жасалған және ұзынша пропорцияда болған. әдетте қылта мойыны жіңішке түбі конус тәрізді кейде бұдырлы болып бітеді. Өрнек ыдыстардың әлі кеуіп үлгермеген сыртына тісті қалыппен салынған. Компазициясы көлденең немесе тігінен салынған иректер сызылған параллельдер және басқа элементтер кейде бүкіл сыртын безендіріп тұрған.
Еңбек құралдарын дайындаған кезде Тобыл өңірінің ежелзгі тұрғындары қалақша қыстырмалар техникасын пайдалануды артық санағын. әдетте олар тұрақтарда барлық олжалардың жартысын құрайды деуге болады. Бірақ сол кездің өзінде – ақ құралдар үшін жергілікті көздерден алынатын шикізатты пайдалануды жөн көрді. Бұл орайда мұнда мезолит дәуірінен бері белгілі қайталап өңдеудің барлық тәсілдері: соның ішінде трапеция түріндегі геометриялық қыстырмалар дайындау да сақталған. Құралдарды шетіне ретушь салу және кескішпен жаңқалау әдісімен дайындаумен қатар тегістеу әдісінің пайдалануы дұрыс атап өтілген. Сонымен бірге бұрғылап тесілген ұршықтың басы табылды. Бұл бұрғылау әдісінің пайда болуын ғана емес сонымен қатар жіп иірудің таралғанын да дәлелдейді. Дүзбай -2 Бесбармақ тұрақтарынан табылған тас қалақшалардан жасалған бұрғылар мәлім. Маханжар мәдениеті тұрақтарында жебе ұштарының болмауыда қызықты. Сірә, оған бірнеше қыстырмадан тұратын конструкция пайдаланылған болса керек.
Өндіруші шаруашылық дәуіріндегі Қазақстан аумағы тұрғындарының демографиясы туралы мәселені қарастыра келгенде ауланған жануарлардың құрамына қарағанда қамалап жеке аулаумен ойдағыдай ұштастыралған аңшылық шаруашылық жүйесінің маңызды бөлігі болды. Украйнаның Еділ бойы мен Қазақстанның далалық өңірлері бойынша қолда бар материалдар қажетті ең аз аңшылық аума.ғының мөлшерін шамамен есептеп шығаруға мүмгкіндік береді.
Тұрғын жайлардың көлемі мен мөлшеріне қарағанда аңшылық қауым орта есеппен шығаруға мүмкіндік береді. Тұрғын жайлардың көлемі мен мөлшеріне қарағанда аңшылық қауым орта есеппен 50 адамнан тұрды. Оның етке деген жылдық қажеті 11000 килограмға тең ал ауланатын сүт қоректілер биомассасының табиғи өсімі 100 шаршы километрге шаққанда 4000 кг болатынын негізге алғанда, аң аулайтын жердің ең аз мөлшерін 750 шаршы шақырым деп белгілеу керек. Теория жүзінде бүкіл Қазақстан 3620 қауым тұратын жер бола алады. Бірақ бұл орайда аң аулау жөнінен өнімді емес алаптармен қоныстануға қолайсыз аймақтың шартты түрде 50 пайыз болатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін халық санын ең көп дегенде 80000 адам деп есептеу мейлінше дұрыс болады.
Аңшылықпен балықшылар дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан айқын көрінеді.