Джейтун мәдениетінің шаруашылығы мен хронологиясы
Неолит Дәуірі жылы дымқылды антлатикалық климаттық кезеңді және құрғақ жылы субборалды кезеңнің басын қамтиды Неолит дәуірі әр аймақтарда әр түрлі уақытта басталып аяқталған орташа неолит дәуірі б з д 5-3 мың жылдықтарды қамтиды.
Неолит дәуіріндегі тас өңдеу техникасының жаңалықтары. Неолит дәуіріндегі тастың жаңа түрлерін іздеп меңгереді. Меңгерген кейбір тас түрлері шақпақ тас сияқты жіңішке бөлшектерге бөлінбейді. Мысалы яшма мен нефрит палеолит дәуірінде еңбек құрал жасайтын материал ретінде өте сирек пайдаланатын Неолит дәуірінің алдыңғы кезеңдерден өзгешелігі-осындай тас түрлерін меңгеру пайдалауы.Неолит дәуірінде тас өңдеу ескі әдістері сақталып үстем болып келе береді. Ретуш леваллуа техникасы екі жағынан соғу техникасы. Бірақ бұл техникалардың біреуінде нефрит және яшма сияқты тастарынан еңбек құралын жасау үшін жарамайды.Өйткені олар дұрыс шағылған тастарды бермейді. Сондықтан неолит дәуірінде тас өңдеу техникалары пайда болады.Шлифование аралау қайрау бұрлап тесу.
Керамиканың пайда болған уақытты оның формасы және негізгі өңдеу әдісі. Керамика неолит дәуірінің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол көптеген жерлерде бір уақыт мерзімінде пайда болған бірақ оны шеттен алып пайдалануы да мүмкін.Керамиканың негізгі өңдеу әдістері : лектикалық және ширактық.Дайындалған балшық қамырдан ұзын лента жасап ,оны болашақ құмыра формасымен спираль түрінде орайтын ,сосын сыртын ,ішін тегісіп,ауада кептіріп күйдіреді.Саусақтардың іздерінің көлемін қарағанда ыдыс-аяқты әйел адам істеді деп айтуға болады. Тамақты оттың үстіне дайындайтын, ал түбі тегіс оттың үстінде берік емес.Сондықтан құмыралардың формасының түбі үшкір немесе тұқым тәріздес болады.
Неолит дәуiрi әртүрлi аймақтарда шаруашылықтардың дамуы әркелкi жүргенi айрықша байқала бастағанымен ерекшеленедi. Орта Азияның оңтүстiк батыс аймақтарының шаруашылығында түбегейлi өзгерiстер болды. Мұнда азық табудың негiзгi көзi егiншiлiк пен бақташылық алдынғы қатарға шықты. Неолиттiк егiн шаруашылығының кейбiр белгiлерi Қара теңiз жағалаулары мен Молдованың бiрсыпра аудандарында да байқалады. Алайда өндiрушi шаруашылықтың осы үдемелi нысанының елiмiздiң басқа аймақтарына жаппай таралуы жүздеген жылдарға созылды. Тарихи дамудың барлық жерлерде бiркелкi еместiгiне байланысты неолиттiң мерзiмдiк (хронологиялық) шегiн анықтау қиын. Неолиттiң басталуы барлық жерлерде бiрдей 6-мыңжылдықтың соңы мен 5-мыңжылдықтың басына сәйкес келедi. Ал оның металды пайдаланған дәуiрге ұласуы барлық жерлерде бiрдей емес. Мәселен, бiрқатар оңтүстiк аудандарда неолит 4-мыңжылдықтың соңында қола ғасырының егiншiлiк мәдениеттерiне ұласса, Еуропаның батыс және шығыс аудандарында неолиттiк шаруашылық б.э.д. 2-мыңжылдыққа деиiн созылды.
Жаңа тас кезiнде тас еңбек құралдарын жасау тәсiлдерi өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Тас балта, шот, соққыны пайдалану кеңiнен таралып, өзiнiң түр-тұрпаты жағынан алуан түрлi тас құралдар, әсiресе ағашты өңдеуге арналған құралдар пайда болды. Сонымен қатар адамдар еңбек құралдарын жасауда диорит, нефрит, тақта тас секiлдi тастың жаңа түрлерiн пайдалануды үйрендi.
Балшықтан ыдыс жасау әдiсiн игеру жаңа тас дәуiрiнiң орны бөлек жаңалықтарының бiрi. Балшықтан жасалған ыдыстардың пайда болуымен жаңа сапалық құбылыс ендi.
Мата тоқып одан киiм тiгудi игеру iсi де жаңа тастың ең елеулi жаңалықтарының жалғасы. Алғашында адамдар мата тоқитын жiптi иiруде кенеп пен қалақай секiлдi өсiмдiктердi пайдаланды. Аңдарды қолға үйретуге байланысты мал жүнiнен жiп иiру меңгерiлдi. Тоқыма iсiнiң жолға қойылуы киiм, қапшықтар дорбалар тiгетiн және балық аулайтын аулар тоқитын жаңа шикiзаттар бердi. Неолит кезiнде Еуразия жерiнде жекелеген мәдени ошақтар, немесе бiрлестiктер қалыптасты: Еуразияның батыс бөлiгiнде Украйна мен Молдовада, Орта Азия мен Кавказда, Орал, Сiбiр, Қиыр Шығыста. Неолиттiк тайпалардың Орта Азияны мекендеген бiр бөлiгi Еуразия құрлығында барлығынан бұрын б. э. д. 6-мыңжылдықта отырықшы егiншiлiкке көшкен. Осы тайпалар қалдырған ескерткiштердiң кешенi олардың iшiндегi бiршама жақсы зерттелген қоныстың атымен Жейтүн мәдениетi деп аталады. Ерте егiншiлiкпен айналысқан жейтүн мәдениетiнiң ескерткiштерi Қарақұм мен Копет – Даг тау сiлемi бөктерiндегi жiңiшке жолақта шоғырланған. Ашхабаттың солтүстiгiнде 30 км жерде кiшiгiрiм төбенiң үстiнде орналасқан жейтүн қонысы 50 ге жуық бiр бөлмелi үйлерден тұрады. Онда жүргiзiлген қазба жұмыстары жейтүндықтардың үй салу кәсiбiн неолиттiң басында үйренгендiгiн көрсеттi. Қоныстан табылған еңбек құралдары ұсақ тас қырғыштар, кескiштер, тескiштер және орақтардың тiстерi. Балшықтан жасалған ыдыстарда отырықшылық сипатта. Олардың қатарында астық сақтау үшiн пайдаланылған үлкен құмыралар көп. Кейбiр ыдыстары толқынды көз алдыңа елестететiн өрнектермен безендiрiлген. Жейтүн мәдениетi қонысын Орта Азия мен Алдынғы Шығыстың көне мәдениеттерiмен салыстыру барысында оның Алдынғы Азияның ерте егiншiлiк мәдениетiнiң қатарына жатып, әлемнiң алдыңғы қатарлы отырықшы- егiншi тайпаларының солтүстiк-шығыс шекарасындағы шеткi ауданы болғаны анықталды. Олар арнайы суғару жүйелерiн салмады. Егiншiлiкте өзен суларының көктемгi табиғи толысын пайдаланды. Қазiргi кезде Қара теңiздiңi орманды және далалы жағалауларында неолиттiк мәдениеттiң үлкен ауданы ашылған. Осы аудандағы Днестiр мен Буганың аралығында б.э.д. 5 – 4 мыңжылдықтарда буга-днестiр мәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттiң 60 тан астам қоныстары белгiлi. Буга – днестiр мәдениеттiң тұрғындары жер бетiне салынған жеңiл үйлер мен жертөлелерде тұрды. Басты шаруашылығы аңшылық, малшылық кейiннен қалыптасып, егiншiлiктiң алғашқы белгiлерi байқалады. Бұғының мүйiзiнен жасалған кетпендер мен қоңырқызыл түстi түбi үшкiр ыдыстары ерекше.
Денепро-дондық мәдениеті
Днепр мен Донның аралығындағы ауқымды аймақта днепро-дондық мәдениет дамыды. Бұл күнде осы мәдениеттiң 200 ге жуық қоныстары мен зираттары белгiлi. Тұрғындары жердiң бетiне салынған төртбұрышты ағаш үйлерде тұрған деп есептеледi. Мәдениет ауқымы кең, түбi үшкiр, сырты тарақ секiлдi нәрсемен салынған өрнекке толы ыдыстарымен ерекшеленедi. Шаруашылығы мәдениеттiң бүкiл даму барысында аңшылық болған, тек соңғы кезiнде егiншiлiк пен малшылық қалыптаса бастады.
Неолиттiң кезiнде кiшiгiрiм мәдени қауымдастықтар Рессейдiң Еуропалық бөлiгiн, Оралды, Батыс Сiбiрдi, Байкал өңiрiн, Қиыр Шығысты қамтыған орманды аудандарда қалыптасып, дамыды. Осы облыстардың әрқайсысының iшiнде жекелеген мәдениеттер бөлiнiп шығады. Мәдениеттердiң әрқайсысын зерттеу барысында олардың бiр – бiрiнен айырмашылығына ыдыстарының формасын, өрнегiн, шаруашылығын негiзге ала отырып көңiл бөлген жөн. Еуразияның орманды және ормандыдалалы аймақтарының неолиттiк мәдениеттерi аңшылық, балықаулау және терiмшiлiк негiзiнде қалыптасып дамыды. Неолит кезеңiнде елiмiздiң көпшiлiк аудандарында өндiрiстiк өрлеу жүрiп жатты, еңбек құралдары жетiлдi, әртүрлi тайпалардың қоныс аударуына байланысты олардың бiрiн бiрi тәуелдi ету секiлдi күрделi тарихи процестер қалыптасты. Орманды аймақтарда қоныстар жалпылама аңшылыққа қолайлы өзендердiң жағалауларына шоғырланған. Олардың негiзгi қатынас жолы өзен болғандықтан қайық негiзгi көлiкке айналды. Бұл аймақтардағы мәдениеттердiң дамуы аңшылық қарулар мен балық аулайтын құралдардың ұдайы жетiлуi негiзiнде жүрдi. Неолиттiң соңына таман кейбiр жерлерде малшылықтың нышаны байқалады. Бiртiндеп орманды аймақтардың неолиттiк мәдениеттерiнiң орналасу жүйесi өзгердi. Осы өзгерiстерге қарай ерте неолиттiк мәдениеттердi б.э.д. 5 — 4 – мыңжылдықтарға, дамыған және кейiнгi неолиттiк мәдениеттердi б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарға жатқызуға болады. Ерте неолитте Едiл мен Ока бассейiнiнде льялово мәдениетi тайпалары өмiр сүрдi. Оларға сыртында ойықша және тарақтың дақтары секiлдi өрнегi бар жұмыртқа тәрiздес ыдыстар тән. Дамыған неолит кезiнде, б.э.д. 3 – мыңжылдықта неолиттiк тайпалардың қозғалысы байқалады. Днепр – донецкi тайпалары солтүстiкке қарай таралды. Ал Едiл мен оканың бойын мекендеген льялов тайпаларының мәдениетi барлық бағытта таралды.
Шығыс Европаның мәдениеттері
Осындай қозғалыстардың нәтижесiнде б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда Шығыс Еуропаның орманды аудандарында жаңа мәдениеттер қалыптасты: Солтүстiкте – карель; Балтық жағалауларында – прибалтика; Ресейдiң орталық аймақтарында бiрнеше мәдениеттер (волосово, белево, валдай т.б.) қалыптасты. Олардың көпшiлiгiнiң қалыптасуына льялов мәдениетi елеулi ықпал жасады. Олардың барлығын бiрiктiретiн ыдыстарының сыртындағы тарақтың ұшымен және басып салынған ойық өрнектерiнiң ұқсастығы.
Шығыс Сiбiрдiң жаңа тас дәуiрi негiзгi үш кезеңнiң ескерткiштерiмен (исаково, китой, серов) белгiлi.
Қиыр Шығыстың жаңа тас дәуiрiн зерттеу соңғы уақытта жақсы нәтиже бере бастады. Б.э.д. 5 – мыңжылдықтан бастап мұнда бiрнеше мәдениет дами бастады: новоперов, громатухин, ал кiшкене кейiнiрек – осинозерскi, кондоискi т.б. Жаңа тастың соңына қарай Қиыр Шығыста егiншiлiк пен мал өсiру қалыптасады. Қиыр Шығыс мәдениеттерiнiң ыдыстарының сыртына салынған көлденең сызықтармен тоғысқан әсем толқындар тәрiздес өрнектерi ешбiр аймақта кездеспейдi.
5 — 4-мыңжылдықтарда Орта Азияның едәуiр бөлiгi мен Қазақстанда Арал теңiзi аймағында балық пен аң аулауды кәсiп еткен тайпалар мекендедi. Олардың iшiндегi едәуiр жақсы зерттелгенi б.э.д. 4-мыңжылдықта қалыптасқан Кельтиминар мәдениетi ескерткiштерi. Осы мәдениеттен қалған ескерткiштердiң ең iрiлерi Жамбасқала 4, Жебелi, Сексеуiлдi тұрақтары Сырдарияның төменгi ағысы мен Арал теңiзiнiң маңында орналасқан.
Қазақстанның басқа аудандарында жаңа тас ескерткiштерi өте аз зерттелген. Дегенмен бүгiнге дейiн белгiлi болған 600 ден астам неолит және энеолит дәуiрлерiнiң ескерткiштерi Қазақстанның жаңа тас дәуiрi тайпаларының Еуразия кеңiстiгiндегi неолиттiк мәдени топтардың қалыптасуына үлкен үлес қосқанын бiлдiредi. Өздерiнiң қандай жерге орналасқанына қарай неолиттiк тұрақтар: бұлақтық, көлдiк, өзендiк және үңгiрлiк болып үш түрге бөлiнедi. Өзендiк және көлдiк тұрақтарда еңбек құралдары едәуiр көп табылады. Бұндай белгiлерi алғашқы адамдардың ондай тұрақтарда ұзақ уақыт, немесе тұрақты мекендегенiн бiлдiредi. Қазақстанның далалық аймақтарында бұлақтық тұрақтар көп таралған. Олар көбiне кезбе аңшылардың уақытша тұрған жерлерi. Үңгiрдегi тұрақтар көбiне таулы аймақтарда. Неолиттiк үңгiр тұрақтары Қазақстанда жақсы зерттелген. Олардың iшiндегi жан – жақты зерттелгендерi Қараүңгiр, Устьнарым, Сексеуiл, Иманбұрлық, Кiшiкраснояр, Пеньки 1,2 т.б. тұрақтары.
МЕРЗIМДЕЛУ
Жейтүн мәдениетi – б.э.д. 6 – 5 мың.
Льялово мәдениетi – б.э.д. 4 – 3 мың.
Днепро – Дондық мәдениет — б.э.д. 5 – 3 мың.
Кельтеминар мәдениетi – б.э.д. 4 мың.
Байкал өңiрiнiң(исаков, серов, китой) мәдениеттерi – б.э.д. 4 – 3 мың.
Шығыс Еуропаның орманды аудандарының кейiнгi жаңа тас (балахин, каргополь, карель т.б.) мәдениеттерi – б.э.д. 3 – 2 мың.
Қиыр шығыстың жаңа тас (новопетров, громатухин, нижнеамур) мәдениеттерi – б.э.д. 5 – 2 мың.