Қазақстан аумағындағы мезолиттік ескерткіштері

Қазақстан жеріндегі мезолит

Қазақстан аумағындағы мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50- жылдарда ғана пайда болды. 70-80жж В.Ф. Зайберттің Есіл өңірінде В.Н. Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңіріндегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80жж аяғы мен 90 жж басында батыс және оңтүстік Қазақстан да археологиялық зерттеулердің арқасында бірнеше тұрақтар ашылды.

Тас ғасырының аяғына қарай далалық – орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр құрамы едәуір артып: жылқы қоян сутышқан құндыз қасқыр түлкі аю қабан елік бұлан қарақұйрық киік бизон, түрі болды. Алғашқы аңшылар жоғарғы палеолиттің өзінде –ақ жайғасқан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуы ғана емес, халық санының ұлғаюына да байланысты аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай Орал өзенднрінің аңғарына қощныс аударды. Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орындар табылмаған жерден пайда болды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындықтыр туып отыр. өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішынде тұрып, материалдық қалдықтар қалмады деуге де болады.

Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин , Боголюбов – 2 Явленко – 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте Атбасар маңында Тельман 7-8-9-14 одан да оңтүстікте қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды-15 тұрақтары бар.

Мезолит хронологиясы мен мәдениетіне тән ескерткіштер

Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық қалдақтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айыамашылықтыры жоқ. Жебелер ұштарының түріндегі және бейімделген нұсқанықосымша өңдеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтыр ғана бар. Мысалы: Мичурин, Дүзбай -6, Дачная бұлардағы қыстырма жоқ. Сонымен бірге бұлардағы қыстырма қалашықтар тым шағындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «микролиттер » деп аталды. Бұл ерекшеліктер аумақтада хронологиялық та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал- Каспий су айырығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты. Маңғыстаудың мезолиттік тұрағы мен солтүстік батыс және оңтүстік батыс үстүрттің соларға жақын есгкерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобы мен жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылар мен ассиметриялы трапециялармен кескіштермен сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен қыстырмалар мен ұшы қиғаш өткір бізбен қалақшалар мен және қабаттары өңделген ұшы бар сынық тастар мен сипатталады.