Төменгі палеолит ескерткіштері, ірі-ірі үш кезеңге ( мәдениетке ) бөлінеді:
- олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн жыл-700 мың жыл)
- ашель (бұдан бұрынғы 700 мың-150-120 мың жыл )
- мусьте ( бұдан бұрынғы 150-120 мың -35-30 мың жыл ) кезеңдеріне бөлінеді.Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген,өйткені оның оңай жарылатын шақпақ тасты бәрінен де көбірек қолданғаны,ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес.Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар,қырғыштар,үшкір тастар,шой балғалар,піспектер,пышақтар,тескіштер және т.б.бөлініп шыққан.
Археологиялық қазба жұмыстары көптеген тас сайман тапты,олар өте ерекше және оған ұқсастарын табу қиын.Негізіне ақ кварц пен сарғұлт сұр құмдық басым шикізат пайдаланған.
Құралдардың жетекші үлгісі көбінесе жай дөңесті және тура бүйірлі қырғыштар болып табылады,сүйір ұшты сынықтар мен пышақтар да кездеседі.Алуан түрлі жануарлар-мүйізтұмсұқ,бизон,жылқы сүйектері мен тас бұйымдардың мол болуы полеолит адамының суға келген кезінде бұлақ жанындағы батпаққа батқан жануарларды аулауының нәтижесі екенін дәлелдейді.
1984 жылы Жезқазған облысының Ағадыр ауданында мустьерлік заманның жаңа ескерткіштері табылды.Бұлар-Өгізтау-1және-2,Үлкен Ақмая сияқты тұрақтар. Мұнда тас бұйымдар бұлақ жанындағы аласа төбенің баурайында жатыр. Шикізат материалдарының жақын және екі жағы қырланған балталар,қырғыштар,ойық қалақтар мен нуклеустер жергілікті шикізат-сұрғылт кварциттен дайындалған. Көптеген құралдар кейінгі кезеңдердің өзінде-ақ қайталап пайдаланған,мұны тас бұйымдардағы «жаңа» сынықтардың болуы көрсетеді.
Келесі мәдениет-ортаңғы ашельге сәйкес келетін леваллуа-ашель-І мәдениетінде тас балталар мен кливерлер аз кездеседі.Тас бұйымдар теңіз жарқабақтарының жағалауындағы ежелгі белдіктеріндегі,сондай-ақ Түпқорған үстіртінің беткейлерінде жатыр. Ақырында,леваллуа-ашель-2 мәдениетіне найзалардың өңделген тас ұштары мен екі жағы қырланған пышақтар тән болып келеді.Барлық тұрақтар Каспий теңізінің жағалауындағы жарқабақ алаңдарына орналасқан.Құрал табылған жеті жерді қамтитын Өніжек тобының тұрақтарын сипаттауға тоқталып өтейік.Тұрақтар бір-біріне жақын орналасқан,бірақ тас құралдарда бірқатар айырмашылықта байқалады.Тас бұйымдар арасынан нуклеустер,қырғыштар,бифастар,найзалардың ұштары және көп мөлшерде сынық тастар бөлек көрінеді.Соңғыларының ішінде ауқымды леваллуа үшкір тастары да бар.Нуклеустер арасында ұзындығы 30сантимертге дейін жететін леваллуа пластиналарын алуға арналған ауыр тас сынықтары да ұшырасады.Өніжек индустриясында жалпақ алаңдынуклеустердің,алуын түрлі (үш бұрышты,төрт бұрышты) симметриялы пластиналардың және аз мөлшерде болса да,жақсы өңделген құралдардың болуы тән.Қазақстанның Ноmo Sapiens сатысына сәйкес келетін замандастары болған.Қаратау мен Маңғыстаудың алғашқы мекендеушілер сол кезде-ақ от жағып,оны сақтай білген,ірі және ұсақ жануарларды аулаумен,жиын-терінмен шұғылданған.
Орта палеолит ескерткіштер
Қазақстанның Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы бірнеше аудандарда алғашқы адамдардың ежелгі тас дәуіріндегі еңбек құралдары табылған .Жергілікті Бөріқазған Тәңірқазған және тоқалы 1,2,3.жерлерінен Арыстанды өзенінің жағасында ашель кезеңіндегі ең көне өзгеше құралдар табылған (жергілікті) палеолит кезеңінде тастан жасалған еңбек құралдар табылды.
Шақпақ және екі жағыда өткір тас, домалақ және жұмыр тас құралдар табылды. Үшбұрыш тас сынақ қалдықтары сонымен сынықтар өте өткір алмас сияқты қалдықтар, табылған қалдықтардың ішінде біреуі жетілген жұмыр қолдан әбден өңделген. Қаратау жотасына ашель кезеңінде пайда болған еңбек құралдар қарапайым түрде жасалынған, сонымен өндірілмеген тастар пайдаланған. Қаратаудан табылған еңбек құралдарының формасы өндірілген түрлері сияқты Бирмада ,Вьетнамда ,Индияда да табылған. Сол. Шығ .қазақстан жеріндегі Сарыарқаның құдай көлдің жағасында табылған Қырғыш, домалақ ұршық тәрізді тас, төрт бұрышты, ұшбұрышты нуклеус төменгі палеолит кезеңіндегі құралдар Балқаштың Солтүстік жағалауында табылған .
Қазақстан жеріндегі Қаратау жотасының жағасында алғашқы қауымдысинантроп питекантроп мекен еткенін және олар отты пайдаланған және жинау –терімшілікпен айналысқан.Орта палеолит кезеңдегі ескерткіштері барлық жерінен табылған. Мустер кезеңі адамзат (дамуының) мәдениетінің жоғары дамыған (кезеңі)уақыты еді. Тастан қашалынып жасалынылған қаруларда (жетіле)бастады. Олар дөңгелек (нуклеус)тастар мұндай тастар шетіне ортасына қарай көптеген соққылармен қашалып жасалынды .Мусьтер кезеңінің ескерткіштерінде әр түрлі адамдардың қару құрал істеу өзіндік ерекшіліктері болды. Мусьтер адамдардың ең үлкен табысы ағашты ағашқа үйкеу арқылы от жағу болды Мусьтері кезеңін көбірек зерттелген жерлері Оңтүстік Қазақстанның Арыстанды өзенінің Қара су тұрағы қазба жұмыстар барысында бұл тұрақ жай үш мәдени қабаттан тұратынын анықтады.
1.Жоғарғы (қабат) мәдени қабат 3,3х3,8м тереңдікте орналасқан 1250кв м.жерді алып жатыр бұл жерден 700 түрлі шақпақ тастан істелген бұйымдар табылды . Жануарлардың сүйегімен ошақ орындары табылған жоқ.
- Ортаңғы қабат 4,3Х4,8м тереңдікте орналасып бұл жерде жануарлар сүйектері мен от орындары табылған .
3.Астыңғы қабат 5,0Х5,8м тереңдікте орналасқаны табылады.Қазба жұмысының барысында бір неше мың шақпақ тастан істелінген (садақ жебенің ұшы, қырғыштар ,балта тәрізді құралдар диірмен тастары).Сүйектен жасалған әшекейлер табылады. Бұл тұрақ жайларды бірнеше рет адамдар тастан кетіп, көп уақыт өткеннен кейін, қайта қоныстанып отырған, бірақ оның бәрі орта палеолит кезеңіне жатады. Көптеген шақпақ тастан жасалған құралдар Қаратау жотасында табылған солардың бірі Үшбұлақ сайынан 3км шығыс жағында Халседон(тас)табылған жерден орналасқан .Үлкен жартастан сындырып алынған орны бар. Жанында көптеген диірментастар және басқа жалпақ тастар ұшырасады Үшбұлақ сайының бұлақтарының 6 жерінде мусьтер теспіндегі құралдар табылған. Олар –Үшкір жебе ұштары, жалпақ үш бұрышты тастар. Шалсай өзеніндегі шарпақты сайында қырғыштар мен жебе ұштары табылған Мустер (тип ) құралдары сондаяқ орталық Қазақстанда Шығыс Қазақстанда және Манғышлақтүбегінде кездеседі. Музбел тауының Оңт-батыс жағындағы Сарысу өзенінде, майда тастар, дөңгелек, тастар нуклеус(домалақ ұршық бастар)кездеседі.Ертіс өзенінің жоғарғы жағасында Қанай ауылындағы өзен жағалауынан шамамен 6 метр құлшық астынан да,үлкен қырғыштар, жебе ұштары және өткір тастар табылған.
Жоғарғы палеолит ескерткіштері .
Жоғары палеолиттің ескерткіштері қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Олар үңгірлердегі және оның жерлердегі тұрақтаған адамдардың жерлері оларға Онт.Қазақстандағы Қаратау жотасында орналасқан Үшбас үңгірі жатады. Қазба жұмыстарын жүргізгенде бұл жерде кейінгі палеолит құралдары табылған. Қара шақпақ тастар бір жағы өткірленген пышақтарменбірге бизондардың,сайғақтардың, түркімен қарсақтардың сүйектері табылған.
Сор көл өзенінің жағалауында ашық жерде де орналасқан адамдардың тұрақ жайларында қара шақпақ (призма үшкір) ұқсас (нуклеус)тастар – қырғыштар , табылған .
Тұран өзенінің бойында Әшісай адамдар тұрақталған жерлерде 15 қоныс жайдың жан-жағынан бизонның арқардың, жабайы аттардың майдаланған сүйектері табылған қарулардың арасында қырғыштар ,жебе ұштары, пышақ секілді өткір тастар табылған .
Жоғарғы палеолит ескерткіштері тек қана Онтүстік Қазақстанда ғана емес республикамыздың басқа да территориямызда да кездеседі.
Шығыс Қазақстанда Бұқтырма өзенінің құйылысында адамдар қоныстанған үңгір табылған.Үңгірдің ауызы Батысқа қарап іші ені бөлімнен тұрады . Қазба жұмыстарын жүргізген кезде оның айналасынан тұрмыс еңбек құралдары және аңдардың сүйектері табылған олардың ішінде мамонттың жүндес мүйіз тұмсықтың жабайы жылқының зубырдың арқардың маралдың үңгір (қор қауының шена )қоңыр аюдың қасқырдың сүйектері табылды.
Жоғарғы палеолит кезеңінің көптеген ізі Орталық Қазақстанда да бар Түлкім және Семіз бұғы тауларындағы Тұранға өзеннің аңғары да тастар қашалған қырғыштар пышақтар кескіш заттар көптеп табылған. Батпақ 8 тұрақ жайларда үш бұрышты үлкен жалпақ тастарымен үлкен қырғыштар және жапырақ тәрізді найзаның ұшы табылған.
Қарағандының Оңт.Қазақстанның жағында Қарабас 3 мекен жайында да 172 түрлі бұйымдар тастан істелінген табылған оның ішінде ірі дөрекі қашалған тастар 2 домалақ ұршық тас, (таспен)найзаның үшы табылған.
Палеолиттің барлық кезеңі адамзаттың ой өрісінің, кәсіптік өнері, мәдениетінің даму кезеңі болды.
Палеолит кезеңі – бұл адамдардың бірте бірте өмірін сақтап қалу үшін күрес еді. Ол кезде кім күшті болса, сол тірі қалды. Қазақстандағы алғашқы қауым адамы басқа жердегі адамзаттың,аңшылық, жинаптерімшілік болды. Кескіш құралдар әр түрлі функциональдық роль атқарды. Олар әрі қорғанушылық, әрі тұрмыстық құралы болды.
Алғашқы қауымдық адамдардың топталып өмір сүруінің дәлелі тастан жасалған құралдарының бір жерге жиналып қалуы.
Адамзат табиғат күрес нәтижесінде отты пайдалануды және сақтауды өлтірген аңдарының терісінен киім киюді үйренді.
Бірте-бірте тастан жасалған қарулар, өзінің қолданылу мақсатына қарай 6 әртүрлі формаға бөліне бастады.
Адамдар қырғыштарды пайдалана отырып, мүйіз бен сүйекті өңдей бастады. Қару ойлап табу ең негізгі техникалық табыс болды. Қарудың түрлі вариантын арақашықтықты есепке алып пайдалану аңшылықтың пайдалы жақтарын өсірді, теріні өңдеу жақсарды. Аңшылықта қолға үйретілген қасқырлар пайдаланыла бастады. Аңшылықтың түрі барынша көп пайда келтіру көзделе бастады. Ол үшін қарудың да жетілген түрлері керек болды.