Палеолит. Адамзаттың шығуы. Шаруашылықтың алғашқы түрлері

Палеолит Тас дәуір –адамзаттың тарихында ең көне және ең ұзақ дәуір болып келеді.Тас дәуірі деп аталу себебі-негізгі еңбек құралдар тастан жасалынатын. Бұл кезең 2,6 млн. Жыл бұрын басталады. Археологияда адамзат тарихы ең алғашқы еңбек құралдарды арнайы әдістермен белгілі формамен жасауынан басталады. Көп жерлерде тас дәуірі б.э.д.IҮ мың ж.дейін белгілі болып келеді. Кейбір жерлерде тас дәуірінің ескерткіштері б.э.д.II мың ж.жатады.

Тас дәуірі негізіндеполеолит, мезолит, неолиткезеңдерінебөлінеді.Тасдәуіріндееңалғашқыадамдарпайдаболады жәнеэволюциясыөтеді. Осыдәуірде адамдардыңнегізгі нәсілдіктоптары қалыптасады және жердіңбетінкеңқоныстайды. Мысалытасдәуірініңбасында адамдарАзияның, Африканың ,ОңтүстікЕвропаның шектелгенаймақтарында өмірсүргенболса , тас дәуірдіңсоңындаадамдар жердің барлықаймақтарындақоныстанған.Тасдәуірінде адамзаттыңдамуына негізгіықпалынжасаған жаңалықтаржасалынды. Солардыңқатарында – оттытабуәдісі, киім, садақ пен жебе т.б. Әр-түрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың пайдалықасиеттерітуралы білімніңжиналуыныңмаңызыөтезорболыпкеледі. Тас дәуірініңсоңында адамзат өнімтабужолында өтемаңыздыжаңалық жасады.Олегінменмалшаруашылығына өтуі. Яғни,дайын өнімпайдаланушаруашылығынан өнімшығаратын шаруашылығынаөтті. Сондықтанадамзаттарихында тасдәуірініңмаңызыөтезор болыптабылады.

Жердіңтарихын 5 млрд жылқұрайды. Адамзаттарихыоныңішінде қысқа, өтпелікезеңболыптабылады. Соңғымәліметтербойынша адамныңпайдаболғануақыты 3-3,5 млнжыл бұрын,алжоғарғыуақыты1,8-5 млн жылбұрынболыптабылады. Археологиялықкезеңгебөлу еңалғашқыеңбекқұралдарының пайдаболғаннан, яғниадам пайдаболғаннанбасталады.

Тасдәуіріүшүлкен кезеңдергебөлінеді. Полеолит – ерте тас, мезолит -орта тас, неолит — жаңатас. Бұлдәуірдіңкезеңгебөлінуінің негізгібелгісі- тас еңбекқұралдардың материалынажәне жасауәдісінебайланысты бөлінеді.

Тасдәуірініңалғашқыкезеңіпалеолит депаталады.(палеос- ежелгі, көне; литос-тас). Палеолит плейстоценкезеңіненгалоценкезеңіне дейінгіуақыттықамтиды. Палеолиттіңнегізгісипаттамасы – дөрекіжәне ірітас еңбек құралдарыныңүстем болғаны. Палеолитсөзі- гректіліненаударғанда көнетасмағынасынбілдіреді. Қазіргікезеңде археологтар палеолитті екікезеңгебөледі- төменгі немесе ежелгі жәнежоғарғы немесе кейінгі. Төменгіпалеолит үшкезеңге бөлінеді- олдувей(2,5млн.-700 мыңжылбұрын), ащель(700-150-120 мыңжылбұрын), мустье (150-120 мыңжылбұрын-40-45). Жоғарғы палеолит 40-45 мың 10-15мыңжылбұрын. Палеолитдәуірінің кезеңге бөлінуініңнегізгібелгісі – тасеңбек құралдарының өңделутехникасының өзгешелігіболыптабылады.Себебітас еңбекқұралдарының өңделутехникасы әркезеңдеөзгеріптұрған.

Қазіргі кезде адамдардың белгілі еңкөнетұрағы Эфиопияда Вест -Гонажеріндеорналасқан.(2,8-2,4 млн. ж. бұрын.) Бұлтұрақта homo habilis- тіңқалдықтарытабылған. Кооби –Фора тұрағы Кенияда орналасқан(2 млн .ж . бұрын). Ондағы мәдениқабаттар сақталған .

ТМДелдеріндепалеолиттік тұрақтаркөптабылған, бірақ Олдувай кезеңінежататын тұрақ жоқ.. Палеолиткезеңі адамның қалыптасқан уақыты. Ертепалеолиттеархантроп – ежелгі адам-және полеонтроп-көне адам -өмір сүрген кезеңі. Соңғы палеолиттенеоантроп –жаңа адам – пайда болды .Бұл кезеңде . адамдардың әлеуметтік құрылысында тобырдан рулық қауымға өтеді. Олдувай кезеңінің ең көне ескерткіштері Африкада табылды. Бұл кезеңіне еңбек құралдардың үш түрі сай келеді. Бірінші түріне дөрекі көп қырлы еңбек құралдары жатады. Оларды сфероидтар деп атайды. Екінші түріне ретущь өндеу әдісімен жасалған еңбек құралдар жатады.Үшінші түріне кесуге және шабуға арналған құралдар жатады. Оларды чоппер және чоппинг деп атайды. Адамдар табиғатқа тәуелді болып аңшылықпен және терімшілікпен айналысатын. Әлеуметтік құрылыста тобыр үстем болды.

Ашел кезеңінде жаңа еңбек құралдың түрі пайда болды –қол кескіш немесе жарғыш және кливер немесе шапқыш. Ашелдің ортасында леваллуа тасты өндеу әдісі пайда болды. Ескерткіштері: Торральба (Испания), Клектон(Англия), Леринген (Германия), Джоу –коу-дян (Қытай),Кударо (Осетия).Шаруашылығы: аңшылық және терімшілік.

Мусьте кезеңінденеандерталь адамы пайда болды.Леваллуа тасты өндеу әдісі үстем болды. Ескерткіштері: Киик-коба, Тешикташ,Шанидар.

Тас ғасыры археологияда көне тас (палеолит) және жаңа тас (неолит) болып екiге бөлiнедi. Көне тас пен жаңа тас дәуiрлерiн екiге бөлiп тұрған аралық кезең орта тас (мезолит) деп аталады. Бұл кезеңнiң басын археологтар тұрпайы да болса алғаш еңбек құралдарын жасауды игерген адамның арғы атасының жануарлар дүниесiнен бөлiнiп шыға бастаған уақытынан алады. Тас ғасырының соңында адам жан – жақты жетiлген еңбек құралдарының алуан түрiн жасауды меңгердi: егiншiлiкпен мал өсiру қалыптасты. Осылайша қазiргi кездегi өркениеттiң негiзi болған өндiрушi шаруашылықтың iрге тасы қаланды.

Тас ғасырының қойнауында адамның қазiргi физикалық бет бейнесi қалыптасып, адамдардың қоғамдық коллективтiк бiрлестiгi – рулық құрылыс пайда болды. Осындай тарихи даму жолдарының басында гаремдiк ұйымдардан тұратын алғашқы маймыл – адамдар тобы тұрды. Қазiргi iрi нәсiлдердiң негiзi де осы тас ғасырында қалыптасып дамыды. Тiршiлiкке қолайлы жерлердi жаппай игеру мен оларға қоныстану да тас ғасырынан басталады. Тас ғасырының басында Алдыңғы Азия, Солтүстiк Африка және Оңтүстiк Еуразия жерлерiн ғана мекендеген адамдар, тас ғасырының соңында жер бетiне толықтай таралып, бос жатқан жерлердi меңгердi.

Тас ғасырында адам қоғамның дамуына үлкен үлес қосқан бiрқатар жаңалықтар (ашылулар) жасалды. Олардың қатарына от жағу, киiм тiгу, үй салуды, ыдыс жасауды үйренудi жатқызамыз.

Көне тас (палеолит) дәуiрiн зерттеу Еуразия құрлығының көптеген аймақтарындағы адамның тiршiлiгiнiң iздерi сақталған археологиялық ескерткiштердi қазу арқылы жүзеге асырылады. Көне тас дәуiрi бiздiң елiмiздiң жерiнде б.э.д. 1 млн. жылдан астам уақыттан басталып, б. э. дейiнгi 10 — шы мыңжылдыққа дейiн аралықты қамтыды. Көне тас ғасыры төменгi және жоғарғы, немесе ерте және кейiнгi тас болып, екi кезеңге бөлiнедi. Төменгi тас өмiр сүрген уақыты аралығы тұрғысынан 1 млн. жылдан 40 мың жылға дейiнгi аралықты, жоғарғы тас б.э.д. 40 мың жылдықтан 10 мың жылдыққа дейiнгi аралықты қамтиды. Тақырыпты меңгеру барысында адамдардың бос жатқан жерлердi игеруi, тас өңдеу iсi мен еңбек құралдарының жетiлу дәрежесi, адамдардың бет бейнесiнiң қалыптасуы төменгi тастың кезеңдерiнде қалай жүргендiгi мен шаруашылықпен қоғамдық қатынастардың қайсысы олардың қайсысына сәйкес келетiндiгiне көңiл аудару қажет.

Алғашқы адамдардың бiздiң елiмiздiң жерлерiне таралуы әртүрлi уақытта, әртүрлi ошақтардан, әртүрлi бағыттарда жүргендiгi байқалады. Теңiз суларының бiрден көтерiлiп, бiрден төмендеуi секiлдi табиғаттың ауытпалы құбылысы адамдардың жер бетiне таралуына айтарлықтай кедергi жасады. Еуропа жерiне алғашқы адамдар өздерi мекен еткен едәуiр оңтүстiк аудандардан келдi. Кавказ бен қара теңiздiң солтүстiк жағалауларына, Орта Азия мен Қазақстан жерiнде, Алтай мен Амур өңiрiне қоныс аударған алғашқы адамдар өздерiмен бiрге коллективтiк тұрмыстың қалыптасқан тәжiрибесi мен еңбек құралдарының жасалу әдiстерiн де ала келдi. Адамзат тарихында, әсiресе оның алғашқы кезеңiнде табиғи орта үлкен мәнге ие болды. Алғашқы қоғам адамдарының бүкiл iс — әрекеттерi олардың өздерiн қоршаған ортамен өзара тығыз да тұрақты байланысты.

Төменгi тас хронологиялық жағынан кезектесiп келетiн Олдувей (Олдувай 2млн. – 700 мын), ашель (700 – 120 мын) және мустье (120 – 40 мын) секiлдi үш кезеңнен өттi. Еуразия жерiнде төменгi тас (палеолит) дәуiрiнiң ең көне тұрақтары Кавказда (Кударс I, Азых үңгiрi, Садани Дар ) Орта Азияда (Күлдар, Селүңгiр, Қарақала, т.т.), Алтайда (Ұлалы), Қаратаудың бауырайында (Шақпақата, Бөрiқазған, Тәңiрқазған, Жаманайбат ) орналасқан. Төменгi тас дәуiрiнде тас құралдарды өңдеудiң ең қарапайым тәсiлi қалыптасты. Ол археологияда оббивка тәсiлi деп аталады. Ежелгi адамдар үшiн тас қоршаған ортаға әсер ететiн бiрден – бiр құрал болды. Еңбек құралдарын жасау үшiн көбiне малта тастарды пайдаланған. Олар еңбек құралдарын жасайтын материалдар ретiнде тастан басқа ағашты, сүйектi, ракушкаларды да пайдаланғаны белгiлi. Бiрақ бұл материалдар тас секiлдi салмақты да қатты қасиетке ие болмады. Сондықтан қолшапқы, қырғыш секiлдi көп мақсатта пайдаланылған тас құралдар палеолит кезiнде кеңiнен таралды. Осындай еңбек құралдары сопақша келген, бiр шетi ұстауға қолайлы, екiншi шетi кесуге бейiмдеп жүзделген (өткiрленген) нысанда жасалды.

Тас өңдеу тәсiлiнде елеулi өзгерiс ашелдiң соңғы кезiнде болды. Бұл кезде нуклеустен сопақша немесе ұзынша келген жұқа пластиналарды соғыу арқылы жарып алу тәсiлi игерiлдi. Ондай әдiстi осы түрдегi құралдың алғаш табылған жерiнiң атымен (Париждiң маңында) леваллуа деп атайды.

Төменгi тас кезiнде ауа райының күрт сууына байланысты Еуропа мен Азияның солтүстiк аудандарын мұздықтар басты. Кейбiр ғалымдар мустьердi төменгi тас пен жоғарғы тастың арасындағы орта палеолит деп қараса, ғалымдардың басым көпшiлiгi оны төменгi тастың соңғы кезеңi деп санайды. Қалай болғанда да осы мүстьер дәуiрiнде ауа райы жылып, мұздықтар бiртiндеп ерiдi, олардан босаған жерлердi адамдар мекендей бастады.

Қырым, Кавказ, Оңтүстiк Орал, Орта Азия, Қазақстан және Алтай жерлерiн адамдар осы кездерде қоыстана бастағанға ұқсас. Мүстьер аңшылары мен терiмшiлерiнiң тұрақтары Шығыс Еуропа мен Орта Азияда көптеп табылып зерттелген. Мәселен, Қырымда: Киiк – Қоба, Қасқырапан, Староселье, Шайтан – Қоба секiлдi мүстьер тұрақтарының үлкен тобы ашылып, зерттелген. Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары мен Қавказ жерлерiнде 200 ге жуық осы дәуiрдiң ескерткiштерi белгiлi. Мустьер мәдениетiнiң үлкен ошағы болып Орта Азия саналады. 1938 жылы А.П.Окладников тапқан Тесiктас үңгiрiнен бастап, Қапшағай, Күлбұлақ, Оби – Рахман, Қарабура , Қайраққұм ашылып, зерттелген. Қазақстанда мүстьер дәуiрiнiң ең жақсы зерттелген ескерткiштерiнiң бiрi Қаратауда, Арыстанды өзенiнiң жағалауында орналасқан Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ. Ол биiктiгi 7 метiрге жететiн 6 мәдени қабаттан тұрады. Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Бүркiттi және Шалсай секiлдi мүстьер аңшыларының тұрақтарының көптiгi Оңтүстiк Қазақстанды алғашқы адамдар тығыз мекендегенiн көрсетедi. Мүстер тұрақтары Қазақстанның басқа аудандарынан да табылып, жақсы зерттелген. Олар Орталық Қазақстанда: Мұзбел, Батпақ 8, Өгiзтау 1,2, Вишневка, Семiзбұғы 1; Шығыс қазақстанда: Қанай, Құдайкөл т.б. тұрақтар.

Мүстьер қоғамның өндiргiш күштерi алғашқысына қарағанда едәуiр дамыған кезең болды. Бұл кезде тас құралдарды жасау әдiстерi бiршама дамыды. Тасты бөлу, жару тәсiлдерi қалыптасты, тас құралдарының түрлi мақсатқа арналған түрлерi көбейдi. Қазiргi кезде мүстьерлiк тас құралдарының 60 – қа жуық түрлерi ғылымға белгiлi. Олардың iшiндегi ең көп таралған түрлерi орташа көлемдегi шапқыштар, кескiштер, қырғыштар мен өткiртұмсықтар.

Мүстьер кезiнде аңшылық кәсiп бұрынғысынан да жоғары мәнге ие болды. Бұл кезде негiзгi аңшылық қару ретiнде найзалар қолданылды. Ұштары тастан жасалған найзалар мен сүңгiлердiң пайдаланылуы аңшылық кәсiптiң мүмкiндiгiн арттырды. Дегенмен аңшылық құралдардың едәуiр жетiлгенiне қарамай аңшылықтың коллективтiк түрi (қаумалап аулау) негiзгi болып қала бердi.

Бiздiң заманымыздан 40 –30 мың жыл бұрын адам қоғамындағы жаңа кезең жоғарғы тас дәуiрi басталды. Ол бiздiң заманымызға дейiнгi 12 – 10 – мың жылдыққа шейiн созылды. Бұладамның осы күнгi түр – тұрпаты толық қалыптасып бiткен уақыты болатын. Еңбек құралдарын жасауда да бiрқатар жетiстiктер болды. Жалпы бұл дәуiр адамдардың биологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар шаруашылық пен қоғамдық тұрғыдан да жетiлген кезеңi едi. Адамзат бұрынғысынша мұздық дәуiрi жағдайында өмiр сүрiп жатты. Мамонт сияқты суыққа төзiмдi iрi аңдардың әлi де кең таралған кезi. Еуразияның шексiз және суық келетiн далалы аймақтарын мамонттар, солтүстiк бұғылары, мүйiзтұмсықтар мен жабайы жылқылар еркiн жайлады. Соңынан климаттың бiртiндеп жылуына қарай мұздықтар ерiп, өсiмдiктердiң түрлерiнiң өзгеруiне байланысты мамонт секiлдi суыққа әбден бейiмделген iрi аңдар бiртiндеп жойылды. Iрi аңдардың жойылуымен төменгi тас дәуiрiнiң аяқталып жоғарғы тас дәуiрiнiң басталуы тұспа – тұс келедi.

ЖОҒАРҒЫ ТАС ғасырын оқу барысында сол кезеңнiң өзiне дейiнгi дәуiрден тас еңбек құралдарын жасаудың жаңа, едәуiр жетiлген әдiстерiнiң меңгерiлуiмен ерекшеленетiндiгiн ескерген қажет. Жаңа еңбек құралдары алғашқысынан өзiнiң формаасымен ғана емес, атқарған қызыметiмен де ерекшелендi. Тас құралдар ұзынша келген пышақ тәрiздес жалпақ тастардан бөлiнiп алынды. Олардың көлемдерi аса үлкен емес, ұзындығы 5 – 10 см, жалпақтығы 2 – 3 см. Бұндай құралдарды призма тәрiздес нуклеустерден жаңқалау арқылы алатын. Осындай iс — әрекет ұсақ тас құралдарының көбейуiне әкелдi. Олардан қырғыш, кескiш, және өткiр тұмсық секiлдi еңбек құралдарын жасады. Ендi тас құралдардың түрлерi ғана өзгерiп қоймай оны жасау тәсiлдерi де жетiлдi. Тас құралдарды өңдеудiң жаңа әдiсiн ғылымда “сығып жаңғырту” (отжимной ретуш) деп атайды.

Сүйектен құрал жасаудың игерiлуi адамзат тарихындағы үлкен жетiстiктердiң бiрi едi. Одан гарпун, инелер, әшекей бұйымдарын жасаған. Қазiргi кезде Еуразия құрлығында 400 – ден астам жоғарғы тас дәуiрi тұрақтары белгiлi. Олар Днепр, Днестр, Дон, Едiл өзендерiнiң жағалаулары мен Қырымда,Орта Азия мен Қазақстан жерiнде, Алтай және Сiбiр даласында орналаскан. Жоғарғы тас дәуiрi адамдары тiршiлiгiнен құнды мәлiмет беретiн материалдар Дондағы Костенко тұрағынан, Қазақстандағы Семiзбұғы, Батпақ, Шульбинка, Ащысай тұрақтарынан табылған.

Владимир облысындағы Сүңгiр тұрағынан табылған жерлеу қабiрi көп нәрсенi анықтауға мүмкiндiк бердi. Ол жерден алты адамның сүйегi шықты. Осында жерленген екi баланың қабiрiнен киiмге тiгiлген мамонттың сүйегiнен жасалған мыңдаған моншақтар табылды. Олардың бас киiмдерi түлкiнiң тiсiнен жасалған моншақтармен безендiрiлген. Сонымен қатар сүйек түйреуiш пен мамонттың сүйегiнен жасалған бiлезiк және сақина шықты. Жерлеу заттарының iшiнде мамонттың сүйегiнен жасалған найза және дротик, қанжар да бар. Сүйектен жасалған бұндай құралдар жоғарғы тас аңшыларының қару – жарақтары жайлы қосымша мәлiметтер бередi.

Тас дәуiрiнiң адамдары өздерiнiң рухани өмiрiнен жан – жақты мағлұмат беретiн өнер туындыларын да қалдырған. Палеолит өнерi үңгiрге салынған суреттер, сүйекке салынған гравировка және мүсiндер түрiнде бiзге жеткен. Үңгiрдегi суреттер Францияның, Испанияның жерiнде ашылған. Соңғы жылдары Орал тауындағы Қап және Игнатиевүңгiрлерiнен табылған мамонттар мен жылқылардың суреттерi үлкен ғылыми мәнге ие. Үңгiрлердiң қабырғаларына салынған мамонттардың, бизондардың, мүйiзтұмсықтар, бұғылар мен жабайы жылқылардың суреттерi, сүйектегi гравировкалар мен балшықтан жасалған әйелдер бейнеленге статуеткалар тас дәуiрi адамдарының тұрмыс тiршiлiгi, қоғамдық қатынастары және дүниетанымдарының қалыптасуын бейнелейтiн құнды дерек болып есептеледi.

Адамзаттың шығуы

Жер тарихындағы адамның пайда болуы мен қазіргі заманға дейінгі кезеңді антропоген деп атайды.Антропоген проблемалары археологиялық көзқарас тұрғысынан мыналардан тұрады.

1).Аамның түр ретіндегі шығу тегі

2).Осы құбылыстың орны мен ролі

3).Тірі табиғаттың,белсенді ойлаушы тіршілік иесі ретіндегі адам мен оның бергі ата-бабалары арасындағы шекті анықтау.

4).Антропогенездің материалдық өндіріспен және археологиялық мәдениеттермен байланысы

5).Расогенез-расалық (нәсілдік)-генетикалық айырмашылықтардың себептері мен процесстерін зерттеу.

Адамның шығуы бір-бірін жоққа шығарушы екі көзқарас тұрғысынан: жаратылыстан тыс бастаманың нәтижесі немесе тірі табиғаттың эволюциялық даму нәтижесі ретінде қарастырылып келеді.Отандық ғылымда дәстүрлі түрде антропрогенезге қатысты эволюциялық көзқарасқа басымдық беріледі. ХVІІІ ғысырдың өзінде-ақ материалист ғалымдар адамның адам тектес маймылдан шыққандығы жөніндегі ойды айтқан болатын. 1871 жылы «Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу» атты еңбектерінде Ч.Дарвин жануарлар әлемінің дамуының эволюциялықбір тұтастығын, заңдылығы мен бір ізділігін көрсете отырып, адамның, үшінші кезеңдегі адам тектес маймылдан шыққандығын дәлелдеді.Бұдан кейінгі жаңалықтар Ч.Дарвиннің негізгі қорытындыларын растады. 1891 жылы Ява аралында питекантроп деп аталған қазынды адамның қаңқасының қалдықтары табылды.

Ал 1907 жылы Германияда гейдерберлік деп аталған өзге қазынды адамныңжақ сүйегі табылды. Ежелгі адам-синантроптыңқырық дарағының сүйектері Қытайда Пекинге жақын маңнан табылды. Питекантропқа бәрінен де жақын тұрған ежелгі адам тектес маймылдардың қазынды қалдықтарын ұзақ уақыт бойы табу мүмкін болмады.Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана олар Жерорта теңізінің бергі жағалауында ,Африкада ,Азияда табылып жатты.Алайда бұл олжалар өздігінен адамның пайда болу процесін түсіндіріп бере алмады.

Археологиялық олжаларға қарағанда адам өзінің дамуында үш кезеңнен өткен:

ең ежелгі адамдар –архантроптар:

алғашқы адамдар –полеонтроптар:

қазіргі адам:

Антропогенездің негізгі кезеңдері міне осындай.Адамның эволюциясы жердің тарихи геологиясымен және оның хронологиясымен тығыз байланысты.Андрогенез жердің төртінші кезеңінде болып, эоклейстоценді (2,5 млн.-350 мың жал бұрын),плейстоценді (350-12 мың жыл бұрын) қамтыды.Бұл полеолит пен мұз дәуірінің фазаларына сәйкес келеді.Полеолиттен тыс жер геологиясының қазіргі кезеңі-голоцен бар.

Антропогенездің ең маңызды мәселелерінің бірі-адамның алғашқы отаны мәселесі.Ғылымда негізінен адамның пайда болуының екі орталығы қарастырылады:

1).Азиялық (Оңтүстік-Шығыс Азия)

2).Африкалық

Африкадан табылған олжаларға дейін, адамның алғашқы азиялық отанына басымдық беріліп келді.Қазаргі заманғы ғылымда орталық орынға «Африкандық теория» қойылады.Кейбір ғалымдар полицентрлік теория дейтінге қарай ойысады.Бұл бойынша түр ретінде адам бір мезгілде бірнеше жерде, мүмкін екі жерде бірдей-Африка мен оңтүстік-шығыс Азияда пайда болған болар.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, бұл мәселенің қазірдің өзінде-ақ де түпкілікті шешімі табылды деуге болмас.

Адамның пайда болу тегін қазіргі заманғы ғылым Танзаниядағы Олдувай шатқалында табылған олжалардың негізінде бөлініп шыққан Олдувай мәдениетімен байланыстырады. Мұнда адамтектес тіршілік иелерінің қазынды қалдықтары мен қолдан опырылғанның іздері бар кварцит пен базальттан жасалған тұрпайы қысқыштар табылды.Олдувай мен осы кезеңнің өзге де ескерткіштерінің материалдары ,ертедегі гоминидтердің әр түрлі топтарының «адамға айналу» процесі әртүрлі болғандығын көрсетеді.

Архонтроптардың арасынан бізге питекантроптар жақсы таныс.Олардың тұрақтары Еуропада,Азияда және Африкада табылды. Бізге өзге архантроптар жайлы мәліметтер жеткіліксіз (синантроптар,мавритандық ариантроптар).

100 мың жыл бұрын басталған мустьер кезеңіне полентроптардың пайда болуы жатады.Олардың ішінде көбірек зерттелгені неандертальдықтар болып табылады.Осы қазынды адамның сүйектері 1856 жылы Неандер (Германия) алқабында табылған болатын.Неандертальдықтар –бұл пайда болуы ерте хронологиялық тұрғыдан жоғары полеолитке жататын қазіргі адамға келіп ұласатын қазынды адамдардың соңғы сатысы.

Палеонтроптардың өте үлкен аймақта таралуы бірқатар түрлердің бөлініп шығуына алып келді.Олар-еуропалық классикалық неандертальдық, азиялық прогрессивті неандертальдық, Африканың палеонтроптары және т.б.

Қазіргі заманғы адамдар олардың нәсілдік алуан түрлілігіне қарай,неандертальдықтардың бір немесе бірнеше түрлерінің өзгерунің нәтижесінде пайда болды.Өзге түрлері дамудың тұйықталған тармақтары болды.

Жинақталған материалдарға сүйене отырып қазіргі заманғы адамдардың қалыптасу процесі Оңтүстік-Батыс Еуропаны, Солтүстік Африканы және Батыс Азияны қамтитын территорияды жүрді.Қазіргі адамдар осы аумақтардан тарала бастады. Таралып қоныстанудың нәтижесінде кең ауқымды мәдени-тарихи шеткі аймақтар түзілді.

  • Европалық-мұздық
  • Жерорта теңіздік
  • Оңтүстік-Африкалық
  • Үндігималай
  • Сібір-Монғол
  • Малай

Өте күрделі проблема болып табылатын ол расогенез. Ең кең таралған түсіндірмелер, адамның тіршілік ету аумағының нығаюы, расалық (нәсілдік) жүктелуге жағдай туғызды деуге келіп саяды. Кейбір расалық (нәсілдік) ерекшеліктер кейінгі палеонтроптарда байқалады.Расалардың (нәсілдердің) пайда болуы негізінен, үлкен ерте палоелиттік қауымдар өмір сүрген материктердің шекараларымен сәйкес келеді.

Тарихи даму –эволюциялық ,биологиялық және әлеуметтік болып табылатын сапалы секіріс құбылысының тұрақты диалектикалық бірлігінде жүріп отырды.Сонымен бірге дамудың табиғатпен тығыз байланыста жүргенін де естен шығармау керек.Адам қаншалықты жетілген сайын табиғатқа соншалықты әсер ете бастады.

табиғатқа соншалықты әсер ете бастады.

Шаруашылығының негізгі түрлері.

Адам пайда болғаннан бастап өзінің еңбек іс-әрекетін бастаған. Палеолит жататын археологиялық қазба жұмыстары , адам бұл кезеңде ет және өсімдіктерді күнделікті тамағына пайдаланғанын көрсетеді. Адамдардың полеолиттік тұрақтарында көптеген аңдардың және өсімдіктердің қалдықтары табылған. Бірақ адам палеолитте жер өңдеу шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысты деп айтуға әле ерте.Соның өзінде мысалы кейіңгі палеолиттік тұрақтарда егін оратын пышақтар табылды. Бірақ,олар жабайы өсімдіктерді оруға пайдаланған деп болжауға болады.Айтылған тұрақтардан аңдардың көптеген сүйектердің қалдықтары табылған.Бірақ,сол сүйектерден бір аңның сүйегін құрастыру мүмкін емес.Өйткені ,аңшылықтың олжасын өлтірген жерде бөліп,тұраққа кейбір сүйектерін алып кететін.Сондықтан,палеолитте мал шаруашылығы болмаған деп айтуға болады. Сонымен,палеолитте адамдардың негізгі шаруашылығы терімшілік пен аңшылықболады.

Отты игеру

Олдувэй кезеңіне жататын археологиялық жазба жұмыстарының мерзімінде жанған оттың іздері табылған. Яғни, олдувэй кезеңінде адам отты пайдалана бігмеген деп айтуға болады.1927 жылы Қытайды Чжоукоудянь жерінде өткізген археологиялық жазба жұмыстары көне адамның тұрақтары табылған . Ғылымда оны синантроп деп атап кеткен .Синантроп 300 мың жыл бұрын өмір сүрген . Бірақ,кейбір зерттеушілер синантропты 500мың жыл бұрын өмір сүрген деп айтады .Чжоукоудиньда табылған бірнеше метрлік көмір және күлдің қабаты синантроптың отты пайдалана білгенін дәлелдеді. Қашан және қалай адам отты алып үйренгенін айту қиын. Архантропты оттытаба білмеген деп есептейді.Ол табиғаттағы отты пайдаланған.