ШЫҢҒЫСХАН – ӘЛЕМДІ ДҮР СІЛКІНДІРУШІ, ҰЛЫ ТҮРІК-МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛДАРЫ

Шыңғысхан — «әлемді сілкіндіруші», ұлы қолбасшы және жаулап алушы — кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.

Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды. Бірақ тағдыр оған оң көзімен қарап, қиындықтармен және жоқшылықтармен күресте үлкен тәжірибе жинап, ол барлық қиын-қыстау кезеңнен аман шығады. Жоқшылықтар болашақ қолбасшы мен әміршінің мінез-құлқын нығайтады, оның дүниеге көзқарасын қалыптастырады. өзара күресте барлық қарсыластарын жеңіп, Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге біріктіреді және 1182 жылы оған «Шыңғыс» деген лауазым беріп, тайпа көсемдері оны хан сайлайды. «Шыңғыс» деген сөз «теңіз-мұхит» дегенді білдіреді. Сонымен, «Шыңғысхан» — теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген лауазым.

Тэмуджин көсем өзінің алғашқы үлкен айқасын 1193 жылы Германия маңындағы монғол даласында өткізді. Қол астындағы небәрі 6 мың әскермен ол күйеу баласына қарсы келген өзінің қайын атасы Унг ханның 10 мың әскерін талқандады. Хан әскерін әскербасы Сангук басқарды, ол, мүмкін, өзіне тапсырған тайпа әскерінің үстемдігіне сенімді болып, барлау туралы да, әскери сақтық туралы да ойламаған болар. Тэмуджин қарсыласының абайсызда үстінен шығып, тау жықпылында оны қатты шығынға ұшыратты.

1206 жылы Тэмуджин Ұлы Қытай қорғаны даласының солтүстігіндегі аймақтың ең қуатты билеушісіне айналды. Сол жыл оның өмірінде ерекше есте қалды, өйткені ол монғол феодалдарының құрылтайында барлық монғол тайпаларының «ұлы ханы» атанып, «Шыңғыс хан» лауазымына ие болды (түрік тілінен теңіз деген мағынада). Тэмуджин әлем тарихына Шыңғыс хан атымен енді. Дала монғолдары үшін бұл лауазым «жалпы халықтың әміршісі», «нағыз әмірші», «қымбатты әмірші» сияқты болды.

Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде «ұлы Яседе» бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.

Ұлы хан ең бірінші монғол әскерінің қамын ойлады. Жеке билігін бекітіп, ел ішіндегі кез-келген наразылықты басу үшін ұлы хан 10 мың адамнан тұратын атты іскер құрды. Оған монғол тайпалары арасынан ең үздік жауынгерлерді алды және бұл әскердің Шыңғыс ханның басқа іскерлері арасында айырықша артықшылықтары болды. Гвардияшылар ханның оққағарлары болды. Олардың арасынан Монғол мемлекетінің билеушісі жасақтардың әскербасыларын тағайындады. Содан кейін Шығыс Түркістандағы сол кездегі үлкен ұйғыр мемлекетінің кезегі келді. 1209 жылы Шыңғыс ханның үлкен әскері олардың шекарасын бұзып өтіп, қалаларын, гүлденген алқаптарын кезек-кезек басып алып, толық жеңіске жетті. Осы шапқыншылықтан кейін көптеген сауда қалалары мен ауылдардан тек қираған үйінділер ғана қалды.

1211 жылы Шыңғыс ханның атты әскері Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ғаламат қорғаныс құрылысы – жаулап алушыларға тосқауыл болмады. Монғолдың атты әскері жолында тұрған жасақтаржы талқандап өтті. 1215 жылы монғолдар ұзақ қоршауда ұстаған Пекин (Яньцзин) қаласын басып алды.

Жаулап алу соғыстарын бастаған Шыңғысхан екі үлкен мақсатты көздеді: біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі барлық қандас халықтарды бір мемлекетке біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстың өркениетін өзара байланыстыру, олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялық құрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу. Мұндай жоспарды кезінде Атилла да қастерлегені сөзсіз. Бәлкім, бұл туралы ұлы Александр және Наполеон Бонапарт армандаған болар, бірақ мұндай идеяны жүзеге асыру, оны аяғына дейін жеткізу Шыңғыстың ғана пешенесіне жазылған еді. Тек моңғол жаулап алушылары ата-бабаларының «соңғы теңізге» жету, бір мұхиттан екіншісіне дейін созылып жатқан империяны құру арманын орындай алды. Қазақстан шебінде моңғол құрамалары Хубилайдың (Дзамби, Хубилай ханның әйелі) басшылығымен 1218 ж. көрінді. Моңғол әскерлері олардан қашқан меркіттердің артынан Ертіс жағалауына және Жетісуға келді. Хубилай қарлұқтарды бағындырды, Алмалықты басып алды. Сол жылы (1211) Қытайды басып алу науқаны басталды, сондықтан Хубилай әскерлерін шегіндіріп әкетті. Қытайды бағындыру соғысы 1216 жылы аяқталды, ол бітісімен моңғолдар дереу қазақ далаларымен шекарада пайда болды. Торғай далаларында қантөгісті шайқас өтті, онда меркіттер біржолата жеңілді. Хорезм мен оның төңірегіндегі жерлердің билеушісі Мухаммед Сұлтанның 60 мыңдық әcкері қыпшақтарды қуамын деп, бір тәулікке кешіккен еді. Олармен хорезмдіктердің ескі есептері бар болатын. Моңғолдар шайқасқа шығуға мәжбүр болды, бірақ олардың ешқайсысы жеңіске жете алмады. Түнде моңғол әскерлері шығысқа қарай жылдам жылыстап үлгерді. Шайқасқа қатысқан Хорезм шахтың ұлы Жалал ад-Дин сұлтан тұңғыш рет естуімен емес, өз көзімен моңғолдарды соғыста көрді. Моңғол жауынгерлерінің ерлігі Жалал ад-Динге үлкен әсер қалдырды. Және де осы шайқас «жеңілмейтін моңғолдармен» соғысуға болатынына сұлтанның көзін жеткізді.

Шыңғысханның елшілері және оларға ерген саудагерлері, жалпы саны бес жүзге жуық адам, араларында сөзсіз моңғол барлаушылары бар, 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетті. Отырар билеушісі Қайыр хан мұншама сән-салтанатты делегацияның жаулық ниетін аңғарып, керуенді тонап алды, ал елшілер мен барлық саудагерлер өлтірілді. Бұл кезде иелігіне Отырар енген Шах Мухаммед өз хатында оны «өз ұлым» деп атаған Шыңғысханға ыза болды, мұнысымен ол түркістандық билеушінің ар-намысын аяққа басып қана қоймай, баласының жерін әкесі өз жеріне қосып алатынындай, өз империясына оның жерін қосатынын аңғартқандай еді. Сондықтан елшілер Отырарда өлтірілген еді. Кінәсіз елшілердің өлтірілуін және сол уақыттарда басты міндеті барлау болған өз дипломаттарына немкеттілікті кешпеген Шыңғысхан қатты ашуланады және соғыс енді сөзсіз болатын еді.

1218 жылы монғолдар Корей түбегін жаулап алды. Солтүстік Қытай мен Кореяға жасаған жорықтарынан кейін Шыңғыс хан одан әрі батысқа – күнбатыс жаққа қарай көз сала бастады. 1218 жылы монғол әскері Орта Азияға басып кіріп, Хорезмді жаулап алды. Ірі Орта Азия мемлекеті Хорезмді жаулап алу жалғаса берді. 1219 жылы 200 мың адамнан тұратын Шыңғыс ханның ұлдары Оқтай мен Зағатай басқарған монғол әскері қазіргі Өзбекстан жеріндегі Отырар қаласын қоршап алды. Қаланы батыр хорезм әскербасы Газер ханның қол астындағы 60 мың адамнан құралғын гарнизон қорғады [2, 134-б.].

1219 жылдың көктемінде Шыңғысхан мен оның қолбасшы балалары 230 мыңдық әскерімен Ертістен өтіп, қазақ даласына баса-көктеп енді. Оңтүстікте моңғол түмендерін Жебе нойон бастады, солтүстікте әскерлерге Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы басшылық жасады. Ол шайқаста қырғыздарды тас-талқан етіп, одан әрі Дешті-Қыпшаққа өтті. Отырарды қоршау жарты жылға дерлік созылды, бірақ Қараджа қожаның сатқындығынан кейін моңғолдар қалаға басып кіріп, жергілікті тұрғындарды өлтіре, тонай бастады. Жауынгерлердің шағын тобымен қаланың ортасындағы цитадельге бекінген Қайыр хан бекініс қабырғалары бұзылғаннан кейін де бір ай бойы қарсылық көрсетті. Цитаделді моңғолдар басып алғаннан кейін де, Қайыр ханның барлық жауынгерлері мерт болғаннан кейін де, жеңімпаздардың еркіне берілуді қаламаған ол әйелдер оған жеткізіп тұрған кірпіштермен жаудың бетін тойтарып; күресін жалғастыра берді. Кірпіштер де қалмағанда, моңғолдар ержүрек ханды ұстап алып, байлап-матайды. Қайыр ханды дарға асады. Отырар құлағаннан кейін қоршауға басшылық жасаған Шыңғысханның ұлдары Шағатай мен Угедей Орта Азия бойынша жеңісті шерумен кетіп бара жатқан негізгі моңғол әскерлеріне барып қосылды. Бұл кезде Хорезмшах империясының ең үлкен қалалары Бұқара, Самарқанд, Ходжент, Хиуа алынған еді. Келесі 1220 жылы Хорезм құлады. Моңғол қуғыншыларынан бас сауғалаған, өз қызметшілері мен жауынгерлері тастап кеткен Хорезмшахы Мухаммед Арал теңізінің бір аралына тап болады да, сол жерде аурудан қайтыс болады [3, 36-б].

Осыдан кейінгі үш жылдың барысында Шыңғысханның ұлдары Жошы, Шағатай және Угедей тәжірибелі қолбасшылар Жебемен және Субедеймен бірге Иран мен Ауғаныстанды бағындырады, өз әскерлерімен оңтүстік орыс далаларына енеді, Кавказ бен Қырымды басып алады. Теректің төменгі сағасында оларға қыпшақтардың, черкестердің, лезгиндердің және аландардың біріккен әскерлері қарсы шығады. Қарсыластар әскерінен саны жағынан аз моңғолдар бұл жолы қыпшақтарға елшілер жіберіп, оларды одақтастарынан бөлінуге икемдейді, олардың қатарында алауыздық енгізеді де, содан кейін екі жақты жеке-жеке тас-талқан етеді. Солай бола тұрса да, қыпшақтар қарсылықтарын жалғастыра береді. Олардың қолбасшысы Қотян хан өзінің орыс туысқаны, күйеу баласы князь Мстислав Галицкийден көмек сұрайды. Қалқа өзенінің жағасында 1224 жылғы мамырдың аяғында орыс және қыпшақ (половцылар) біріккен қолдарымен моңғолдардың шайқасы өтеді. Моңғол тактикасының басымдылығы арқасында, сондай-ақ орыс әскерлерінің бірыңғай басшылығы болмағандықтан, Жебе мен Субедей шайқаста жеңіп шығады [4, 215-б.].

1220 жылы наурызда Шыңғыс хан бастаған монғол әскері Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Бұқараны қоршауға алды. Онда 20 мың адамдық хорезмшах әскері тұрды, олар өз әскербасымен бірге моңғолдар таяп қалған кезде қашып кетті. Күштері сарқылған қала тұрғындары жаулап алушыларға қаланың қақпасын ашып берді. Тек жергілікті билеушісі ғана берілгісі келмей, бекініске жасырынды, алайда ол бекіністі моңғолдар өртеп қиратты.

Сол 1220 жылдың шілдесінде Шыңғысхан бастаған моңғолдар Хорезмнің басқа ірі қаласын Самарқандты қоршады. Моңғолдар Хорезм қалаларын кезекпен жаулай берді: Мервті, Үргеншіні, т.б.

1221 жылы Хорезмді құлатып, Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Солтүстік-Батыс Үндістанға жорық жасап, осы үлкен аумақты жаулап алды. Алайда Шыңғыс хан одан әрі Индостан оңтүстігіне қарай бармады: оны әрдайым күнбатыстағы белгісіз елдер еліктірді.

Сол кезде жабайы далада өздерінің әскери күшін баяғыда жоғалтқан қыпшақ күймелері көшіп-қонып жүрді. Моңғолдар еш қиындықсыз қыпшақтарды талқандаған соң, олар да орыс жерлеріне қарай қашты. 1223 жылы Жебе мен Субедей қолбасшылар Калка өзені бойындағы шайқаста бірнеше орыс князьдары мен қыпшақ хандарының біріккен бірнеше әскерлерін талқандады. Жеткен жеңісінен кейін алғы монғол әскері кері бұрылды [5, 71-б].

1226-1227 жылдары Шыңғыс хан таңғұттар елі Си-Сяға жорық жасады. Өзінің ұлдарының біреуіне ол Қытайды жаулауды жалғастыруды бұйырды. Ол басып алған Солтүстік Қытайдағы монғолдарға қарсы басталып кеткен көтерілістер Шыңғыс ханды қатты алаңдатты.

Шыңғыс хан империясы әуел бастан-ақ әскери держава ретінде бой көтергенін, қарулы күштер – мемлекеттің айбар, тірегі ғана емес, негізгі ұйтқысы болғанын ескерсек, ұлыстың бүкіл басқару жүйесі әскери-әкімшілік негізінде қалыптасқанын көреміз. Әрбір мыңған ноян – өзіне тиесілі аймақтағы басты тұлға, әрбір түмен басы ноян – жарты патша дәрежесінде. Бұлар әскер құрамына жарлық етумен қатар, азаматтық-әкімшілік құрылымның да басшысы болып табылады. Қарауындағы әскерге ғана емес, сол атыраптағы ел мен жерге де қожайын, ондағы барлық іске жауапкер.

Бүкіл ұлысты темір тәртіп, берік бағынышта ұстаудың Шыңғыс хан енгізген өзгеше бір құралы – ханның жеке күзет әскері кешіктен болды. Кешіктен – аталы, текті бозбалалар және артықша қабілетімен көзге түскен қарашы жастар қатарынан іріктелген таңдама жасақ, кейінгі тілге көшірсек, гвардия. Хан ордасының қауіпсіздігімен бірге, бүкіл ұлыстағы тәртіп, тыныштықтың кепілі. Сонымен қатар, болашақ қолбасылар, ұлық, әкім тұлғалар бауланатын, Шыңғыс ханның саяси парасат-білігімен қатар, қолбасылық үлгісін тікелей танып, тағлым алатын және іс жүзінде меңгеруге үйренетін өзгеше мектеп [6, с. 148].

Ұлы қолбасшы таңғұттарға қарсы соңғы жорығы кезінде қаза болды. Монғолдар оны салтанатты түрде жерлеп, сол жерлеуге қатысқан адамдардың бәрін өлтіріп, қазіргі күнге дейін Шыңғыс ханның мазары орналасқан жерді құпия түрде сақтап қалды.