Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы

Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бүл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998 жылы шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің қүқықтық проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002—2003 жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресейдің экономикалык. ынтымақтастық 10 жылға арналған шарт жасалды, қаржы мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге қол қойылды.

Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние-жүзілік ірі проблемалардьщ бірі — Касітий теңізінің мөртебесін айқындау. Ел президенті алғашкы кезден бастап принципті бағыт үстады, оз айқындамамызды корғап қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған келісімнен өз көрінісін тауып отыр.

Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді түрде жүмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі үлттық секторлар координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлайды. Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің зандық мәртебесі жөніндегі екіжақты және копжақты келіссөздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының Қазақстанның стратегиялықмүдцелеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін ұдайы есте сақтауда.

Өзара сенімге негізделген баянды ынтымақтастық Қазақ-станға да, Ресейге де қажет. Біздің елдеріміздің халықтары өзара қарым-қатынастың одақтастық пен серіктестікген басқа түрлерін қабылдамайды.

Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастыққа қанағаттанғандық білдіру үшін бізде барлық негіз бар. Олармен Мәңгі достық туралы шарттарға кол қойылды. Біз бүл қүжаттар аймақтық түрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосылған маңызды үлес болып табылады деп есептейміз.

Қазақстан 1997 жылғы маусым айында Мәскеуде қол қойылған тәжікаралық бейбіт келісімдердің кеіфіі ретінде Тәжікстаңда берік азаматгық татулық орнатуды үдайы жақтап келеді. Бүл бүкіл Төжікстан аумағына бақылау орнатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстре-мизмге, халықаралық терроризмге, үйымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге тиіс деп есептейміз.

Қазір елеулі іркілістерсіз жүмыс істей бастаған Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптас-қаны қуантарлық жәйт.

Мемлекетаралық интеграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Ощүстік-Шығыс Азияда орталық экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктер жүмыс істейді. Осындай ынтымақтастықтан бас тартудың ешқандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы және түтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да осындай бағыттарды өмірге енгізбекші.

Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі әлемдік энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, келік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде дамытуға объекивті түрғыдан бейімділік танытып отыр. Үлы Жібек жолын қайта түлетуге де көптеген мемлекет мүдделік білдіруде.