Соңғы жылдары еліміздің инвестициялық дағдарысты басынан кешіріп отырғаны рас. Ішкі жалпы өнімнің мөлшері 1997-98 жыддары 90-шы жылмен салыстырғанда 64 процентке қүддырап кетті. Сонымен қатар, сол тоқсаныншы жылмен салыстырғанда инвестиция келемі де төмендеп, оның деңгейі 11-ақ проценті қүрады. Ал, Ресейдегі мәліметгерге сүйенсек, инвестицияның келемі тоқсаныншы жыл деңгейімен салыстырғанда 30 процентті қүрап отыр. Яғни, онда инвестицияның қүлдырауы 70 процент болса, бізде 90 проценттей.
Ал, енді сырттан тартатын инвестицияға келетін болсақ, оның тартьшуы жөніндегі есеп 1993 жыддан бастап жүргізілді. Бүл — шетелдік инвестиция. Сонымен қатар, мынаны да айта кеткім келеді, сыртқы несиелер мен займдар бар және тікелей шетел инвестициялары бар, екеуін шатастырмау керек. Несие мен займдардың бәрі инвестицияға жатпайды. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы несиелер мен займандар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жүмсалды.
Ал, тікелей шет ел инвестициялары кәсіпорывдар қүруға, бірлескен кәсіпорындар ашу үшін жарғылык қорға қүйылады. Ірі кәсіпорындарды шетелдіктерге басқаруға бергенде де олар инвестиция әкеліп қүюы керек. Осылардың бәрін есептей келгенде, 1993-1996 жылдар аралығында елімізге қүйылған инвестиция 3,5 мюілиард долларды қүрапты. Ал, 1997 жылы тартылған тікелей шетелдік инвестиция 1 млрд. 800 миллион, 1998 жылы одан аздау 1 млрд. 200 миллион доллар тартылды. Бүлардың қатарына сыртқы зайымдарды, несиелерді қосып отырған жоқпыз. Сонымен 1996-1997 жылдар қорытындысы бойынша шетелдік инвестициялар барлық инвестициялар көлемінің 26 процентін қүрады. Ал, 1998 жылы шамамен 20 процентін қүрады. Бүдан келіп шығатын қорытынды, басты инвестиция шетелдік емес, өзіміздің инвестиция болып отыр. Әлемдік өлшем бойынша мемлекетгің экономикасын шетеддік инвестиция 10 процентке дейін инвестициялайтындай болса, ондай жағдай қалыпты деп есептеледі.
— Кеңес екіметі кезінде инвестициялаудың екі көзі болатын. Ол — мемлекеттік бюджет және кәсіпорындардың өздерінің қаржылары және колхозшылар мен үй, саяжай салғысы келетін түрғывдардың аз ғана қаржысы. Мемлекетгің инвестициялаудағы үлесі 40 проценттей де, 60 процент кәсіпорындар мен мекемелердің қаржысы болды. Олар оны табыстан, басқа да пайда салып отыратын. Яғни, мемлекет 40 процент қаржы боледі, кәсіпорынның өзі 60 процент қаржы қосады. Мемлекет кәсіпорынды дамытуға бөлген қаржысын ешқаңцай қайтарымсыз бергенін де ескеру қажет. Қазір олай емес, бюджет күрт қысқарды, осыған орай мемлекеттің беретін ақшасы 7-ақ процентті қүрайды. Бүл республикалық және жергілікті бюджетгі қосып есептегенде. Жергілкгі бюджет экономиканы дамытуға ешқандай да үлес қоспайды десе де болады. 7-8 процент бюджеттен бөлінетін қаржы қай кәсіпорынды дамытуға жетсін. Және бүрынғыдай қайтарымсыз емес, несиелік негізде беріледі. Қазіргі кәсіпорындарды қаржыландырып отырған қаржының 60 проценті сол мекемелер мен кәсіпорындардың өздерінің қаржылары. Ал, енді осы 60 процентгің ішіндегі 72 процент 1998 жылы жекеменшік кәсіпорындары мен жекеменшік иелерінің қаржысы болды. Яғни, кәсіпорындарды каржыландырып отырғандардың 72 проценті өзіміздің жекеменшік иелері мен 26 поценттейі шетелдік тікелей инвестиция болып табылады.
— Соңғы жеті-сегіз жыл ішінде тамақ, үн тарту, дайын өнім шығару орындарына, киім-кешек кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына бөлінетін инвестиция күрт төмеңцеді.Бүрындары ауыл шаруашылығына барлық инвестицияның 35 проценттейі бөлінуші еді, қазіргі бөлінетіні 1 процентке де жетпейді. Бүл дегеніміз, фермерлердің өздері инвестиция қүюы керек деген соз. Бізде бай фермерлер жоқ екенін бәріміз де білеміз, қолында түк жоқ адам қалай инвестиция салады? Өңдеуші кәсіптің жағдайы да осындай. Үкімет бірқатар өндіріске жеңілдіктер берді. Оның қатарында тамак жөне жеңіл онеркэсіптер де бар. Егер осы салаға инвестиция қүйғысы келетіндер болса, оларға салық жағынан жеңілдіктер берілуі тиіс. Бірақ, ол жеңіддіктер іс жүзінде жүмыс істемей отырғаны да жасырын емес. Инвесторлар табыс процесі үзак салаға капитал салғаннан гөрі қайтарымы тез — мүнай, түсті металл сияқты салаларға салғанды жақсы көреді. Ал, тамақ, жеңіл өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы табысяр бірден бере алмайды. Сондыктан да, қазір қарызға батып түрған кәсіпорындарды кетеру үшін оларға салықты екі-үш жылға дейін немесе шаруаларын ыңғайлап, бір ізге түсіріп алғанша салмау керек. Сонда бүл салаға инвестор болғысы келетіндер де табылады. Әйтпесе, қарызы коп кәсіпорынға қанша қаржы қүйса да, ол қүмға сіңген сумен бірдей.
Алғашқы жыддары көптеген несиелер мен займдар біздерге қаржы түрінде емес, тауар түрінде үсынылғаны жасырын емес. Бәленбай миллион доллар несие береміз дегендер оны ездерінде өтпей түрған дэрі-дәрмек, ескі технологиялармен берді. Кей кәсіпорындар ездері тікелей байланыс жасап, несиелер, зайымдар алып жатты.
Олардың көпшілігі мемлекеттік кепілдіксіз жасалынды. Сондықтан соңғы жылдары ондай есепсіз несиелер мен зайымдар ағынына тосқауыл қойылуда. Алынған несие мен займ тек мақсатты түрде бір істі тындыруға жүмсалуға керек деген талап бар. Кеш те болса, орынды талап осы. Жоспарсыз алынған несиелердің қайтарылуы егер ол ешқандай экономиканы еркендетуге пайдаланылып, табыс әкелмесе, осындай қиын болатынын өмірдің езі көрсетіп отыр. Несие алғанда да оның жүмсалатын орны рынокқа қажет пе, жоқ па? Осы мәселені де анықтап алмаса, ертеңгі күні ол жағаңнан алып адымыңды алға бастырудын орнына кейін тартатын болады. Дағдарысқа алып келеді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 2000 жылы мемлекеттердің дағдарысы да жосықсыз кеп несие алып, түтынушы жоқ ғимараггарды көптеп салынуынан барып туындағанын ұмытпау қажет. Жоспарсыз, максатсыз, өлшеусіз жүмсалған несие айналып келіп өзіңді ұрады.