Егемен еліміз үшін 1992 жылдың 23 каңтары да ерекше есте қаларлықтай. Бүл — қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігін бүкіл әлемге әйгілеп, Қазақстанды торткүл дүниенің барша бүрышын жайлаған елдерге танытқан күн болды. Елбасы Н. Назарбаевтың атына Біріккен Үлттар Үйымының сол кездегі Бас хатшысы Бутрос Ғалиден Қауіпсіздік Кеңесі Бас Ассамблеясының Қазакстан Респубдикасын Біріккен Үлттар Үйымына мүшелікке қабылдзу жөніндегі үсыныс жасайтын қарарды дауысқа салмай-ақ қабылдағаны жонінде жеделхат келіп түсті.
Осылайша әлемдегі ең белді де беделді үйымдардың бірі — БҮҮ-дың штаб-пәтері орналаскан Нью-Йорктегі зәулім ғимаратгың алдында көгілдір аспан түстес Туымыз Кіндік
Еуразияда жаңадан жас мемлекеттің омірге келгенін паш етіп, желбірей бастады.
Жалпы алғанда, Біріккен Үлттар Үйымы жер бетіндегі бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халыка-ралық ынтымақтастықтың барлық принциптерін меңгерген үлтгар қауымдастығы болып есептеледі. Тарих долелдеп отыр-ғандай, адамзат соғыс тауқыметін қаншалыкты білетін болса, соған жол бермейтін озара түсіністік, бейбітшілікті қамтамасыз етуге деген ортақ күш-жігерді де соншалықты сезіне білді. 1914 жылғы бүкіләлемдік соғыс Үлттар лигасын туғызса, 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс осы Біріккен Үлттар Үйымының омірге келуіне себепші болды. Алғаш «Атлант хартиясы» деп аталған қауымдастык қүжатына 1942 жылы жиырмадан астам мемлекет өкілдері колдау білдіріп (ішінде бүрынғы Кеңес одағы да бар), қол қойгаі-і соң тарихта «Біріккен Үлттар Декларациясы» деген атаумен қалды1.
Екінші дүниежүзідік соғыс аяқталысымен-ақ болашақ Біріккен Үлттар Үйымының жарғысы мен алдағы аткарар жүмыстары нақтыланып, арнайы конференциялар откізіп түру практикаға енді. Бірақ қауымдыстық жүмысы каншама реформаланғанымен, бастапқы міндеті — елдер арасындығы бітімгершілікті сақтап қалуға деген іс-әрекеті басты шаруа болып қалуда. Ол үйьш жүмысынын үштен бірін қамтиды. Бүдан басқа БҮҮ елдердегі экономикалық және әлеуметтік дамудың аса маңызды бағдарламаларын жүзеге асыруға, адамдар қүқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға, босқын-дар мен түрлі апат қүрбандарына, экологаялық зардап шеккен аймақтардың түрғындарына комек көрсетуге барынша ат салысып келеді.
Қазақстан БҮҮ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ак Бас Ассамблеяның барлық жүмысына белсене катысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер жоніндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҮҮ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын откізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең торағаларының орнына сайланған.
Әлемдік банктің, ПРООН-ның, тага басқа да үйымдардың республикамыздағы мүдделі министрліктермен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде Арал аймағындағы экологиялык жағдайды сауықтырудың және қаржылай комек корсетудің кешенді бағдарламасы жасалып, іске асуда. Экономикалық реформаны, қаржылық басқару, банк ісін жоне басқа да институттар жұмысын жаксартуға қаржылай комек көрсетілген. Елдегі инфляцияны шешуге алғашқы жылдары (1993-1995 ж.) түрлі банктер арқылы 460 миллион АҚШ доллары колемінде қаржы бөлінген.