Мөде. Хунну-сюнну-гунны – ария тайпалары мен әлемге әйгілі сақ-скиф мәдениетінің мұрагері болған көшпенді тайпалар осылай аталды. М. Жұмабаев әскери өмір салтын ұстанған, олар үшін от пен соғыс ажырамас түсініктер болып табылатын ғұндарды көшпенділер ретінде жарқын әрі қысқаша сипаттайды.
«Ерте күнде, отты күннен ғұн туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалын менен мен жуғам» [1, 27-б.].
«Ғұн» этнонимінің шығуын кейбір тарихшылар көшпенділердің күн мен аспанға табынуымен байланыстырады. Е. Жалбағаев «Қазақтың арғы атасы» деген кітабында былай деп жазады: «Тарихта хұн, ғұн, деп аталатын тайпалар одағының атауында «күн» термині тұр деп пайымдаймыз. Олар өздерін біз Күнге табынамыз біз «Күннің баласымыз» деп түсіндіруі мәлім» [2, 5-б.].
Ғұндар мемлекетінің негізін қалаушы Мөде болды. Болашақ Ұлы қолбасшы Мөде (немесе түрікше Мәди) билікке біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылы келеді. Аңызға сүйенсек, Мөде Түмән шаньюйдің үлкен ұлы болған. Тәңірқұт, шаньюй дегеніміз қаған, көсем ежелгі түркілердің ханы, билеуші атағы дегенді білдіреді. Ғұн көсемдері бірнеше әйел алған. Мөде Түмәннің әкесі Тәңірқұт ұлы үшін басқа сүйікті әйелінен мұра дайындады. Жас Мөденің ерлігі мен батылдығы жауынгерлер бойында керемет әсер қалдыратын. Әкесі оны мемлекет елшілігінің біріне басшы етіп, оның жетекшілігіне 10 мың жанұя береді. Кейін, ақылы мен тапқырлығының арқасында Мөде ғұндар билеушісі болады. «Ғұндар қоғамындағы билік қатаң түрде мұрагерлікпен берілді және таңғажайып беделге ие болды. Мөдені «Аспан Ұлы» деп, ресми түрде ол «Аспан мен Жерден жаралған, Күнмен және Аймен қойылған, ұлы ғұн шаньюйі» атағына ие болған [3, 62-б.].
Тәңірқұт — Шаньюй Мөде бірнеше әскери реформалар жасады: өз атты әскерін 4 бөлікке бөлді: солтүстік – баран аттар, батыс – боз, шығыс – сұр оңтүстік – жирен. Ысқыратын жебені алғаш енгізді, ол жаудың қорқынышын тудыратын. Өз әскерін әскери бірліктерге бөлді: ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, түмен басы.
Мөде азаматтық және қылмыстық заңнама жасады:
- Кімде-кім адамды пышақпен не қанжармен ұрып өлтірсе, оны да өлтіру керек.
- Ұрлық жасағанның барлық мүлкі тартып алынады.
- Жеңіл қылмыс жасағанның бетін тілу керек (Бетің тіліңгір!).
- Ауыр қылмыс жасаған адамды өлтіру керек.
- Қылмыскер тұтқынға отырғызылып, он күн ішінде сотталу керек [4, 47-б.].
Б.з.д. 174 жылы ежелгі ұлы қолбасшылардың бірі, «ежелгі түркі жерін» жинаушы, Қытай және басқа да жау мемлекеттер қайтыс болды. Мөде тұлғасы ежелгі әлем тарихында қолбасшы ретінде де, билеуші ретінде де маңызды орын алады.
Әділ, түрікше Еділ, 433 жылы жоғарғы билікке ие болып, ғұндардың ханы атанды. Ғұндардың қолбасшысы Атилланы еуропалық шежірелерде, хроникалар мен кітаптарда әр түрлі атаса да, өз елінде оны Әділ, Еділ деп атаған. Ғұндардың болашақ ханы Еділ өзенінің жағасында дүниеге келеді. Ол өзінің жаулап алу шайқастарымен мемлекетті өте үлкен өлшемдерге дейін кеңейтті. Замандастарының сөзіне қарағанда, Әділ орташа бойлы, кең төсті, басы үлкен, қара торы, шүңірек көз адам болған. Жауына ашу мен ызаға толы адам болған ол достары мен жақтастары үшін мейірімді әрі рақымды бола білген. Ғұндар өз ханының таланты мен батырлығына мүлтіксіз сенді. Көне Рим тарихшысы Приск 448 жылы ғұндарға өкілдікпен барған кезде, Әділді жете бақылай отырып, былай деп жазады, — Аттила өз замандастарынан қарапайымдылығымен ерекшеленген, қарапайым киім киген, қару-жарағын алтынмен әшекейлемеген, тойларда қонақтарға алтын мен күмістен жасалған ыдыстар қойылып жатқанда ағаш ыдыстан тамақ ішкен» [5, 22-б.].
Әділдің ордасы жоғарғы Венгрияда, Тоқайға таяу орналасты. Рим тарихшысы Приск былай дейді: «Ол кең қала тәрізді, сарай ауданы еңгезердей шарбақпен қоршалған, оның үлкендігінің өзі мұның сарайға тиесілі екендігін көрсетті. Бүкіл варварлық әлемді қолында ұстаған хан Әділдің үйі осындай болды, ол өзі жаулаған қалаларда осындай үйінің болғандығын қалайтын» [4, 25-б.].
453 жылы Әділ Паннонияға оралғаннан кейін құпия жағдайда қайтыс болды. Венгрияда тараған аңызға сенетін болсақ, Әділдің денесін үш табытқа салған: алтын, күміс және темір. Әділ есімі кездейсоқ есім емес. Қазақтың «Алаңқай батыр» эпостық поэмасында оның Еділ өзенінің жағасында туғандығы жайлы айтылады. Кейбір ғалымдардың ойынша, қазіргі қазақтың арғын деген руы «ғұн» этнониміне тікелей қатысты. «Арғын «арұғ» таза, ақ «ғұн» мағынасын білдіреді» [7, 107-б.].
«Аттила» –Еділ деген ежелгі түркі есімінің еуропалық нұсқасы. Еділге арналған көптеген шетелдік эпикалық және лирикалық шығармаларда оны «әділ патша» деп атайды. Осыдан оны Әділ деп те атаған. Әділ ежелгі авторлардың шығармаларында шынымен әділ патша болған. Біздің ұрпақ әлемдік тарихта аты қалған ата-бабаларымыздың даңқына лайықты болуға тырысу керек.