2000 жылы Елбасы Нұрсүлтан Назарбаев Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бүл қүжатты әзірлеу 1998 жылы басталған еді.Халықаралық сарапшылар тобы Елбасының тапсырмасы бойынша республикадағы білім жүйесін жан-жақты қарап, қорытындысында осы саладағы ахуалды жақсарту жөнінде үсыныстар жасап, кең көлемді баяндама әзірлеген. Онда бүкілөлемдік деңгейге жету мүмкіндігі қарастырылған еді. Соның негізідде сарагалылардың үсыныстарын ескере отырьш, Елбасы ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік пен Білім және ғылым министрлігіне Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Нәтижесінде Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, отандық білім беру саласында орта мерзімді перспективалық нақты қүжат іске қосылды.
Шынында бүл заңның толғағы оңай болған жоқ. Сегіз айдан кейін әрең қабылданды. 1992 жылы қабылданған Заңнан басты айырмашылығы қандай екен дегенге төмен-дегідей артықшылықтарды келтірелік. Біріншіден, бүл заң тек орта білім ғана емес, білім беру жүйесінің төрт қүбылысын түтас қамтыған. Екіншіден, заң баптары күнделікті кызметке тікелей енгізуге арналып, барынша нақтыланып, айқындалып берілген. Үшіншіден, білім заңында білім берудің жаңа моделі қүқықтық нормативтік, қүрылымдық және мазмүн-дық жағынан айқын сипатталған. Мысалы, мекгепке өртүрлі дайындықпен келетін 5-6 жасар бүлдіршіндер ендігі жерде бір жылдық мектепалды даярлықтан өтеді. Мүның педогоги-калық, психологиялық, тіпті әлеуметтік маңызы өте зор. Ал, базалық негізгі білім беру 9 сынып аумағында аяқталады да, 10-11 сыныптар үшін бағдарлы мектеп жүмыс жасайтын болады. Осының арасында 9 сынып бітіргендер кәсіптік мектепке ғана емес, кәсіптік орта білім беретін колледжге де түсе алады. Бүл жағдай еңбек нарығының сүранысын қанағаттандырып, нәтижесінде орта және шағын бизнесті дамытуға, жүмыссыз жастар қатарының азаюына игі әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Бағдарлы мектепте езі тандаған бағытта, кәсіптік бағдармен оқытатын толық орта мектеп түлектері сәйкес жоғары оқу орындарына сапалы дайындықпен түсіп, еліміздің қабілетті мамандар қатарын толықтырады деп күтілуде. Төртіншіден, заңның түгелге жуық баптары мемлекеттік емес білім беру үйымдары үшін ортақ. Бесіншіден, білім беруді қаржыландыру жаңа үстанымға сүйеніп жүргізіледі. Ол бүрынғыдай білім беру үйымын қаржыландыру емес, өр оқушыны есепке алу шарты
бойынша жүргізіледі. Алтыншыдан, білім беру үйымдарын лицензиялау тәртібі нақтыланған. Бір айта кететін жағдай, ендігі жерде шетелдік немесе шетелмен біріккен оқу орындары мен олардың филиалдары да лицензияланады. Ата Занда да, Білім туралы завда да жалпы орта, бастауыш кәсіптік білім беруді қаржыландыру бюджет есебінен жүргізілетіні шындык,. Оған аталмыш заңның 43-бабының І-тармағы дәлел. Занда сондай-ақ орта кәсіптік білім берудің жалпы орта білімге катысты белігі де (10-11 сыныптар) бюджет есебінен қаржыланатыны айтылған. Заңда ақылы білім алуға тыйым салынбаған. Бірақ ол мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік жалпы міндетті стандарттзн тыс білім алушылар үшін ғана жүргізіледі. Ал стандарт көлемінде білім алу тегін. Сонымен бірге мемлекеттік емес оқу орындарында білім беру ақылы түрде жүргізіледі. Бір ескеретін жағдай ақылы білім алу мемлекеттік емес білім беру үйымдарында оқуды таңцау ата-аналар мен оқушылардың өз еркінде. Жоғарыда атап өткенімдей, жеке меншік негіздегі мектептер де мемлекеттік стандартты орындауға тиіс.
Білім туралы Заңда оқу-тәрбие процесінің үздіксіздігі мен жоспарлылығы оны өткен кеңестік кезеңнің жақсы дәстүрлерін жаңа жағдайға сай қайта жаңғыртып, демократиялық және нарықтық қоғам принциптерімен үштастыру міндеті алға қойылды. Жергілікті әкімдерге әр аймақтық ішкі мүмкіндігіне қарай бүрынғы балабақшаларды қайта ашу, мектептерді шефтік қамқорлыққа беруді үйымдастыру туралы тапсырма берілді.
Қазіргі білім беру жүйеміздегі ең күрделі мәселе — білім алудың үздіксіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Адам ғүмыр бойы үйренумен өтеді. Бір сәт оқымай қалдың ба, тоқырауға үшырайсың. Бүл орта мектепті жаңа бітірген жасөспірімге де, жоғары оку орнын тамамдаған маманға да, тіпті ғылыми атактың шыңына шыққан академикке де қатысты қагида. Заманмен болашаққа бірге адымдағың келсе, оқы да үйрен. Бірақ орта мектепті бітірген, жоғары оқу орнына түсе алмаған жасөспірім қайда оқиды, қажетті мамандықты қалай үйренеді? Бүрынғы кәсіптік-техникалық училищелер жабылған, қалғандары ақьшы оқыту жүйесінекөшкен. Өндіріске қажет орта буын мамандар даярлаудың орнына, жекеменшік оқу орындары заңгерлер мен эконо-; мистерді топ-тобымен шығарып жатыр. Олар қайдан жүмыс табады? Мүндай жағдайда, рынок озінен-өзі бәрін реттейді деп қол қусырып қарап отыру — жүзе білмейтін адамдарды асау теңізге лақтырып жіберіп, қызығын тамашалаумен бірдей күнә. Адамдарға бағдар беру, түсіндіру қажет. Кейін темір жонушы мен инженерді шетелден шакыртуға мәжбүр болмас үшін мемлекет те бүл істің жоспарлы жүргізілуіне мүдделік танытуға міндетті. Тиісті министрліктерге әр аймаққа болашақта қандай және қанша маман қажет болатынын есепке алып отыруға тапсырма беру керек.
Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының өмір сүруінің басты мәні жеке адамның байлыққа кенелуі немесе сауда-саттық емес, ғьшым мен білім беруді дамыту үшін мемлекет қазынасынан тыс қаржы тарту мүмкіндігін жүзеге асыру болуға тиіс. Бүл еліміздің рухани және мәдени әлеуетін арттыра түсуге жағдай жасар еді. Бүл орайда мемлекеттік емес кез келген оқу орны Қазақстан білім беру жүйесі шеңберіндегі біртүтас тачаптар мен стаңцартгарды үстанатын болса, Үкімет оларға лицензия беру тетіктерін қамтамасыз етуге тиіс» деді.
Ары қарай Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның оқу жүйесі білім беру қызметінің әлемдік рыногы мен еңбек рыногыиа
шығып келеді. XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның озі маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға да тиіс. Еддің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады. Жоғары оқу орындары арасында ғылым, экономика, бизнес жоне жоғары оқу орындарының өздері қажет ететін мамандарды даярлау жөнінде бәсекелестік осері сөзсіз. Сондықтан біздің университеттер бүгін таңда Батыста, Қазақстанның менеджмент жоне экономикалық болжам институтында оқығандардың неліктен бірінші кезекте қажет етіліп отырғанын ойластырғаны жөн.
Біз үздік жоғары оқу орындарын котермелеуге, ал өз міндетін орындамай отырғандарды жабуға немесе қайта үйым-дастыруға тиіспіз. Бір созбен айтқанда, біз қандай униве-рситетгер мен институтгарды сақтап қалуды, мемлекет қаржы-сына қандай мамандарды және қанша мөлшерде шығаруды нақты анықтауымыз қажет. Жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша және ең адцымен мектеп деңгейіндегі математика, физика бойынша дайындықтың деңгейі халықтың білімді-лігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады, деп атап өтті Президент. Ата-аналар өз балаларын өмірге дайындауға ерекше көңіл аударуға тиіс. Олар қазіргі балалар елдің бола-шағын анықтайтын, XXI ғасырдың ересек адамдары екенін -түсінуі қажет. Әлемдік экономиканың зандарын ешкім де өзгерте алмайды. Сондықтан белгілі бір білімі мен кәсіби білігі жоқ адамдар тиісінше жүмыс таба алмайды. Бүл — бүлжымас факт. Жоғары білім — мол табыс табудың, лайықты түрмысқа жетудің ең дүрыс жолы, сондықтан ата-аналар балаларын тәрбиелеу, оларға білім беру ісіне мейлінше жауапкершілікпен қарайтын болса, елімізде кедей адамдар да болмайды»деді.