Қазақстандағы адам дамуының міндеттері және білім жүйесі

Қазіргі білім беру жүйеміздегі ең күрделі мәселе — білім алудың үздіксіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Адам ғүмыр бойы үйренумен өтеді. Бір сәт оқымай қалдың ба, тоқырауға үшырайсың. Бүл орта мектепті жаңа бітірген жасөспірімге де, жоғары оку орнын тамамдаған маманға да, тіпті ғылыми атактың шыңына шыққан академикке де қатысты қагида. Заманмен болашаққа бірге адымдағың келсе, оқы да үйрен. Бірақ орта мектепті бітірген, жоғары оқу орнына түсе алмаған жасөспірім қайда оқиды, қажетті мамандықты қалай үйренеді? Бүрынғы кәсіптік-техникалық училищелер жабылған, қалғандары ақьшы оқыту жүйесінекөшкен. Өндіріске қажет орта буын мамандар даярлаудың орнына, жекеменшік оқу орындары заңгерлер мен эконо-; мистерді топ-тобымен шығарып жатыр. Олар қайдан жүмыс табады? Мүндай жағдайда, рынок озінен-өзі бәрін реттейді деп қол қусырып қарап отыру — жүзе білмейтін адамдарды асау теңізге лақтырып жіберіп, қызығын тамашалаумен бірдей күнә. Адамдарға бағдар беру, түсіндіру қажет. Кейін темір жонушы мен инженерді шетелден шакыртуға мәжбүр болмас үшін мемлекет те бүл істің жоспарлы жүргізілуіне мүдделік танытуға міндетті. Тиісті министрліктерге әр аймаққа болашақта қандай және қанша маман қажет болатынын есепке алып отыруға тапсырма беру керек.

Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының өмір сүруінің басты мәні жеке адамның байлыққа кенелуі немесе сауда-саттық емес, ғьшым мен білім беруді дамыту үшін мемлекет қазынасынан тыс қаржы тарту мүмкіндігін жүзеге асыру болуға тиіс. Бүл еліміздің рухани және мәдени әлеуетін арттыра түсуге жағдай жасар еді. Бүл орайда мемлекеттік емес кез келген оқу орны Қазақстан білім беру жүйесі шеңберіндегі біртүтас тачаптар мен стаңцартгарды үстанатын болса, Үкімет оларға лицензия беру тетіктерін қамтамасыз етуге тиіс» деді.

Ары қарай Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның оқу жүйесі білім беру қызметінің әлемдік рыногы мен еңбек рыногыиа

шығып келеді. XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның озі маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға да тиіс. Еддің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады. Жоғары оқу орындары арасында ғылым, экономика, бизнес жоне жоғары оқу орындарының өздері қажет ететін мамандарды даярлау жөнінде бәсекелестік осері сөзсіз. Сондықтан біздің университеттер бүгін таңда Батыста, Қазақстанның менеджмент жоне экономикалық болжам институтында оқығандардың неліктен бірінші кезекте қажет етіліп отырғанын ойластырғаны жөн.

Біз үздік жоғары оқу орындарын котермелеуге, ал өз міндетін орындамай отырғандарды жабуға немесе қайта үйым-дастыруға тиіспіз. Бір созбен айтқанда, біз қандай униве-рситетгер мен институтгарды сақтап қалуды, мемлекет қаржы-сына қандай мамандарды және қанша мөлшерде шығаруды нақты анықтауымыз қажет. Жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша және ең адцымен мектеп деңгейіндегі математика, физика бойынша дайындықтың деңгейі халықтың білімді-лігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады, деп атап өтті Президент. Ата-аналар өз балаларын өмірге дайындауға ерекше көңіл аударуға тиіс. Олар қазіргі балалар елдің бола-шағын анықтайтын, XXI ғасырдың ересек адамдары екенін -түсінуі қажет. Әлемдік экономиканың зандарын ешкім де өзгерте алмайды. Сондықтан белгілі бір білімі мен кәсіби білігі жоқ адамдар тиісінше жүмыс таба алмайды. Бүл — бүлжымас факт. Жоғары білім — мол табыс табудың, лайықты түрмысқа жетудің ең дүрыс жолы, сондықтан ата-аналар балаларын тәрбиелеу, оларға білім беру ісіне мейлінше жауапкершілікпен қарайтын болса, елімізде кедей адамдар да болмайды»деді.

Жаппай жоғары білімді болу бүл заманда үзілді-кесілді шарт болуға да тиіс емес. Республикамызда жоғары оқу орындарының саны 185-ке дейін жеткеніне қарамастан, бір дипломды мамандықпен жан сақтай алмастай күй кешкен немесе өз кәсібін нарық ыңғайына қарай икемдеуге мәжбүр кейбір адамдар қос-қостан диплом алу «науқаньш» әлдеқашан бастап жібергені де белгілі.

Біздің елімізде 1991-1992 жыддары 61 жоғары оқу орныңца 288,4 мың студент оқыса, 1998—1999 жылдары оқу орныньщ саны 144-ке көбейіп, онда 318,8 мың студент білім алыпты. Ал 2001-2002 жылғы оқу жылында 185 жоғарғы оқу орнында (оның 59-і мемлекеттік, 126-сы жекеменшік) 514,7 мың студент (оның 183,9 мыңы — мемлекеттік универси-теттерде, 330,8 мыңы жекеменшік ЖОО-да) оқыды деген мәлімет бар.

Қазақ сыныптарының оқушыларының білім дәрежесі төмен деуге болмайды. Мүны жьшда өткізілетін олимпиада, ортүрлі конкурс немесе, жоғары оқу орындарына түсу нөтижелері керсетіп отыр.

Қорыта келгенде уакыт талап етпейтін мамандықтарға қоғам қаражатын шығындаудың ешқандай мәні жоқ. Әрине, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін біраз қаржы керектігі,оның мемлекеттік бюджетте кемшін екенін де түсінбей отырғамыз жоқ, Алайда, бүдан шығудың жолы бар. Мысалы, жергілікті кәсіптік-техникалық мектепке, лицейлер мен коллледждерге ақшалы әр алуан кәсіпорындарды демеуші етіп тарту жолдарын қарастырған жөн болар еді. Бүл өзге техникалық жоғары оқу орындарында да қатысты мәселе деп білемін. Жалпы, ғылыми-техникалық прогресті айкын-дайтын мамавдыктарға күш-жігерді жүмыддырудың пайдасы зор болмақ. Әсіресе, кеміс балаларға ерекше назар аудару керек-ақ. Әрине, оларға қажет білім беру үйымдары ашылып жатыр. Бірақ кәдімгі мектептердегі оқыту тәжірибесі онда кемшін соғып жататынын мойындағанымыз жөн. Олардың қоғамға элеуметтік кірігуі мен бейімделуі үшін барлық жағдайды жасау қажет. Сондай-ак, арнаулы мектепироқуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін дистанциялық оқытуды енгізудің тиімді болатыны кімге де болса түсінікті шығар. Білім беруді басқарудың пәрменді тетіктері баршылық. Бүл ең алдымен лицензиялау тәртібі, яғни, оқу орындарын тіркеу және аггестациялау. Осы тетіктердің сөзсіз орывдалып отыруы сапалы білім берудің басты кепілі. Бір сөзбен айтқанда, үлт рухының байлығы болып есептелетін білім беру ісі Мемлекеттік «Білім» бағдарламасывда айкын корініс тапқан. Бүл ел болашағының иесі болатын үрпаққа жасалған үлкен қамқорлық деп білу керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру ісіне қатысы бар әр азамат бүл үрпақ алдындағы парызым деп үқса, қанеки.