Н.Ә. НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші тікелей бүкіл халықтық сайлауы болды, онда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Сайлауда ол сайлаушылардың 98,7 % дауысын алып, сенімді жеңіске жетті.

Н.Ә. Назарбаев – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан халқы Ассемблеясының Төрағасы, қазақтардың Бүкіл әлемдік Ассоциациясының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және бірқатар шет елдердің жоғарғы ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта айқын көрінетін көшбасшылық қасиеттері бар және өзін-өзі дәлме-дәл бағалай біледі. Бойында көшбасшылықтың харизмалық және дәстүрлі типтерінің сипаты үйлесім тапқан, прагматик.

Стратегия мен тактиканы талғаммен үйлестіреді, перспективті және бір сәттік мақсаттар арасында қайшылық туған жағдайда стратегиялық жоспарлауға жол береді. Сарапшылар Н.Ә. Назарбаевтың саяси өмірін талдай отырып, нақ осындай саяси-психологиялық бейне жасады. Ол тек ұлттық қана емес, әлемдік ауқымдағы саясаткер болып табылады. 90-жылдардың басында Қазақстанның басшысы болған кезде КСРО атақты көшбасшылары рейтингінде бірінші орын алды.

Н.Ә. Назарбаевты бүкіл әлем біледі, мойындайды және құрметтейді. Біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаю кезеңі соның есімімен байланысты.

Еліміздің тәуілсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі қазақ тілінің статусы мен беделін арттыру, оны қолдану аясын кеңейту бойынша жағдай жасап келеді. Өткен жылдардағы мемлекеттік тілді қолдану аясының айтарлықтай кеңеюі Президентіміздің табандылығының, талапшыл-дығының арқасында мүмкін болды. Оның «Қазақ – қазақпен қазақша сөйлесу керек», «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген сөздері қанатты сөздерге айналды. Биылғы жылы ол қазақ тілді басылымдардың басшыларымен сұхбаттасты, онда қоғамдағы қазақ тілінің орны мен ролі туралы, оны дамыту мен жетілдірудің негізгі жолдарына толығырақ тоқталды.

Егемендік алған жылдар ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Президенттің аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарында үнемі ізденісі Қазақстанның дамуына ғана ықпал етіп қоймай, басқа елдермен өзара қарым-қатынас кепілдігі ретінде де қызмет етеді. Біздің мемлекетіміз қазіргі таңда экономикалық реформаны жүргізу аймағында көшбасшы болып табылады. Қазақ халқында ежелден қоғам көшбасшысын сый-құрметке бөлеген. Н.Ә. Назарбаевты бүгінгі күні мемлекеттің негізін қалаушы, ұлт атасы ретінде мақтаныш етеді. «Назарбаев» пен «Қазақстан» деген сөз синоним болып қалды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты халық жақсы көруімен қатар, мақтаныш та етеді!

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, тәжірибелі көшбасшы бола тұра, экономикалық және саяси жетілдіру арасында, сыртқы және ішкі саясаты арасында, еліміздің жуық және ұзақ мерзімді мүдделері арасында соншалықты қажет тепе-теңдікті таба білді. Бұл оған маңызды стратегиялық мақсаттардан ауытқымастан елімізді алып шығуға мүмкіндік берді. Басты мәселе ретінде Тұңғыш Президент берік экономикалық негіз салу міндетін алға қойды, онсыз кез келген демократиялық түрлендірулер үстірт және тіршілікке қабілетсіз болып қалу қаупі бар. Алдымен экономика, сосын саясат – президенттік бағыттың лейтмотиві осындай болды, әрі бұл бағыт өзін толық ақтады. Тұңғыш Президенттің күшті әрі сенімді қолы жетелеген Қазақстан — экономиканы реформалауда, жаңа заманғы банктік-қаржылық, салықтық жүйені, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін құрудың көптеген өзекті мәселелеріне алғашқы із салушының өзі болды.

Осы мазмұны мен рухы бойынша либералдық түрлендірулер нәтижесінде Қазақстанда жігерлі және жаңаша ойлайтын бизнес-элита қалыптасты, барлық қажетті экономикалық және қаржы институттары құрылып, нығайтылды, орта кластың қалыптасуы басталды, миллиондаған азаматтар жеке тұрғын үй алды. АҚШ пен ЕЕ алғашқылардың бірі болып Қазақстан экономикасының нарықтық сипатын мойындауы тегін емес, ал Қазақстанның жинаған ең құнды тәжірибесі тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, одан тыс алыс қияндарда да талап етілген болып табылады. Осының бәрі елімізге инновациялық экономиканы құру саласында анағұрлым күрделі және қиын міндеттерді жүзеге асыруға көшу және әлемнің 50 анағұрлым бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына біртіндеп енуге талаптану мүмкіндігін берді.

Соншалық маңызды бастапқы тұрақтандыруға қол жеткізіп, стратегиялық жоспарлау бағытын алған Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте бірінші саяси көшбасшы болу фактісінің маңызы да аз емес. 1997 ж. қазанында-ақ Президент Н.Ә. Назарбаев еліміздің халқына жыл сайынғы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайын жақсарту» жолдауымен үндеу тастады Ол онда үшінші мыңжылдықта мемлекет пен қоғамның даму Стратегиясын белгіледі [1, 81-б].

Осылайша, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет болып құрылды, оның халықаралық аренада, әлемдік саясаттың ықпалды және беделді қатысушысы ретінде, жаһандық әлемдік шаруашылық байланыстарда маңызды рөл атқаратын ел ретінде өз келбеті мен тәртіп стилі бар. Қазақстан айтарлықтай күйзеліссіз, қан төгіссіз және азаматтық қайшылықтарсыз КСРО-ның құлдырауына байланысты дағдарыстық құбылыстарды қысқа тарихи мерзім ішінде жеңіп шығып, егеменді мемлекетке барлық қажетті атрибутын жасау фактісінің өзі — Тұңғыш Президенттің есімін отандық тарихтың анналдарына енгізуге жеткілікті негіз болып табылады.

Жаһандық дәуірдің күрделі дағдарыс жағдайларындағы жаңартылған түрлендірулерді табыспен жүзеге асыруы, күшті және динамикалық түрде дамыған мемлекет құруы Н. Назарбаевты — Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Дэн Сяопин, Махатхир Мохамад және т.б. сияқты көрнекті реформаторлар-мен бір қатарға қояды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткері ретінде маңызды сипаты — стратегиялық түрде ойлай білуі, практикалық саясатта халықаралық өмірдің негізгі мегатрендаларын, оның ішінде әлемнің ЕЕ мен АТР бастап Латын Америкасы мен Таяу Шығысқа дейінгі барлық аймағында практикалық түрде байқалатын шоғырландыруға жалпыға бірдей бағытты сезімталдықпен түсініп, ескере білуі болып табылады. Осы қаталдықпен және прагматизммен ұштасқан көрегендік қасиеті оны, ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында жаһандық дәуірдің толқынды теңізінде жалғыз-жалғыздан табыспен құлашын сермеу мүмкіндігіне қатысты кейбір елес қуған посткеңестік дәуір саясаткерлерінің үлкен саңлақтарының арасынан бірден ерекше етіп көрсетеді. Тұңғыш Президентіміздің сөзімен айтқанда «шапқылау инерциясы біздің шоғырлануға салған күшімізден күштірек болды». Сондықтан көптеген посткеңестік көшбасшылар 1994 жылы 29 наурызда Н. Назарбаевтың М.В. Ломоносов атындағы ММУ сөз сөйлеу барысында тұжырымдалған, түрлі жылдамдықтағы және көп деңгейлі шоғырлануды дамытуды, «шоғырландыру орталықтарын» өзінше қалыптастыруды болжайтын еуразиялық бастамасына толық сәйкес және уақытылы жауап берген жоқ. Н.Ә. Назарбаев шоғырландыру бастамаларын алға жылжытып қана қоймай, оларды практикада табанды түрде, біртіндеп жүзеге асыратыны, әсіресе, маңызды. Көбінесе, оның беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық шоғырландыру локомотивінің біріне айналды. Қазақстан, нақты жетістіктер мен шешілмеген мәселелердің көптігінен туған жүйелі дағдарысты өткерген ТМД-н реформалау инициаторы болды. Қазақстан ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысының күн тәртібін қалыптастыру кезінде прагматикалық тәсілді ұстануды ұсынды. ҚР Президентінің пікірінше, Ынтымақтастықтың барлық мүшелерінің мүдделеріне қатысты, «бір жыл – бір тақырып» принципі жөнінде мәселелер бойынша ғана жұмыс жүргізу қажет. Сондықтан ТМД қазіргі кездегі қызметінің бірінші жоспарына — көші-қон, транзиттік-көлік инфрақұрылым мен электр энергетика-лық жүйелерін дамыту сияқты мәселелер қойылды [2].

Н.Ә. Назарбаев – халықаралық ауқымдағы саясаткер. Аналитиктер бірауыздан, ол XX ғасырдың 90-жылдарында қарапайым мемлекет қайраткерінің шеңберінен шығып кеткенін атап айтты. Олар – ол, ұлттық саясаттың тар шеңберінде тұйықталып қалмас үшін шынайы стратег ретінде ауқымды кеңістіктік және уақыттық категориялармен ойлайды. Олардың пікірінше, Қазақстанның тұңғыш Президенті әуел баста жаһандық саясатқа ұмтылған және Қазақстанды әлемдік саясаттың жоғарғы эшелонына енгізу үшін барлық қажетті күшін салуда. Шынында да, Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бағытының негізгі принциптері Қазақстан тәуелсіздігі таңының жаңа ата бастаған кезінде, жас мемлекет сыртқы саясат саласында күрделі мәселелермен бетпе-бет кездесіп, бірақ осыған орай шетелдерде бір де бір дипломатиялық өкілеттілігі, сыртқы саяси мәселелер бойынша қарапайым атқарылған жұмысы жоқ және біліктілігі бар дипломатиялық кадрлар тапшылығын өткерген кезде тұжырымдалған [3].

ҚР тұңғыш президенті– экологиялық, энергетикалық, азық-түлік және т.б. ең маңызды жаһандық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясы барысында ол БҰҰ шеңберінде, экологиялық апаттармен күресу механизмін жасап шығару процесін тездетуге арналған әлемдік энергетикалық мәселелер Тізімдігін жасауды тағы да бір рет ұсынды. Сонымен қатар, Н. Назарбаев БҰҰ шеңберінде Жаһандық энергиялық экологиялық стратегияны құрастыруды және оны 2012 жылғы тұрақтылықты дамыту жөніндегі Бүкіл әлемдік саммитте талқылауды ұсынды.

Қазақстан жаһандық энергетикалық баланс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапкершілігін мойындайды. Жеке алғанда, тұтынушыларға энергия тасымалдаушыларды жеткізуді одан әрі диверсиялау, сондай-ақ энергиялық ресурстарды өндірушілер үшін кепілдік беру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев энергия жеткізу тұрақтылығының Еуропалық пактісін қабылдауды ұсынды [4].

VII Еуропалық медиа-форумда, сондай-ақ СЭФ форумында Таяу Шығыс жөнінде сөйлеген сөзінде біздің мемлекетіміздің Басшысы әлемдік қауымдастықтың назарын, өнімдерді тұтынудың артуы, биоэтанол өндірісінің өсуі мен климаттың өзгеруі сияқты бірнеше факторлардың нәтижесінде асқынған әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне аударды. Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша, тек соңғы үш жыл ішінде тамақ өнімдерінің әлемдік құны 83 пайызға өсті. Әлемнің 40-қа жуық елі азық-түліктің жетіспеушілігін сезінеді және көмекті қажет етеді. Осыған орай тұңғыш Президент, бүгінгі таңда көшбасшы елдерден, тұтас алғанда әлемдік қауымдастықтан кооперацияның жаңа түрлерін жасап шығару жөнінде батыл әрекеттер талап етеді, олар барлық әлемдік экономиканың дамуын тұрақтандырып, жаһандық диспропорцияны жеңе алады.

Тұңғыш Президент өркениет диалогын дамытуды белсенді қолдаушы болып табылады. Оның энергиясы мен табандылығы арқасында 2003 және 2006 жылдары Қазақстанда, өзара түсіністік табуға және планетамыздың «қайнаған ортасында» дін аралық шиеленісті тарқату механизмдерін қалыптастыруға арналған әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші және екінші Съезі өткізілді.

Тұтас алғанда, Қазақстанның тұңғыш Президенті халықаралық қарым-қатынастың жаңа сәулетін қалыптастыруға, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, әрі жаһандық мәселелерді шешу мен өркениет аралық диалогты жақсартуда айтарлықтай үлес қосып келеді. Кейбір шетелдік политологтардың Н.Ә. Назарбаевтың планетарлық миссиясының анағұрлым беделді әлемдік саясаткерлер санына бұрыннан енгені туралы айтуы тегін емес.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бірегей саясаткер. Шынында да, саяси тәжірибе мен энергияның, теория мен практиканың, интуиция мен парасатты есептіліктің тоғысуы жаңа заманғы әлем тарихында жиі кездесе бермейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, қатаң жағдайларға қарсы жүруге, көпшілікке мәлім емес, бірақ өмірлік қажетті шешімдерді қабылдауға дайын саясаткерлердің тым шағын санына жатады. Ол популизмнің кез келген көрінісін жоққа шығарады, әрі мемлекеттік және қоғамдық өмірдің аса зәру мәселелері туралы ашық айтады. Саяси жобалардың нағыз генераторы бола жүріп Н.Ә. Назарбаев жаңа идеялар мен жаңа тәсілдерге, оны өзінің жақтаушылары ма немесе саяси оппоненттер ме — кім алға қоятынына қарамастан, ерекше зеректік танытады.

Көзқарасының осындай кеңдігі ҚР Тұңғыш Президентіне тек елін тиімді басқаруға ғана емес, уақыттан озып, ұзақ мерзімді болашақты ойластыруға, он жыл бұрын алға жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Ол қазіргі саяси және экономикалық конъюнктура туралы ғана емес, сондай-ақ Қазақстан 30-50 жылдан кейін қандай болатыны, ол келешектегі күрестер мен қауіптерге қарсы тұруға қабілетті бола ма – сол туралы ойластырады. Ол бұлыңғыр болашақ тұрғысынан бүгінгінің түбірі туралы талқылайды, ел ішіндегі және халықаралық аренадағы одан арғы стратегияны құрастырады [5].

Барлық осы қасиеттері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халықаралық ауқымдағы нағыз талап етілген және беделді саясаткер етіп көрсетеді. Оның пікіріне әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары, ықпалды халықаралық ұйымдардың басшылары мен әлемдік бизнес-элита өкілдері ықыласпен құлақ қояды. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саяси табыстарындағы арыстандай үлесі оның көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың жоғарғы беделі мен жеке басының ықпалының арқасында болды деп батыл айтуға болады. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің феномені – жеке тұлғаның ұлттық және әлемдік тарихтағы ерекше рөлі туралы тағы бір ойлануға тұрарлық себеп. Біз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты бірегей және ауқымды тұлғаға лайықты бағасын беруіміз керек, оның әлемдік қауымдастықта өз еліне және өз халқына лайықты орын қамтамасыз еткен жарқын саяси қайраткер, табысты реформатор және көреген стратег ретінде тарихқа енетініне еш күмән жоқ.