Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары және оның белсенді сыртқы саясаты.
Бүрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылғы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшыларының Ашгабад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күщ-жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтасайқындама түжырымдаудыц және Орталық Азия мен славян республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бүрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз Мемлекетгер Достасты-ғының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол койды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің наклы тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдермен озара тиімді және ұтымды қарым-кдтынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі есе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халық-аралық үйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік женіндегі кепіддігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық карусыз мемлекет мортебесіне ие болу еді. Бүл үстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралык, аренада еліміздің мөртебесін котерді. Еуразия одағын қүру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨЫСШК) шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықа-ралық үйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандары-мызға айқын дәлел бола алады.
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңцап алған көпвекторлы саясаттың д үрыстығын осы он жылда жинақтал-ған тәжірибе шын мөнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында үлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын үлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер түрған болса, қазірде аталған бағыттарда айтарлықтай жүмыстар атқарыдды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, өлемдегі экономикалық қатынастарды жетіддіруге, түтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып қалып отыр.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталандырды.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дигіломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жүмыс істейді. Резиденциялары Қазақстаннан тыс жерде шоғырланғанымен, елімізде тіркелген елшілер саны — 37. Ал Қазақстан Республикасының шетелдерде 47 елшілігі мен дишгоматиялық миссиялары жөне консулдық окілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықа-ралық үйымдардың саны — 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді «Қауіпсіздік белдеуін» жасай адды.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бүл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998 жылы шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің қүқықтық проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002—2003 жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресейдің экономикалык. ынтымақтастық 10 жылға арналған шарт жасалды, қаржы мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге қол қойылды2.
Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние-жүзілік ірі проблемалардьщ бірі — Касітий теңізінің мөртебесін айқындау. Ел президенті алғашкы кезден бастап принципті бағыт үстады, оз айқындамамызды корғап қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған келісімнен өз көрінісін тауып отыр.
Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді түрде жүмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі үлттық секторлар координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлайды. Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің зандық мәртебесі жөніндегі екіжақты және копжақты келіссөздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының Қазақстанның стратегиялықмүдцелеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін ұдайы есте сақтауда1.
Өзара сенімге негізделген баянды ынтымақтастық Қазақ-станға да, Ресейге де қажет. Біздің елдеріміздің халықтары өзара қарым-қатынастың одақтастық пен серіктестікген басқа түрлерін қабылдамайды.
Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастыққа қанағаттанғандық білдіру үшін бізде барлық негіз бар. Олармен Мәңгі достық туралы шарттарға кол қойылды. Біз бүл қүжаттар аймақтық түрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосылған маңызды үлес болып табылады деп есептейміз.
Қазақстан 1997 жылғы маусым айында Мәскеуде қол қойылған тәжікаралық бейбіт келісімдердің кеіфіі ретінде Тәжікстаңда берік азаматгық татулық орнатуды үдайы жақтап келеді. Бүл бүкіл Төжікстан аумағына бақылау орнатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстре-мизмге, халықаралық терроризмге, үйымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жүмыс істей бастаған Орталық Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптас-қаны қуантарлық жәйт.
Мемлекетаралық интеграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Ощүстік-Шығыс Азияда орталық экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктер жүмыс істейді. Осындай ынтымақтастықтан бас тартудың ешқандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы және түтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да осындай бағыттарды өмірге енгізбекші.
Бүрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі әлемдік энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, келік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде дамытуға объекивті түрғыдан бейімділік танытып отыр. Үлы Жібек жолын қайта түлетуге де көптеген мемлекет мүдделік білдіруде.