ХІХғ соңғы ширегі мен ХХғ басындағы халықаралық жұмысшы және социалистік қозғалысы

Халықаралық жұмысшы партияларының бірлестігі – ІІ Интернационал 1889 жылы құрылған.Оның құрылуының алғышарттары:ХІХғ 70 жж монополизмге дейінгі капитализмнің империализмге өтуі, Еуропа мен Америкада жұмысшы табының саяси партияларының құрылуы, маркстік идеялардың кеңінен таралуы.80 жж соңында бұрынғы социалистік партиялардан басқа ( ең мықтылары Германия мен Францияда) Еуропаның бірқатар елдерінде (Бельгия, Швейцария, Испания, Италия,Швеция, Норвегия) , Ресейде маркстік «Еңбекті азат ету» және маркстік үйірмелер пайда болды.Интернационалдық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылыс күшейді.

Жаңа социалистік бірлестікті құруда үлкен рольді Ф.Энгельс атқарды, сонымен қатар 1-ші, 2-ші (1889, 1891) конгрестердің дайындығына атсалысты, ал 3-ші конгреске өзі қатысты.

Бірінші конгресс (құрылтай) марксистер париж қаласында 1889 жылдың 14-21 шілде аралығында өткізді.Оған 393 делегат қатысты, олар сол кезде қызмет еткен Еуропа мен АҚШ-тың барлық ұлттық және социалистік ұйымдардың өкілдері еді.Екінші конгресс 1891 жылдың 16-22 тамыз аралығында Брюссель қаласында өтті.Жұмысшы табының милитаризмге көзқарасы туралы К.Либкнехттің резолюциясы қабылданды.Онда соғыстар капиталистік құрылыстың нәтижесі және тек ғана социалистік қоғам халықтарға бейбітшілік алып келетіні, милитаризм жойылатындығы айтылған.Резолюция соғысқа қарсылық көрсетуге шақырады.Конгресс жұмысшы табының экономикалық және саяси күресті қатар жүргізуін мақұлдап, анархистік тактикаға қарсы шықты.Үшінші конгресс 1893 жылдың 6-12 тамыз аралығында Цюрих қаласында өтті.Конгресс анархистер тактикасына қарсы шығып, ІІ интернационал қатарында тек ғана саяси күресті мойындайтын жұмысшы партиялар болады деген шешім қабылдады.Г.В.Плехановтің соғыс болған жағдайда пролетариаттың тактикасы туралы баяндамасы бойыншаБрюссель конгресінің шешімдерін мақұлдаған резолюция қабылданды.Конгресс социалистік партияларды парламенттерде әскери несиелерге қарсы дауыс беруге міндеттеді.

Төртінші конгресс 1896 жылдың 27 шілді-1 тамыз аралығында Лондон қаласында өтті.Осыған дейін өткен конгрестердің шешімдерін мақұлдады.

Лондон конгресі ІІ Интернационалдың қызметінің бірінші кезеңін аяқтайды.Оның негізгі нәтижесі жұмысшы қозғалысында марксизм гегемониясының орнауы.

Бесінші конгресс 1900 жылдың 23-27 қыркүйектері аралығында Париж қаласында өтті.Конгресс нәтижесінде Мильеран резолюциясы қабылданды, ол ІІ Интернационалда және кейбір партияларда оппортунизм ықпалының күшейгенін көрсетті.Конгресс Халықаралық социалистік бюро құрды.

Алтыншы конгресс 1904 жылдың 14-20 тамыз аралығында Амстердам қаласында өтті.Әлемнің барлық континенттерінің социалистік партияларының және РСДРП өкілдері қатысты.Конгресс Ресейдің жұмысшы табының күресінің халықаралық маңызын мақұлдаған резолюция қабылданды.

Жетінші конгресс 1907жылдың 1907 Штутгартта өтті.Конгресс жұмысына алғаш рет большевистік делегацияны басқарған В.И. Ленин қатысты.Жалпы Штутгарт конгресі социалистік партиялардың тактикасының айқындалуында үлкен роль атқарды.

Сегізінші конгресс 1910 жылдың 28 тамыз- 3 қыркүйек аралығында Копенгаген қаласында өтті.Социалистік партиялардың бірлігі туралы мәселесі бойынша ұлттық деңгейде социалистердің барлық ағымдарының бірігуін талап еткен резолюция қабылданды.

1912 жылы Балқан түбегінде әскери дағдарыс басталды.Осы жағдайда 1912 жылы 24-25 қарашада Базельде тоғызыншы конгресс өтті.Бір ауыздан қабылданған Базель манифестінде барлық социалистік партиялардан империализмге қарсы күресті талап еткен резолюция қабылданды.1912 жылдың соңында ІІ Интернационалдың қатарында 3787 мың мүше , 23 мемлекеттің 27 социалистік партиялары,болды, оған қоса кәсіподақтар қатарында 11 млн. Мүше болған.

1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Халқаралық социалистік бюро қызметін тоқтатты.ІІ Интернационал мен социал-демократиялық партиялар, социалистік партиялар арасындағы байланыс үзілді.ІІ Интернационалда өз қызметін тоқтатты.

Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында социалистік партиялар халықаралық социалистік бірлестіктер құру әрекетін жасайды.Олар Берн Интернационалын (1919-23жж),Интернационал 21/2 (1921-23жж),Социалистік жұмысшы интернационалы (1923- екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қызмет етті) құрылды.