ХХ ғасыр басында латынамерикасы елдерінің өздерінің капиталистік даму ерекшеліктеріне қарай саралануы байқалды. 1914 жылы бірінші орынға Аргентина шықты. Мұнда қала тұрғындары (негізінен Еуропадан келген) халықтың 50 пайызын құрады. Уругвай, Бразилия, Куба, Венесуэла, Чили де осы деңгейде еді. Өздерінің капиталистік дамуында көбірек артта қалған елдер Перу, Боливия, Мексика болды, бұларда капитализмге дейінгі қатнастардың тамыры әлі де тереңде жатқан еді.
Латын Америкасы халықтарының өзгерістер үшін күресі. Латын Америкасында ХІХ ғ. Соңы мен ХХ ғасыр басындағы прогрессивтік даму үшін әлуметтік қозғалыстың басты бағыты либералдық және радикалдық партиялардың консервативтік-олигархиялық күштерге қарсы күресі болды. Олар әр түрлі көтерілістер, төңкерістер, азаматтық және мемлекет аралық соғыстар, реформалар саясаты формасында жүргізіліп жатты. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр бүкіл барысында бұл құбылыс латынамерикалық мемлекеттердің басым көпшілігіне тән болды. Тек ХІХ соңы мен ХХ ғасыр басынада ғана ірі елдерде конституциялық режимдер бекіді.
Аргентина радикалдары билеуші олигархтарға қарсы 1890, 1893, 1905 жж. Бірнеше рет көтеріліс шығарды, тек қана 1912 жылы жалпыға бірдей сайлау құқығын иеленіп, 1916 жылы сайлауда жеңіске қолдарын жеткізіп, демократиялық республика режимін орнатты.
Уругвай ХХ ғасыр басына дейін толассыз азамат соғысын басынан кешірді, тек 1903 жылы ғана елде түпкілікті демократиялық және әлуметтік реформалар жүргізіліп, тұрақты конституциялық режим орнатылды.
Бразилияда құлдықты жою (1888), монархияны құлату (1889) және 1889-1891 жж. Революциядан соң республика орнатылды, бірақ олигархтық топтардың билігі басым болды.
Чилиде ХІХ ғасыр аяғында президент Хосе Мануэлб Бальмаседаның солшыл либералдық үкіметі ұлттық экономиканы қорғау туралы заңдар қабылдаттырған болатын. Олигархияның зорлық-зомбылғын ауыздықтауға бағытталған бірсыпыра шаралар қабылданды,еңбекшілердің мүдделерін қорғайтын шаралар іске асрылды, клерикалдарға қарсы саясат жүргізді.
ХХ ғасыр басынада құрлықта орын алған ең басты уақиға Мексика революциясы болды.
1910-1917 ж.ж. Мексика революциясы. ХХ ғасыр басында Мексика күрдері саяси дағдарысты басынан кешірді. Мексиканы 1877 ж. бері басқарып келе жатқан диктатор Диастың саясаты елді әлуметтік жарылысқа әкеп соқтырды. Елдегі саяси дағдарыс президент Диастың 1910 жылы кезекті сайлау науқанына байланысты шиеленісе түсті. Өткен уақыттарда мұндай сайлаулар Диасқа біркісідей дауыс беруді қамтамасыз ететін. Бұл жолы буржуазиялық оппазицияныңөзінің балама кандидаты болды. Оппозицияның көсемі көптеген металлургиялық, тоқыма және басқа да кәсіпорындардың иесі, бай жериеленуші мен капиталистің баласы Франциско Мадеро (1873-1913) еді. Мадеро АҚШ пен Францияда білім алды.
Сайлау алдында диктатор Диас Мадероны тұтқынға алып, оны бүлік ұйымдастырды деп айыптап, сотқа берді. Кепілдікке босатылған Мадеро АҚШ-қа қашты. Әрине, сайлауда бұл жолы да Диас жеңді.
Оппазиция күресінің басқа түрі — қарулы күреске дайындалуға кірісті. Мадеро құжат жариалап, онда 26 маусымда өткен президент сайлауын дұрыс емес деп айыптап, 1910 жылы 20 қарашада қарулы көтеріліс жасауға шақырды. Жаппай көтерілістер мен қақтығыстар әскери бөлімдерді де қамтып, Мексика революциясыныңбасталғанын паш етті.
Мексиканыңоңтүстігінде Эмилиани Сапатаның (1869-1919) партизандық армиясы әрекет жасады. Сапата шаруа отбасында дүниеге келді. Өзі тұратын деревниядағы шаруалардың жерлерін помещиктердің зорлық пен тартып алғанына ашу ызасы келеген Сапата көтеріліске басшылық етті.
Мадеро Диасты құлату үшін күрескебастағанда Сапата оған қосылып, революциялық армияның генералы деген атақ алды. Мексиканыңсолтүстігінде Чиуаау штатында шаруалар көтерілісін Панчо Вилья (1877-1923) басқарды, ол да Мадероны қолдап, генерал атағын алды.
Шаруалар қозғалысы мен қала жұмысшылары және орта топтардың әрекеттерінің арқасында Мадеро 1911 жылы 7 маусымда Мехикоға келіп кірді. 83 жасар диктатор Диас елден қашуға мәжбүр болды. 1911 жылы 2 қазанында Мадеро Мексикаға президент болып сайланды.
Мадеро шаруаларға олардан тартып алынған қауымдық жерлерді қайтарып береміән деген уәдесінен бас тартып, шаруалар армиясының қарусыздануын талап етті. Сапата мен Вилья шаруалардың талаптарын қолдап, қарусызданудан бас тартты. Мадеро оларға қарсы күрес бастады.
Генерал Уэртаның басшылығымен контрреволюциялық төңкеріс жасалынды. 1913 жылы 18 ақпанда Мадеро тұтқынға алынып, артынан өлтірілді.
Диктаторлық режимнің қалпына келтірілуі елде жаппай қарсылық туғызды. Сапата мен Вильяның шаруалар армиясы бірікті. Уэртаның әскери хунтасын құлатуда шешуші ролді шаруалар отрядтары атқарды. Көтерілісшілерастананы қоршауға алды. 1914 жылы шілдеде Уэрта биліктен бас тартты.
Веракрус қаласында азаматты билік басшысы ретінде Уэртаға қарсы күресті бірінші болып бастаған Венустиано Каррансаорныққан болатын.
1917 жылы олар негізінен Шаруалар көсемі Сапата мен Вильяның өмірлері де қайғылы аяқталды, екеі де жалдамалы жендеттердің қолынан қапыда қаза тапты.
Карранса үкіметі шетел капиталының елдің шаруашылық өмірі мен экономикасына ықпалын тежейтінбірсыпыра шараларды қолдады. Ол жұмысшы қозғалыстарына әлуметтік реформаларға уәде беруді ереуілдер мен толқуларды күшпен басу әрекеттерімен ұштастырды.
Құрылтай жиналысын шақыру мен жаңа конституцияны қабылдау революцияны аяқтады. Құрылтай жиналысындағы демократияшыл қанат күрестер мен келісімдер нәтижесінде сол кездегі ең алдыңғы қатарлы конституцияны қабылдатты. Жиналыс оны 1917 жылы 31 қаңтарында қабылдап, 1917 жылы мамырында ол күшіне енді.
Конституция басқарудың республикалық формасын белгіледі. Ол елді басқарудың тұрақты демократиялық жүйесінің негізін қалады.
Латын Америкасы ХХ ғ. басында.
ХХ ғасыр басында Латын Америкасында 60 млн. Аса халық тұрды. 20,6 млн шаршы километрлікұлан-ғайыр территорияда 20 тәуелсіз мемлекет өмір сүрді. Олардың 18-і испан тілдес, Бразилия-португал тілдес және Гаити-француз тілдес еді. Бұлардың ішіндегі ең ірілері және салыстырмалы күшті дамығандары Бразилия, Мексика, Аргентина болды. Олардың үлесіне территорияның 2/3, халықтың 60 % тиді.
Латын Америкасының қоғамдық дамуына лантиноамерикандық ұлттардың қалыптасу ерекшеліктері үлкен әсер етті. Ұлттар әдетте мемлекеттік шеңберлердеәртүрлі нәсілдік-этникалық бөліктерден құрылды. Үндістер, еуропалықтар отаршылар, Африкадан шыққандар белгілі бір әлуметтік-экономикалық, территориялық, мемлекеттік одақттастардың шеңберінде ұлттардың қалыптасуына негіз болды. Алуан түрлі дәстүрлер, мәдениеттер, әдет-ғұрыптардың өзара әсерлері үндістік, негрлік, еуропалық белгілерден өзара ерекшеліктері. Бар мәдени этникалық қорытпа түзді.
Латынамерикалық республикаларыдың әлуметтік-саяси тарихының ерекше белгісі отаршылдық кезеңінде провинциалдық тұйықтылық пен ХХ ғ. Азамат соғыстары жағдайында қалыптасқан патриархалды-патерналық дәстүрлер болды.
Латынамерикандық қоғамдық өмірде католиктік шіркеудің ролі күшті болды. Латын Америкасында дүние жүзіндегі католиктердің жартысынан көбі тұрады.
Латын Америкасыныңдаму ерекшеліктерікөп жағдайда қоғамдағы қайшылықтардың күрделі түйінделуіне ықпал жасады.