ХІХ соңы ХХғ басындағы Ресейдің экономикалық жағдайы

Экономикалық жағдайы. ХІХ ғасырдың соңы емн ХХ ғасырдың басында Ресей экономикасы күшті қарқынмен дамыды. Бұл елде 60-70 жж. Іске асырылған реформалардың нәтижесі еді. Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі жөнінен Ресей дүние жүзінде бесінші орынға шыөты.

Ресейдегі монополистік капитализмнің ерекшелігі сол, өнеркәсіп пен қаржы-банктік жүйенің жоғарғы қарқынмендамығанына қарамастан, ол жалпы алғанда артта қалған ауыл шаруашылақты ел болып қала берді.

Ресей ауыл шаруашылығындағы Батыстың басқа алдыңғы қатарлы елдеріндегідей каиталистік жолмен жедел дамып кете алмады, оған деревнияда орын алып отырған помещиктік жер иелену және шаруалардың жерді қауымдасып пайдалану жүйелері кедергі болды.

1905-1907 ж.ж. бірінші орыс революциясынан соң патша үкіметі бір сыпыра реформалар жасауға мәжбүр болды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар Министрлер кеңесінің төрағасы А.П.Столыпиннің атымен байланысты. Бінеше патша жарлықтарына сәкесшаруалардан алынатын жер сатып алу төлемдері жойылды. Оларға қауымнан шығуға рұқсат берілді., мұндай жағдайда оның қауымдық жерлерінен тиесілі үлесі сақталып қалды. Жарлық тиімді әрі өнімді жеке шаруа қожалықтарын құрып, оларға әр түрлі қолдау көрсетіп, патша үкәметінің сенімді тірегіне айналдыруды көздеді. Стольпин реформаларының негізінде іске асырылған көші-қон саясатының барысында Сібір мен Орта Азияға 1906-1914 жж. Арасында 3 млн шаруалар қоныс аударып, оларға жергілікті халықтардың ең шұрайлы жерлері тартып алынып берілді.

Сыртқы саясаты: ХІХ ғасырдың 90-жж. Ресей өзінің сыртқы саясат бағытын өзгертті. Германияның дүние жүзін қайта бөлуге бағытталған экспансиялық әрекеттеріне қарсы тұру мақсатымен ол Англия жәнен Франциямен жақындасты. Құрамында Германия, Австро-Венгрия және Италия бар Үштік Одаққа қарсы бағытталған, кейінен Антанта деп аталған бұл мемлекеттердің болашақ одағының негізі осылай қаланған олатын.

БалқандаГермания мен Австро-Венгрияның ықпалының артуына байланысты Ресей өз назарын енді Қиыр Шығысқа адаруға мәжбүр болды. Ресейдің Қытайдағы белсенділігінің артуы (Порт-Артурды жалға алу, орыс әскерлерін Маньчжурияға енгізу, Қытай Шығыс темір жолын салу) осы аймақтажетекшілік рол атқарудан үміткер жапония тарапынан наразылық туғызды. Батыс елдерінің қолдауына арқа сүйеген Жапония 1904 ж. 27 қаңтарда Порт-Артурда тұрған орыс кемелеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. 1905 жылы қыс-көктем аларындажапондықтар Кореяға басып кіріп, Маньчжурияда шабуылға шықты.1904 жылы тамызында Ляонян-Артурды қоршау 1904 жылы жазынан 1905 жылдың қысына дейін созылды. Қорғаушылардың ерлігіне қарамастан, 1905 жылы 2 қаңтарында Порт – Артурды бөлуге мәжбүр болды. 1905 жылы маусымда Цусима аралының маңында жапондықтар вице-адмирал Рождественский бастаған орыс эскадрасын талқандады. Цсиумашайқасыаяқталғандығын білдірді. Россия онда жеңіліс тапты.

Бірінші орыс революциясы. 1904 ж. Соңына таман Ресейдің революциятабалдырығының алдында тұрғандығы айдан айқын болды. 1905 жылы 3 қаңтарда Птилов зауытының жұмысшылары ереуілге шықты. Келесі күндері оларға басқа да зауыттар мен фабрикалардың жұмысшылары қосылды. 8 қаңтарда жұмысшылардың жиналысына патшаның атына петиция жазып, өздерінің мұң-мұқтаждарын және елде демократиялық бостандықтар енгізу туралы талаптарын жеткізуге шешім қабылдады. 9 қаңтарда осы өтініштерін патшаға тапсыру үшін аттанған жұмысшылардың бейбіт шеруін патша әскерлері оқ боратып қарсы алды. Көптеген адамдар оққа ұшты не жараланды. Тарихқа бұл күн «қанды жексенбі» деген атпен енді. 1905 жылы қазанында жаппай саяси ереуіл шығып, оған бүкіл елде 2 млн аса адам қатысты.

Революциялық қозғалыстың қарқынынан зәресіқалмаған патша үкіметі 1905 жылы 17 қазақннда манифест жариялап елде демократиялық реформалар жүргізуге уәде берді. Бірақ бұл революция тосқауыл бола алмады, жұмысшылар қозғалысы одан әрі өрлеп , Мәскеуде ол қарулы көтеріліске ұласты.

Бірақ түрлі себептерге байланысты революция жеңіліс тапты. Бұған басты себеп жұмысшылар мен шаруалар одағының әлі де әлсіздігі, армияның көпшілігінің патша укіметінің жағында болуы және революцияны басқарушы саяси партиялардың араларында ауызбіршіліктің жоқтығы болды.